Read Әйүп Chapter 32 Online
Read Әйүп Chapter 32 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 32
Тарау 32
1. Әйүп өз ойынша әділ болып, сонысын айта берген соң, сол үш адам оған жауап берулерін тоқтатты.
2. Рамның әулетінен шыққан буздық Барахил ұлы Еліху (де сол жерде болды. Ол солардың пікірталасын тыңдап отырған еді). Әйүптің Құдайдан гөрі өзін ақтап, әділмін дей бергені үшін Еліху оған қатты ашуланған болатын.
3. Сондай-ақ, Әйүпті кінәлағанмен, оған қайтаратын бәтуалы жауап таппаған оның үш досына да Еліхудің қаһары лап етті.
4. Бірақ сол адамдар өзінен біраз жас үлкен болғандықтан, Еліху Әйүпке тіл қатпай күтіп отырған еді.
5. Ал енді осы үшеудің қайтаратын басқа жауаптары қалмағанын көргенде, Еліхудің ашу-ызасы тұтанды.
6. Содан буздық Барахил ұлы Еліху сөзін бастап былай деді: — Сіздер көп жасаған адамдарсыздар, ал менің жасым әлі кіші. Сондықтан өз ой-пікірімді сіздерге ашық айтуға дәтім бармай, жасқанып отырған едім.
7. Іштей: «Көп жасағандар сөйлесін, көп жылғы даналық тәлімдерін берсінші!» деп отырдым.
8. Дегенмен, адамның бойында оның рухы бар, себебі құдіреті шексіз Тәңір оған өз тіршілік лебі мен рухын үрлеп берген болатын. Осы рух адамға саналы түсінік сыйлайды.
9. Сондықтан көп жасағандар ғана дана емес екен. Қарттардың бәрі бірдей ақиқатты дұрыс түсіне бермейді екен.
10. Сол себепті былай деймін: Маған құлақ салсаңыздар игі. Ендеше мен де сіздерге өз ойымды ашық білдірейін.
11. Сіздер айтатын сөз іздеп жатқандарыңызда, мен ой-толғаныстарыңызға құлақ түріп, сөздеріңізді тыңдап күтіп отырдым.
12. Мен өздеріңізге мұқият ден қойдым. Ал ешқайсыңыз не Әйүп ағаны әшкерелеген, не оның айтқандарына бәтуалы жауап қайтарған жоқсыздар.
13. «Біз даналықты тауып, шындықты түсінеміз: осы кісіні адам емес, Құдайдың Өзі жеңіп шықпақ!» деп жүрмеңіздер.
14. Егер Әйүп аға сөздерін маған қарсы бағыттаған болса, мен оған сіздердің жауаптарыңызды қайтармас едім.
15. Бәріңіз шатасып, ауыздарыңызға сөз түспей отырсыздар.
16. Бірақ қайтаратын жауаптарыңыз болмай, сөзден тосылып қалған кездеріңізде менің де күтіп, үндемей отыра беруім керек пе?
17. Жоқ, мен де үлесімді қосып жауап беремін. Мен де өз пікірімді ашық айтамын.
18. Себебі көкірегім сөзге толып, бойымдағы рух мені сөйлеуге мәжбүрлеп отыр.
19. Мен ішіне жас шарап құйылып, керіліп, жарылып кетейін деп тұрған торсық сияқтымын.
20. Сөйлесем, аузымды ашып жауап берсем ғана, жаным жай табады!
21. Мен ешкімнің бет-жүзіне қарамаймын, ешкімге жағымпазданбаймын да!
22. Өйткені жағымпаздануды білмеймін, әйтпесе Жаратушым мені бірден жазалар еді.
About Әйүп Chapter 32
Read Әйүп Chapter 32 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 32
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 32 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 32?
Әйүп Chapter 32 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 32 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 17
- Әйүп Chapter 35
- Әйүп Chapter 26
Explore More from Ескі өсиет
- Езекиел Chapter 34
- Нақұм Chapter 1
- Патшалықтар 1-ж Chapter 14
- Забур жырлары Chapter 21
- Ишая Chapter 36
- Жаратылыстың бастауы Chapter 34
- Шежірелер 2-ж Chapter 15