Әйүп Chapter 31

For English

Read Әйүп Chapter 31 Online

Read Әйүп Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 31

Тарау 31

1. Қыз-келіншектерге құмарта қарамауға көздеріммен келісім жасасып, оларды соған үйреттім.

2. Өйткені заңғар биікте тұратын Құдай бізге қандай тағдырды белгілеген? Құдіреті шексіз Тәңір бізге қандай «мұра» бұйырған?

3. Ол әділетсіздерге жазасын тартқызып, жамандық жасағандарды апатқа ұшыратпай ма?

4. Бар іс-әрекетімді көріп, басқан қадамдарымның бәрін де Ол бағалайды емес пе?

5. Әлде мен өтірікке сүйене өмір сүріп, адамдарды алдадым ба?

6. Құдай істерімді дұрыс таразыға сала көрсін. Менің адалдығымды Оның Өзі біледі ғой.

7. Егер мен не тура жолдан тайған, не көзбен көргеніме құмартқан, не басқа да күнә жасап арамданған болсам,

8. онда еккен егінімнің өнімін басқалар жеп қойсын! Отырғызған көшеттерім түп-тамырымен жұлынып қалсын!

9. Егер бір әйелдің еліктіруіне түсіп, не көршімнің есігінде оның әйелін аңдыған болсам,

10. онда өз әйелім басқа бір еркектің қол диірменін тартып, тамағын дайындасын, әрі бөтен адамдар онымен жақындасатын болсын.

11. Себебі осылай істесем, бұл нағыз зұлымдық әрі сотталып, жазалануға лайықты күнә болар еді.

12. Сондай істерім өзімді өртеп, тозаққа түсіретін, бар игілігімді тұтас жалмап қоятын от сияқты болар еді.

13. Немесе қызметшілерім шағымданып, мен олардың ақыларын жеп қойған болсам,

14. онда Құдай сот жүргізу үшін орнынан тұрғанда, не істер едім? Ол мені тексеріп сынағанда, Оған қандай жауап берер едім?

15. Мені анамның құрсағында жаратқан Құдайым қызметшілерімнің әрқайсысын да солай жаратқан жоқ па?!

16. Мен бейшараларға қажетті көмекті бермеп пе едім, яки жесірлерді жылатып үмітсіз қалдырған ба едім?

17. Әлде нанымды жалғыз өзім жеп, жетіммен бөлісуден бас тарттым ба?

18. Жоқ, мен әкесіндей болып жас кезімнен-ақ жетімді асырадым. Өмір бойы жесірлерге де қамқорлық жасап келемін.

19. Киімі жоқ үй-күйсізді әрі жамылғысы жоқ жарлы-жақыбайды көргенде,

20. оларға өз қойымның жүнінен тоқылған киім кигізбедім бе? Сол үшін олар маған алғыс айтқан жоқ па еді?

21. Егер соттың маған болысатынына сенімді болып, жетімге қарсы қолымды созып зорлық жасасам,

22. онда иығым жауырынымнан ажырап, қолым да буынынан шығып кетсін!

23. Өйткені мен Құдайдың жазасынан қорықтым. Осындай нәрсені істегеннен кейін Оның салтанатты ұлылығымен бетпе-бет келгенде соған төзе алмас едім.

24. Я болмаса алтынға сенімімді артып, саф алтынды өзіме демеу еткен бе едім?

25. Байлығымның молдығына әрі ағыл-тегіл дәулетке қол жеткізгеніме лепіре мақтандым ба?

26. Мен жарқырап тұрған күнге не салтанатпен қимылдайтын айға қарағанда,

27. жүрегім елігіп кетті ме? Қолымды өбіп, күнге не айға қарай созып табындым ба?

28. Бұл да сотталып жазалануға тиіс күнә. Солай еткен болсам, мен көктегі Құдайға опасыздық жасаған болар едім.

29. Яки өзімді жек көретін дұшпанымның басына түскен бақытсыздығына қуанып, оның ұшыраған апатына шаттандым ба?

30. Жоқ, мен аузымның ондай адамды қарғап күнә жасауына жол берген емеспін.

31. Үйімдегі қызметшілерім: «Әйүптің дастарқанынан тоя ет жемеген адам болған емес!» деп мені мақтайтын.

32. Ешбір бөтен жолаушыны менің кесірімнен далада түнеуге мәжбүр етпей, бәріне де есігімді айқара ашып қоятынмын.

33. Я болмаса, басқалардай күнәларымды жасырып, айыбымды жүрегімде тығып жүрдім бе?

34. Осылайша үлкен жамағаттан әрі руластарымнан ұялып, сыртқа шықпай, жиналысқа қатыспаған кезім болды ма? (Жоқ, ешқашан да!)

35. Мені тыңдайтын біреу болса ғой! (Өзімді ақтайтын құжатқа) қолымды қоюға дайынмын. Құдіреті шексіз Тәңір маған жауап қайыра көрсін! Мені айыптаушы маған қандай кінә тағатынын жазбаға тізіп жазып берсін!

36. Соны ашықтан-ашық иығымда көтеріп жүріп, тіпті тәж іспетті басыма киіп те алар едім.

37. Мен Құдайға әр басқан қадамым туралы есеп беріп, Оның алдына әмірші іспетті емін-еркін барар едім.

38. Егер егістік жерім мені кінәлап, оның соқа айдаған іздері жылаған іспетті шағымданса,

39. мен оның өнімін жұмысшыларға жалақыларын төлемей алған, не иелерінің көзін құртқан болсам,

40. онда бидайдың орнына тікенек, арпаның орнына арам шөп өсіп шықсын! Әйүптің айтқан сөздері осымен аяқталды.

About Әйүп Chapter 31

Read Әйүп Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 31
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 31 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 31?

Әйүп Chapter 31 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 31 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 2
  3. Әйүп Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 10
  5. Әйүп Chapter 33
  6. Әйүп Chapter 35
  7. Әйүп Chapter 26

Explore More from Ескі өсиет

  1. Естер Chapter 3
  2. Әйүп Chapter 37
  3. Руларды санау Chapter 32
  4. Езра Chapter 2
  5. Ишая Chapter 47
  6. Езекиел Chapter 2
  7. Естер Chapter 10

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 110
  2. Амос Chapter 9
  3. Мысырдан шығу Chapter 36
  4. Ишая Chapter 5
  5. Ишая Chapter 24
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 20
  7. Билер Chapter 21
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *