Руларды санау Chapter 24

For English

Read Руларды санау Chapter 24 Online

Read Руларды санау Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 24

Тарау 24

1. Ал Балағам Жаратқан Иенің Исраилді жарылқағысы келіп отырғанын сезіп, енді бұрынғыдай сәуегейлікке сүйенбеді. Қайта, ол елсіз далаға қарай бет-жүзін бұрып қарады.

2. Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да,

3. ол мына нақыл сөзін айтты: — Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі, Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі:

4. Құлағым шалады Құдайдың хабарын, Көзім көреді Құдіреттінің аянын, Көзім ашық күйі жерге жығыламын, Құдайдың хабарын енді айтамын.

5. Уа, Жақып халқы, шатырларың қандай әдемі, Уа, Исраил халқы, үйлерің қандай көрікті!

6. Бұл халық кеңінен жайылған алқаптардай, Өзен жағасында өсетін бақтардай, Жаратқан отырғызған алып ағаштардай, Су жағалай өсетін самырсындардай.

7. Халықтың шелектерінен су мол ағады, Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады, Оның патшасы Агагтан да үстем болады, Иә, патшалығының даңқы тым асады.

8. Құдай осы халықты Мысырдан алып шықты, Жабайы бұқаның мүйізіндей оның күш-қуаты, Жауласқан бөгде ұлттарды ол қиратады, Олардың сүйектерін күйретіп сындырады, Һәм жебелерімен тәндерін тесіп атады.

9. Халық арыстандай еңкейіп дайын тұрады, Ана арыстандай тыншып жерге жатады. Оны мазалауға кімнің батылы барады? Жақып, саған бата бергеннің өзі жарылқанады, Ал сені қарғағанның өзін қарғыс атады.

10. Сонда Балақтың Балағамға деген ашу-ызасы лаулап, екі алақанын сарт еткізіп, былай деп айқайлады: — Сені жауымды қарға деп шақырсам, сен оның орнына оларға үш рет ақ бата бердің!

11. Лезде өз жөніңе тайып тұр! Сені молынан сыйлаймын деген едім. Ал Жаратқан Иенің Өзі сені сыйыңнан құр қалдырып отыр!

12. Сонда Балағам Балаққа мына жауапты қайырды: — Маған жіберген елшілеріңе-ақ былай деп айтпап па едім:

13. Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын.

14. Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді.

15. Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді: «Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі, Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі,

16. Құдайдың айтқан сөздерін еститіннің, Тағаланың білдіргенін білетіннің, Көздері ашық күйі сіресіп құлап, Құдіреттінің аянын көретіннің Айтқандары (тыңдаған пенде құлақ түрсін!):

17. Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес, Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес: Жақыптан бір жұлдыз туатын болады, Исраилден ұлы патша шығатын болады. Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды, Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады.

18. Сонда ол Едом елін басып алады, Сейірдегі жаулары оған бағынады, Ал Исраил үнемі күшейіп нығаяды.

19. Жақыптан мықты билеуші шығады, Ирдағы тірі қалғандардың көзін құртады!»

20. Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты: «Амалек халықтардың алғашқысы еді, Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді».

21. Балағам кендіктерге де көз салып, олар туралы мына нақыл сөзін айтты: «Сондай берік екен сенің тұрағың, Жартасқа салынған, қауіпсіз екен ұяң.

22. Алайда, кендіктер, сендер қырыласыңдар, Ассурға көп кешікпей тұтқын боласыңдар».

23. Содан соң Балағам мынадай нақыл сөз айтты: «Оу, Құдай солай еткенде кім тірі жүрер,

24. Ал Киттим жағасынан жүзіп келген кемелер Ассурға әрі Еберге жәбір көрсетер, Бірақ өздері де кейін күйретілер».

25. Осыны айтып болғанда Балағам орнынан тұрып, еліне қайтып кетті. Балақ та өз жағына жөнелді.

About Руларды санау Chapter 24

Read Руларды санау Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 24
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 24 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 24?

Руларды санау Chapter 24 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 24 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 23
  2. Руларды санау Chapter 34
  3. Руларды санау Chapter 7
  4. Руларды санау Chapter 3
  5. Руларды санау Chapter 21
  6. Руларды санау Chapter 35
  7. Руларды санау Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Рут Chapter 1
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 2
  3. Ешуа Chapter 7
  4. Леуіліктер Chapter 27
  5. Езекиел Chapter 24
  6. Езекиел Chapter 12
  7. Елшілердің істері Chapter 15
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *