Нақыл сөздер Chapter 15

For English

Read Нақыл сөздер Chapter 15 Online

Read Нақыл сөздер Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Нақыл сөздер 15

Тарау 15

1. Жәбір сөз ашу туғызар, Биязы жауап ашуды басар.

2. Дана жанның тілі білімді мақтар, Аңқаудың аузынан надандық ағылар.

3. Жаратушының көз алдында бәрі аян, Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.

4. Мейірімді тіл өмір сыйлайтын ағашқа ұқсар, Өтірікші тіл рухыңды жаншып-басар.

5. Әкенің тәрбиесінен ақымақ безер, Ескертуге ден қойған парасатқа кенелер.

6. Әділдің үйінде мол қазына болар, Арамзаның тапқаны өз берекесін алар.

7. Дананың тілі білім себеді, Наданның санасы олай істемейді.

8. Арамзаның құрбандығынан Жаратқан жиренер, Ал әділдің мінажаты Оны сүйсіндірер.

9. Арамзаның жолынан Жаратқан жиренер, Әділдікті қуғанға Ол сүйсінер.

10. Жолдан безген ауыр жаза тартар, Ескертуді жек көрген опат болар.

11. О дүние мен тозақ Жаратқанға аян, Оған адам жүрегі содан бетер аян.

12. Мысқылшыл өзіне ескерткенді ұнатпас, Дананың маңына ол жақындамас.

13. Жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар, Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар.

14. Зерделінің санасы білім қуар, Зердесіз ақымақтыққа тойынар.

15. Бақытсыздың қай күні де қайғыдан арылмас, Қуанышты жанның тойы тарқамас.

16. Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөрі Азды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.

17. Жек көрген жан ұсынған семіз сиыр етінен Көкөніс тағамы игі сүйген жан берген.

18. Ашушаң дау туғызар, Байсалды дауды басар.

19. Жалқаудың жолын тікен басар, Адалдың жолы тегіс болар.

20. Ақылды бала әкесін риза қылар, Ақылсыз жан шешесін қор қылар.

21. Ақылы азды ақымақтық сүйсінтер, Ал ақылды жан тура жолмен жүрер.

22. Кеңессіз құрған іс аяқсыз қалар, Көптің ақылымен ол жүзеге асар.

23. Дәл айтылған жауап адамды қуантар, Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар.

24. Дананың өмір жолы биікке бастар, Ажалдан оны сақтап қалар.

25. Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар, Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.

26. Зұлымның жоспарларынан Жаратқан жиренер, Пәк жанның сөздеріне Жаратқан сүйсінер.

27. Пайдақор отбасының берекесін кетірер, Параны жек көрген тыныш өмір сүрер.

28. Әділ жан жауабын ойлап берер, Арамза жаман сөзін лақ еткізер.

29. Арамзадан Жаратқан Ие алыс болар, Әділдің мінажатына Ол құлақ салар.

30. Жарқын жүз жүректі қуантар, Жақсы хабар денеге қуат дарытар.

31. Өмірдің тәрбиесіне құлақ түргендер Даналар арасынан орын тебер.

32. Тәрбиеге ден қоймаған өз жанын жек көрер, Ескертуді тыңдаған ақыл-парасат иемденер.

33. Жаратқанды шын қастерлеу даналыққа үйретер Және кішіпейіл жанның абыройы өсер.

About Нақыл сөздер Chapter 15

Read Нақыл сөздер Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Нақыл сөздер
Chapter: 15
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Нақыл сөздер Chapter 15 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Нақыл сөздер Chapter 15?

Нақыл сөздер Chapter 15 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 15 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from нақыл-сөздер

  1. Нақыл сөздер Chapter 1
  2. Нақыл сөздер Chapter 12
  3. Нақыл сөздер Chapter 9
  4. Нақыл сөздер Chapter 29
  5. Нақыл сөздер Chapter 22
  6. Нақыл сөздер Chapter 28
  7. Нақыл сөздер Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. Ешуа Chapter 7
  2. Титке Chapter 1
  3. Мысырдан шығу Chapter 25
  4. Заңды қайталау Chapter 34
  5. Лұқа Chapter 19
  6. Жүніс Chapter 3
  7. Філіпіліктерге Chapter 2
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *