Забур жырлары Chapter 102

For English

Read Забур жырлары Chapter 102 Online

Read Забур жырлары Chapter 102 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 102

Тарау 102

1. Уа, Жаратқан, мінажатымды естіші, Көмек сұраған даусым Саған жетсінші,

2. Қиын кезде менен сырт айналмашы, Маған құлағыңды түре көрсеңші, Өзіңді шақырсам тез жауап берші.

3. Күндерім түтіндей лезде жоғалады, Сүйектерім от шоғындай маздап жанады.

4. Шабылған шөптей қурады жүрегім, Тамақ ішуді де ұмытып келемін,

5. Қатты қиналып ыңқылдағанымнан Әбден жүдегенмін, құр сүлдерім қалған.

6. Құла түздегі бірқазанға ұқсаймын, Һәм қираған орындағы жапалақтаймын,

7. Мен ұйықтай алмай ояу жатырмын, Үй төбесіндегі құстай тым жалғызбын.

8. Дұшпандарым күнде балағаттайды, Мені мазақтап, атымды қарғайды.

9. Нан орнына күлмен тамақтанамын, Көз жасымды сусыныма қосамын.

10. Мұның себебі — ашу-ызаң Сенің, Жоғары көтеріп, мені лақтырған едің.

11. Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім, Қураған шөптей әбден әлсіредім.

12. Ал Сен, Жаратқан Ие, мәңгі боласың, Бар ұрпақтарға жайылар Сенің даңқың.

13. Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші, Енді уақыт болды, мейірім көрсетші, Соған белгілеген мезгілің жетті.

14. Құлдарың Сионның тастарын ұнатады, Шаң-тозаңы аяныштарын оятады.

15. Бар ұлттар дірілдер Жаратқанның атынан, Әлемнің патшалары да Оның даңқынан:

16. Жаратқан Ие Сионды қайта тұрғызбақ, Өз салтанатымен сонда пайда болмақ,

17. Мұқтаждың мінажаттарын Ол тыңдайды, Жалыныштарын жауапсыз қалдырмайды.

18. Болашақ ұрпақтар үшін бұл жазылмақ, Келер буындар Жаратқанды даңқтамақ:

19. Жаратқан Ие көктен жер бетіне қарады, Киелі үйінен Ол төмен көз тастады,

20. Тұтқындардың ыңқылдауын есту үшін, Өлімге кесілгендерді азат ету үшін.

21. Содан Жаратқанның аты Сионда мақталмақ, Даңқы Оның Иерусалимде асырылмақ,

22. Сонда бар халықтар бұл қалаға жиналар, Патшалықтар Жаратушыға ғибадат қылар.

23. Өмір жолымда Тәңір мені қалжыратты, Ғұмырымның күндерін Ол қысқартты.

24. Сонда мен былай дедім Жаратқанға: «Уа, Құдайым менің, жарты жолда Өмірімді көрмеші қысқарта! Сен жасайсың ұрпақтан ұрпаққа,

25. Жердің негізін салғансың әуел баста, Құдіретіңмен жараттың аспанды да.

26. Олар құриды, Сен боласың әр уақытта, Киімдей тозады олардың барлығы да, Көйлектей ауыстырасың Сен оларды, Содан олар лақтырылып тасталады.

27. Ал Өзің өзгермей қалатын боласың, Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.

28. Құлдарыңның ұлдары тыныш тұрады, Ұрпақтары көз алдыңда нық болады».

About Забур жырлары Chapter 102

Read Забур жырлары Chapter 102 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 102
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 102 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 102?

Забур жырлары Chapter 102 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 102 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 117
  2. Забур жырлары Chapter 77
  3. Забур жырлары Chapter 99
  4. Забур жырлары Chapter 88
  5. Забур жырлары Chapter 115
  6. Забур жырлары Chapter 142
  7. Забур жырлары Chapter 104

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 8
  2. Нехемия Chapter 5
  3. 1 Тімотеге Chapter 1
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 21
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 23
  6. Ишая Chapter 31
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 9
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *