Read 1 Тімотеге Chapter 5 Online
Read 1 Тімотеге Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Тімотеге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Тімотеге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
1 Тімотеге 5
Тарау 5
1. Жасы үлкен адамды сөкпе, қайта, өз әкеңе айтқандай ілтипатпен ескерт. Жас жігіттерге — туған бауырыңа,
2. егде әйелдерге — анаңа, ал қыз-келіншектерге — әпке-қарындасыңа қарағандай қарап, пәк таза болып жүр.
3. Шынымен мұқтаж жесір әйелдерді құрметте.
4. Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.
5. Ал шынымен мұқтаж, жалғыз басты жесірлер бар үмітін Құдайға артып, күні-түні Оған сиынып мінажат етеді.
6. Алайда тіршіліктің ләззатын ғана ойлайтын жесір әйел — тірі өлік.
7. Қауымның кінәратсыз болуы үшін осыларды насихаттап үйрет!
8. Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.
9. Жасы алпыстан асқан, күйеулеріне адал болған жесірлер ғана таңдалып, арнайы тізімге тіркелсін.
10. Олардың жасаған игі істері белгілі болулары керек, мысалы, балаларын тәрбиелеуі, қонақжайлылық танытуы, Құдайдың адамдарына қарапайым қызмет көрсетуі, бейшараларға көмектесуі, игілікті іс атаулының бәріне де өздерін арнауы.
11. Жастай жесір қалған әйелдерді бұл тізімге қабылдама. Олар тәндік құмарлықтарының жетегіне еріп, Мәсіхке берілгендігінен безсе, күйеуге шыққылары келеді.
12. Осылай олар алдыңғы уәделерін бұзып, айыпталуға душар болады.
13. Мұнан басқа, өздері жұмыс жасамайтындықтан, уақытты бос өткізіп, үй-үйді аралауды әдетке айналдырады. Олар еріншек болып қана қоймай, мылжыңмен әуестеніп, өзгенің жұмыстарына араласып, сөз қылуға болмайтын нәрселерді айтатын болады.
14. Сондықтан мен жас жесірлердің күйеуге шығып, балалы болып, үй шаруасын басқаруларын қалаймын. Солай олар дұшпанымыздың жамандауына жол бермеуге тиіс.
15. Кейбіреулері дұрыс жолдан тайып, шайтанның жетегіне еріп кетті ғой.
16. Егер сенуші (ер адамның не) әйелдің отбасында жесірлері болса, соларды қауымның иығына артып қоймай, өзі көмектессін. Сонда қауым шынымен мұқтаж жесірлерге көмектесе алады.
17. Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық.
18. Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума». Және: «Еңбек еткен ақысын алуға лайық».
19. Қауым жетекшілері айыпталғанда, ең аз дегенде екі-үш куәгер болмаса, соған құлақ аспа.
20. Басқаларды да сақтандыру үшін күнә жасаушыларға бәрінің алдында сөгіс бер.
21. Құдайдың, Иса Мәсіхтің және Оның таңдаулы періштелерінің алдарында саған мықтап ескертемін: осы нұсқауларды алаламай орында, еш нәрсені де біржақтылықпен істеме!
22. Адамдардың үстеріне қол қойып батаңды беруде асығыстық жасама! Әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк таза ұста.
23. Айтпақшы, әлсіз асқазаныңа және жиі сырқаттануыңа бола бұдан былай тек су ғана ішпей, аздап шарап та іш.
24. Кейбір адамдардың күнәлары көзге айқын көрініп, оларды тікелей айыпталуға бастайды. Ал басқаларынікі кейінірек қана әшкереленеді.
25. Сол сияқты, кейбіреулердің игі істері де айқын көрінеді. Ал ашық білінбейтін іс-әрекеттер де жасырын қала алмайды.
About 1 Тімотеге Chapter 5
Read 1 Тімотеге Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Тімотеге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 1 Тімотеге
Chapter: 5
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Тімотеге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 1 Тімотеге Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 1 Тімотеге Chapter 5?
1 Тімотеге Chapter 5 is part of the Book of 1 Тімотеге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 1 Тімотеге Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 1-тімотеге
- 1 Тімотеге Chapter 1
- 1 Тімотеге Chapter 6
- 1 Тімотеге Chapter 4
- 1 Тімотеге Chapter 2
- 1 Тімотеге Chapter 3
Explore More from Жаңа өсиет
- Матай Chapter 2
- Матай Chapter 17
- Матай Chapter 13
- Лұқа Chapter 1
- Римдіктерге Chapter 6
- Лұқа Chapter 7
- Марқа Chapter 16