Забур жырлары Chapter 118

For English

Read Забур жырлары Chapter 118 Online

Read Забур жырлары Chapter 118 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 118

Тарау 118

1. Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны, Мәңгіге ұласады берік рақымы!

2. «Мәңгіге ұласады берік рақымы!» Деп жарияласын Исраил халқы.

3. «Мәңгіге ұласады берік рақымы!» Деп мойындасын Һаронның ұрпақтары.

4. «Мәңгіге ұласады берік рақымы!» Десін Иемізді қастерлейтін барлығы.

5. Мүшкіл халімде шақырдым Жаратқанды, Ол жауап беріп, мені азат етіп алды.

6. Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан, Не істей алады адам баласы маған?

7. Ием маған жар, Ол — Қолдаушым менің, Жаудың жеңілісін әлі де көремін.

8. Адам баласына сенім артқаннан гөрі Жаратқан Иені паналау сондай игі!

9. Әмірші, әкімдерге сенім артқаннан гөрі Жаратқан Иені паналау сондай игі!

10. Барлық ұлттар айнала қоршап алды, Жаратқанның атымен құрттым оларды.

11. Жан-жақтан олар мені қоршап алды, Жаратқанның атымен құрттым оларды.

12. Айналамда олар арадай құжынады, Бірақ жанған бұтадай тез өшіп қалды, Жаратқанның атымен құрттым оларды.

13. Құлатпақ болып сол жаулар қатты итерді, Ал Жаратқан Ие мені қолдап демеді.

14. Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным, Ол болды, міне, менің Құтқарушым.

15. Құтқарылу мен жеңістің шаттық айқайы Әділдердің үйлерінде жаңғырады: «Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы Қандай ғажап кереметтер жасайды!»

16. Сонда көтерілді Иеміздің оң қолы: «Жаратқан Иенің құдіретті оң қолы Қандай ғажап кереметтер жасайды!»

17. Енді өлмеймін, өмір сүре беремін, Жаратқанның істерін паш етемін.

18. Жаратқан мені қатты жазалады, Бірақ жанымды ажалға қимады.

19. «Әділдік қақпаларын» маған ашшы, Оған кіріп, мадақтайын Жаратқанды.

20. Мына қақпа — Жаратқанның қақпасы, Әділ жандар оған кіре алады.

21. Сені мадақтаймын, маған құлақ салдың, Уа, Ием, менің Құтқарушым Сен болдың.

22. Құрылысшылар менсінбеген тас енді Үйдің басты іргетасына айналды!

23. Жаратқанның Өзі соны істеді, Көз алдымызда бұл керемет болды!

24. Иеміз жаратты бізге бұл күнді, Шаттанып қуанайық осы күні.

25. Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы, Уа, Иеміз, табыс сыйлашы!

26. Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған, Оның киелі үйінен бата береміз соған.

27. Жаратқан Ие — Құдай, Ол бізге нұрын шашқан. Мейрамның құрбандық малын апарыңдар, Үстелдің мүйіздеріне байлап қойыңдар.

28. Сен Құдайымсың, Саған мақтау айтамын, Сен Құдайымсың, даңқыңды асырамын.

29. Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны, Мәңгіге ұласады берік рақымы!

About Забур жырлары Chapter 118

Read Забур жырлары Chapter 118 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 118
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 118 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 118?

Забур жырлары Chapter 118 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 118 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 127
  2. Забур жырлары Chapter 111
  3. Забур жырлары Chapter 34
  4. Забур жырлары Chapter 148
  5. Забур жырлары Chapter 15
  6. Забур жырлары Chapter 130
  7. Забур жырлары Chapter 131

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 43
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 19
  3. Ишая Chapter 47
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 3
  5. Еремия Chapter 26
  6. Забур жырлары Chapter 54
  7. Забур жырлары Chapter 111
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *