Амос Chapter 2

For English

Read Амос Chapter 2 Online

Read Амос Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Амос and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Амос 2

Тарау 2

1. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Моаб халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Моабтықтар Едом патшасының сүйегін әк іспетті күйдіріп қор қылды.

2. Сол үшін Мен Моабқа от жіберемін. Сол от Кериоттың сарайларын жалмап қояды. Сонда Моаб айқай-шудың әрі әскердің шабуылдап атой салып, керней тартқан дауыстарының астында күйрейді.

3. Мен Моабты басқарып жүрген биді елден аластатып, онымен бірге барлық әміршілерін де өлтіремін», — деп ескертеді Жаратқан Ие.

4. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Яһуданың халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Яһудалықтар Мен, Жаратқан Ие, тапсырған Таурат заңын менсінбей, ережелерімді орындамай кетті. Бұрын ата-бабалары құлшылық еткен жалған тәңірлердің жолына енді бұлар да түсіп, адасты.

5. Сол үшін Мен Яһудаға от жіберемін. Сол от Иерусалимнің сарайларын жалмап қояды».

6. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Солтүстік Исраилдің халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Исраилдіктер әділ жанды күміске, кедейді бір жұп аяқкиімге айырбастай салады.

7. Олар кедейдің басын жердің топырағына таптап, бейшараны жолынан итеріп баса көктейді. Әкесі мен баласы екеуі бірдей бір жас әйелге барып, Менің киелі есімімді қор қылады.

8. Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді.

9. Ал Мен ежелде халқымның көз алдында самырсындай биік, емендей мықты Амор халқын күйреткенмін. Сонда Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын да біржола құртқан болатынмын.

10. Сендердің аморлықтардың жерін иемденіп алуларың үшін Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, қырық жыл бойы айдалада ертіп жүрген едім.

11. Ұлдарыңның кейбіреулерін пайғамбар, жас жігіттеріңнің бірнешеуін Құдайға бағышталған назир еттім. Солай емес пе, уа, Исраилдің үрім-бұтағы? — деп ескертеді Жаратқан Ие. —

12. Алайда сендер Өзіме бағышталған назирлерге шарап ішкізіп күнә жасатып, пайғамбарларға: «Пайғамбарлық сөз айтпа!» деп тыйым салып жүрдіңдер.

13. Біліп қойыңдар, егін баулары мол артылған арбаның жерге қарай шөгетіні сияқты, енді Мен де сендерге ауыртпалықты молынан түсіремін!

14. Сонда жылдамдарыңның жүгіруге шамасы болмай қалады, мықтыларың да өз қуаттарынан айырылады, тіпті батырларың да өз жандарын құтқара алмайды.

15. Сонда мерген тойтарыс бере алмайды, желаяқ та, салт атты да өз жандарын құтқарып қала алмайды.

16. Ержүрек батыл деген жасақшылар да қару-жарағын тастап бас сауғалап қашатын болады», — деп ескертеді Жаратқан Ие.

About Амос Chapter 2

Read Амос Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Амос
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Амос. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Амос Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Амос Chapter 2?

Амос Chapter 2 is part of the Book of Амос in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Амос Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from амос

  1. Амос Chapter 8
  2. Амос Chapter 4
  3. Амос Chapter 1
  4. Амос Chapter 3
  5. Амос Chapter 9
  6. Амос Chapter 2
  7. Амос Chapter 7

Explore More from Ескі өсиет

  1. Нақыл сөздер Chapter 19
  2. Забур жырлары Chapter 30
  3. Патшалықтар 2-ж Chapter 8
  4. Забур жырлары Chapter 118
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 26
  6. Заңды қайталау Chapter 27
  7. Ошия Chapter 9

Related Chapters & Readings

  1. Билер Chapter 20
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 18
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 33
  4. Філіпіліктерге Chapter 1
  5. Езекиел Chapter 30
  6. Забур жырлары Chapter 26
  7. Лұқа Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *