Жохан Chapter 19

For English

Read Жохан Chapter 19 Online

Read Жохан Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жохан and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жохан 19

Тарау 19

1. Осыдан кейін Пилат Исаны қамшымен соқтырды.

2. Бір топ жасақшы тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізді. Оның үстіне бір қызыл шапанды жапты.

3. Олар Исаның қарсы алдына тұра қалып: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп, шапалақпен бетінен ұра берді.

4. Пилат қайтадан сыртқа шығып, яһуди басшыларына: — Қараңдар, мен Оны сендерге әкеле жатырмын: Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, соны біліңдер! — деді.

5. Иса басындағы тікен тәжімен, үстіндегі қызыл шапанымен сыртқа шықты. Пилат яһудилерге: — Қараңдар, сол Адам — Мынау! — деді.

6. Басты діни қызметкерлер мен олардың сақшылары Исаны көргенде: — Айқышқа шегеленсін! Айқышқа! — деп айқай салды. Пилат оларға: — Оны өздерің алып, айқышқа шегелеңдер! Себебі мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді.

7. Яһуди басшылары оған: — Біздің Таурат заңымыз бар, сол бойынша Ол өлуге тиіс, себебі Ол Өзін «Құдайдың (рухани) Ұлымын» деп жүр, — деді.

8. Пилат осыны естігенде бұрынғыдан бетер қорқып кетті.

9. Сарайға қайта кіріп, Исадан: — Сен қайдан шыққансың? — деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап берген жоқ.

10. Сонда Пилат: — Менімен сөйлескің келмей ме? Сені босатып жіберу де, айқышқа шегелетіп өлтіру де менің билігімде екенін білмейсің бе? — деді.

11. Иса оған: — Көктен берілмесе, Маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан Мені ұстап бергеннің күнәсі сіздікінен де үлкен, — деп жауап қайтарды.

12. Содан Пилат Исаны босатып жіберуге тырысты. Бірақ яһуди басшылары: — Егер Оны босатып жіберсеңіз, Рим патшасының досы емессіз! Өзін-өзі патшамын деген әркім Рим патшасына қарсы! — деп айқай салды.

13. Осы сөздерді естіген соң Пилат Исаны сыртқа шығартып, өзі Тастөселген деп аталатын алаңдағы төрелік тағына отырды. Сол алаңның жергілікті аты — Ғаббата.

14. Бұл Құтқарылу мейрамынан бір күн бұрын түскі сағат он екілерде болған еді. Пилат яһудилерге: — Міне, Патшаларың! — деді.

15. Бірақ олар: — Алып кетіңіз Оны, айқышқа шегеленсін! — деп айқай салды. Пилат оларға: — Мен айқышқа сендердің Патшаларыңды шегелетейін бе?! — деген сұрақ қойды. Басты діни қызметкерлер: — Рим патшасынан басқа ешқандай патшамыз жоқ! — деп жауап берді.

16. Сонда Пилат олардың дегеніне көніп, Исаны айқышқа шегелеп өлтіруге бұйырды. Сонымен жасақшылар Исаны ұстап алып кетті.

17. Иса айқыш ағашын Өзі арқалап, қаладан шықты да, Маңдайтөбе деп аталатын жерге қарай бет алды. Мұның жергілікті аты — Ғолғота.

18. Жасақшылар Исаны басқа екі адаммен бірге, біреуін оң, екіншісін сол жағына, ал орталарына Исаны қойып, үш айқыш ағашқа керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды.

19. Пилат тақтайша жасатып, айқыштың жоғарғы жағына бекіттірді. Оның бетінде «Назареттік Иса — Яһудилердің Патшасы» деп жазылған еді.

20. Мұны көптеген яһудилер оқыды, себебі Иса айқышқа шегеленген жер қалаға жақын еді, әрі жазу еврейше, латынша және грекше жазылған болатын.

21. Ал яһудилердің басты діни қызметкерлері Пилатқа былай деді: — «Яһудилердің Патшасы» емес, «Мынау Яһудилердің Патшасымын деді» деп жазыңыз!

22. Пилат оларға: — Мен жазарымды жазып қойдым, — деп жауап қатты.

23. Жасақшылар Исаны айқышқа шегелеп, көтергеннен кейін Оның сырт киімдерін төртеуі тең бөлісіп, көйлегін де алды. Көйлегі басынан аяғына дейін тігіссіз тұтас тоқылған еді.

