Read Әйүп Chapter 5 Online
Read Әйүп Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 5
Тарау 5
1. Ал енді, Әйүп, шақырғың келсе, шақыр! Жауап беретін біреу болар ма екен? Періштелердің қайсысынан көмек сұрамақсың?
2. «Ашу-ызасы ақымақты жояр, күншілдігі аңқауды құртар» деп дұрыс айтылған.
3. Ақымақтың тамыр жайған ағаштай өркендегенін де көрдім, бірақ дереу оның үй-жайы Құдайдың қарғысына ұшырайды деп бағаладым.
4. Оның балалары амандықтан аулақ жүр. Сотта оларды қыспақтайды, ал арашалайтын ешкімі болмайды.
5. Ақымақтың өнімін аш адамдар жалмап қояды. Олар оның тікенді бұтақшалар астына сақтап қойған астығын да алып кетеді. Оның мал-мүлкін залымдар иемденуге құмартады.
6. «Азап топырақтан өсіп шықпас, ауыртпалық та жерден шыға келмес».
7. От ұшқындарының жоғары қарай лап ететініндей, адам баласы да ауыртпалық шегу үшін дүниеге келеді.
8. Ал, Әйүп, егер мен сенің орныңда болсам, Құдайға бет бұрып сиынып, ісімді Оның алдына апарар едім.
9. Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды:
10. Ол жер бетіне жаңбыр жаудырып, егістікті суға қандырады.
11. Құдай кішіпейілдерді жоғарылатып, қайғырғандарға құтқарылу сыйлайды.
12. Ол айлакер қулардың жоспарларын бұзып, оларды табысқа жеткізбейді.
13. Құдай данышпан делінгендерді қулықтарынан ұстап алады. Айлакер зұлымдардың арамза кеңестері тез құриды.
14. Күндіз олар түнекке тап болып, тал түсте де түндегідей сипалап жүреді.
15. Құдай мұқтажды мықтылардың өткір сөздерінен құтқарады. Оларды қуаттылардың қолынан аман сақтап қалады.
16. Сондықтан енді кедейде үміт бар, ал әділетсіздің аузы тас жабылған.
17. Құдай ескертіп түзететін адам қандай бақытты! Сондықтан құдіреті шексіз Хақ Тағаланың тәрбиесін елемей жүрме!
18. Өйткені Ол жара салса, соны Өзі таңады, соққы берсе, өз қолдарымен сауықтырады да.
19. Құдай сені алты рет қиыншылықтан құтқарады. Апат тіпті жетеу болса да, саған жоламайды.
20. Хақ Тағала сені ашаршылық жайлаған кезде өлімнен құтқарып, шайқас кезінде семсердің құдіретінен де аман алып қалады.
21. Тілдің пәлесінен аулақ болып, ойран келгенде де қорықпайсың.
22. Қайта, күйреу мен ашаршылыққа күле қарайсың, елдегі жыртқыш аңдардан да қауіптенбейсің.
23. Сонда даланың қойтастары бөгет болып егіндігіңде жатпайды. Елдегі жыртқыш аңдар да өзіңмен тату-тәтті тұратын болады.
24. Өз мекеніңнің аман-есен екеніне сенімді боласың. Отар-табындарыңды санап шыққанда, бірде-бір малыңның жоғалмағанына көзің жетеді.
25. Ұрпағыңның көп екенін біліп жүретін боласың. Өзіңнен тараған үрім-бұтағың жер бетіндегі шөптей мол болмақ.
26. Егіннің дер кезінде бауланып, қырманға әкелінетініндей, өзің де көп жасап, о дүниеге армансыз аттанасың.
27. Міне, біз осыны зерттеп, оның ақиқат екеніне көз жеткіздік. Сондықтан оны тыңдап, жақсылап біліп алсаң екен!
About Әйүп Chapter 5
Read Әйүп Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 5
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 5?
Әйүп Chapter 5 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 17
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 16
- Әйүп Chapter 42
Explore More from Ескі өсиет
- Естер Chapter 7
- Заңды қайталау Chapter 29
- Ишая Chapter 33
- Зәкәрия Chapter 7
- Шежірелер 2-ж Chapter 18
- Нехемия Chapter 12
- Езра Chapter 10