Еремия Chapter 41

For English

Read Еремия Chapter 41 Online

Read Еремия Chapter 41 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Еремия 41

Тарау 41

1. Сол жылдың жетінші айында патшалық әулетке жататын әрі Яһуда патшасының бір қолбасшысы болған Нетанияхтың ұлы, Әлишаманың немересі Ысмағұл он адамымен бірге Миспаға келді. Олар сол жерде тұрған Ахиқам ұлы Ғодалияхтың үйіне кірді. Қонақтар Ғодалияхпен бірге дастарқан басында отырған кезде

2. Нетаниях ұлы Ысмағұл мен қасындағы он адамы орындарынан тұра келіп, Ғодалиях әкімге семсерлерімен бас салды. Осылайша Ысмағұл Бабыл патшасы елдің басқарушысы етіп тағайындаған адамды өлтіріп тастады.

3. Мұнан кейін Ысмағұл мен оның сыбайластары Миспада Ғодалияхтың қасында жүрген барлық яһуди және халдей жауынгерлерінің де көздерін құртты.

4. Ал келесі күні, Ғодалияхтың өлтірілгені жайлы хабар әлі де тарамай тұрғанда,

5. Сихем, Шило және Самариядан жолға шыққан сексен адам Миспаға таяп келді. Олар (елдің басына түскен ғаламат пәлеге қатты қайғырып) сақалдарын қырқып, көйлектерінің өңірін айыра жыртып, денелерінің терісін тілгілеп жарақаттап алған еді. Бұл адамдар Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінің орнына бармақ болып, өздерінің астық тартулары мен хош иісті заттарын алып келе жатты.

6. Нетаниях ұлы Ысмағұл Миспадан олардың алдарынан қайғырғансып жылап шықты. Олармен ұшырасқанда ол: «Ахиқам ұлы Ғодалияхқа кіріп шығыңдар!» — деп шақырды.

7. Алайда сол адамдар қалаға кірген бойда Ысмағұл мен оның сыбайластары оларға бас салып өлтіріп, өліктерін жер астындағы су қоймасына лақтырып тастады.

8. Тек солардың ішіндегі он адам Ысмағұлдан: «Бізді өлтірмеңізші! Далада жасырып тастаған арпа, бидай, зәйтүн майы және бал қорларымыз бар!» — деп өтінгендіктен Ысмағұл бұларды басқалармен бірге өлтірген жоқ.

9. Ысмағұл өліктерге толтырған осы үлкен су қоймасын баяғыда Яһуда патшасы Аса Солтүстік Исраил патшасы Бағасаға қарсы құрған бекіністердің бірі ретінде қаздырған еді. Ал енді Нетаниях ұлы Ысмағұл сол су қоймасын өліктермен толтырып тастады.

10. Ысмағұл Миспадағы патшаның қыздары мен халықтың қалған адамдарын тұтқынға алды. Солардың бәрін бабылдық ұландар әміршісі Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қарауына тапсырып кеткен болатын. Ысмағұл оларды ертіп алып, аммондықтарға (Иорданның арғы жағына) өтпек болып, жолға шықты.

11. Бірақ Қареях ұлы Жоханан мен оның қасындағы барлық жасақ басшылары Нетаниях ұлы Ысмағұлдың жасаған ауыр қылмысы туралы түгелдей естіді.

12. Олар өздерінің бар адамдарын жинап алып, Ысмағұлмен шайқасуға аттанып, оны Гибеондағы үлкен тоғанның маңында қуып жетті.

13. Миспада Ысмағұл тұтқынға алған халықтың бәрі Қареях ұлы Жоханан мен оның қасындағы жасақ басшыларын көргенде, қатты қуанды.

14. Олар Ысмағұлдан кері бұрылып, Қареях ұлы Жохананның жағына шықты.

15. Ал Ысмағұлдың өзі сегіз сыбайласымен бірге Жохананнан қашып, аммондықтарға жетті.

16. Содан соң Қареях ұлы Жоханан және оның қасындағы жасақ басшылары Гибеонда құтқарып алған барлық халықты жинады. Олар Ысмағұл Ғодалияхты өлтіргеннен кейін Миспадан тұтқынға алған адамдар: жасақшылар, әйелдер мен балалар және сарай қызметкерлері еді. Жоханан барлығын ертіп алып жолға шықты.

17. Көш біраз жүріп, Бетлехемнің маңындағы Қимхам қонысында аялдап, одан әрі Мысыр еліне қарай бет алды.

18. Олар халдейлерден қорықты. Өйткені Ысмағұлдың Бабыл патшасы елдің әкімі етіп тағайындаған Ғодалияхты өлтіргенін халдейлер естігенде келіп, сол үшін бізді жазалайды деп қауіптенді.

About Еремия Chapter 41

Read Еремия Chapter 41 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Еремия
Chapter: 41
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Еремия Chapter 41 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Еремия Chapter 41?

Еремия Chapter 41 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Еремия Chapter 41 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from еремия

  1. Еремия Chapter 16
  2. Еремия Chapter 35
  3. Еремия Chapter 15
  4. Еремия Chapter 30
  5. Еремия Chapter 1
  6. Еремия Chapter 48
  7. Еремия Chapter 37

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 79
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 19
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 8
  4. Даниял Chapter 8
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 10
  6. Естер Chapter 7
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 16

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  2. Марқа Chapter 6
  3. Билер Chapter 14
  4. Езекиел Chapter 3
  5. Нақыл сөздер Chapter 19
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 20
  7. Забур жырлары Chapter 59
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *