Read Зәкәрия Chapter 2 Online
Read Зәкәрия Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Зәкәрия 2
Тарау 2
1. Мен қайтадан жоғары қарағанда қолында өлшеуіш жібі бар біреуді көрдім.
2. Мен одан: — Қайда бара жатырсыз? — деп сұрадым. Ол: — Иерусалимнің ені мен ұзындығын білу үшін оны өлшеуге бара жатырмын, — деп жауап берді.
3. Менімен сөйлескен періште сол кезде алға қарай беттеді. Сонда басқа бір періште оған қарсы кездесті.
4. Бұл оған былай деді: — Ана жас жігітке тездетіп барып мынаны айт: Иерусалим малы мен адамы көп болғандықтан қамал қабырғасы жоқ, ашық қала сияқты болады!
5. «Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы, әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие.
6. «Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім.
7. Уа, Сионның халқы, Бабыл халқымен бірге тұрып жатқан сендер сол елден қашып кетіңдер!»
8. Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
9. Мен таяуда оларға қарсы қолымды созбақпын. Сонда оларды өз құлдары тонайтын болады». — Сол кезде сендер Әлемнің Иесінің мені жібергенін анық білетін боласыңдар.
10. «Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. —
11. Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар.
12. Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады.
13. Бүкіл адамзат Жаратқан Иенің алдында тынышталсын! Ол Өзінің киелі тұрағынан шығып, әрекет етіп жатыр.
About Зәкәрия Chapter 2
Read Зәкәрия Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Зәкәрия
Chapter: 2
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Зәкәрия Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Зәкәрия Chapter 2?
Зәкәрия Chapter 2 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from зәкәрия
- Зәкәрия Chapter 6
- Зәкәрия Chapter 10
- Зәкәрия Chapter 12
- Зәкәрия Chapter 13
- Зәкәрия Chapter 1
- Зәкәрия Chapter 7
- Зәкәрия Chapter 11