24. Сол себепті олар бір-біріне: «Бұны жыртпайық, жеребе салып, кімге түсетінін шешейік», — деді. «Жау жамылғымды бөлісіп алады, киімім үшін жеребе салады» деп Забурда жазылған сөздер осылай орындалды. Мұны жасақшылар жүзеге асырды.

25. Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді.

26. Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзін жақсы көретін шәкіртін көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді.

27. Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.

28. Тиісті нәрселердің бәрінің түгел орындалғанын білген Иса бұдан кейін: «Мен шөлдеп тұрмын», — деді. Забурда алдын ала жазып қалдырылған бұл тәрізді сөз де осылай іске асты.

29. Сол жерде сірке суына толы құмыра тұрған еді. Жасақшылар бір сорғышты сірке суына батырып алып, сайсағыз бұтасының сабағына бекітіп, Исаның аузына тосты.

30. Иса сірке суын сорғаннан кейін: «Енді түгел орындалды!» — деді де, басын иіп, жан тапсырды.

31. Бұл жұма күні, ал ертеңіндегі сенбі үлкен мейрам болатын. Шегеленгендердің денелерін мейрам күні айқыш ағашта қалдыру яһудилердің діни ережелерін бұзу болып табылар еді. Сондықтан яһуди басшылары Пилатқа барып, шегеленгендерді аяқтарын сындырып өлтіріп, сүйектерін айқыштан алып тастауын өтінді.

32. Сонымен жасақшылар келіп, Исамен бірге шегеленген екі кісінің аяқтарын сындырды.

33. Алайда Исаның қасына келіп, Оның өліп қалғанын көрген соң, олар Оның аяқтарын сындырған жоқ.

34. Бірақ жасақшылардың біреуі Исаның бүйіріне найзасын сұғып алды. Сол заматта қан мен су шыға келді.

35. Мұны көрген кісі сендер де сенсін деп бұған куәлік береді. Оның куәлігіне сенуге болады, ол шындықты айтып тұрғанын біледі.

36. Киелі жазбалардағы мына тәрізді сөздердің осылай орындалуы тиіс еді: Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын! Бұл солай болды да.

37. Пайғамбарлар жазбаларының тағы бір жерінде: «Олар өздері түйреген Кісіні көретін болады» делінген.

38. Бұдан кейін ариматеялық Жүсіп деген кісі Пилатқа барды. Жүсіп Исадан тәлім алған шәкірті болғанмен, мұнысын яһуди басшыларынан қорыққанынан жасырып келген еді. Осы кісі Пилаттан Исаның мәйітін айқыш ағаштан түсіріп алуға рұқсат сұрады. Пилат бұған келісті. Жүсіп барып, сүйекті айқыштан түсіріп алды.

39. Нікөдем де сол жерге келді. Ол мәйітке жағатын мүр мен алоэ шайырының жүз қадақтай қоспасын әкелді. Нікөдем бұрын бір кезде түн ішінде Исаға келіп кеткен болатын.

40. Екеуі яһуди халқының дәстүрлі салты бойынша мәйітке осы хош иісті қоспадан сала отырып, оны бәтес орауышқа орады.

41. Исаны айқышқа шегелеп өлтірген жердің маңында бір бақ болатын. Бақтың ішінде әлі ешкім қойылмаған бос қабір бар еді.

42. Яһуди мейрамының қарсаңы болғандықтан және қабір жақын тұрған соң, олар Исаның сүйегін соның ішіне апарып қойды.

About Жохан Chapter 19

Read Жохан Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жохан
Chapter: 19
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жохан. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жохан Chapter 19 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жохан Chapter 19?

Жохан Chapter 19 is part of the Book of Жохан in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жохан Chapter 19 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 9
  2. Жохан Chapter 7
  3. Жохан Chapter 4
  4. Жохан Chapter 3
  5. Жохан Chapter 1
  6. Жохан Chapter 8
  7. Жохан Chapter 6

Explore More from жохан

  1. Жохан Chapter 4
  2. Жохан Chapter 21
  3. Жохан Chapter 11
  4. Жохан Chapter 18
  5. Жохан Chapter 12
  6. Жохан Chapter 20
  7. Жохан Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 25
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 5
  3. Әйүп Chapter 10
  4. Забур жырлары Chapter 49
  5. Ошия Chapter 1
  6. Езекиел Chapter 32
  7. Еремия Chapter 32
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *