Жақыптың Chapter 2

For English

Read Жақыптың Chapter 2 Online

Read Жақыптың Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жақыптың in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жақыптың and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жақыптың 2

Тарау 2

1. Бауырластарым менің, сендер салтанатты ұлылыққа бөленген Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен, адамдарды сыртына қарап алаламаңдар!

2. Айталық, қауым жиналыстарыңа алтын жүзік тағып, жалтыраған сәнді киім киген кісі, сондай-ақ, жұпыны киінген кедей де келді дейік.

3. Сонда сендер жүзік таққан байға: «Төрге шығып, жайғасыңыз» деп, ерекше назар аударасыңдар. Ал мүсәпірге: «Ана жерге тұр» немесе «Мұнда, аяқ жағыма отыр» дейсіңдер.

4. Осылайша адамдарды алалап, жаман пиғылды төрешілерге айналасыңдар, солай емес пе?

5. Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.

6. Ал сендер кедейлерді кемсітіп келесіңдер! Өздеріңді жәбірлеп, сотқа тартатындар сол байлар емес пе?!

7. Сендерге берілген ізгі есімді масқаралайтын да солар ғой.

8. Киелі жазбада берілген «асыл заң» мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы кісіні де солай сүй!» Осыны іс жүзінде орындасаңдар, дұрыс істегендерің.

9. Егер адамдарды сыртына қарап алаласаңдар, күнә жасап Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіңдер.

10. Тіпті бүкіл Таурат заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты.

11. Тауратта «Неке адалдығын бұзба!» деп бұйырған Тәңір Иеміз «Кісі өлтірме!» деп те айтты. Егерде неке адалдығын бұзбай, кісі өлтірсең, бәрібір Құдайдың заңын бұзушы болып табыласың.

12. Мәсіх сендерге рухани азаттық әкелген өз тәлімі бойынша төрелік ететін болады. Сөздерің мен іс-әрекеттерің соған сай болсын!

13. Мейірім көрсетпеген адамға сот та мейірімсіз болмақ. Мейірім соттаудан үстем!

14. Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?! Сондай сенімі оны Тәңір Иенің қаһарынан құтқара ала ма?

15. Айталық, сендердің сенуші бауырластарың, не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік.

16. Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?!

17. Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол — өлі сенім.

18. Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар, ал мен игі істер жасаймын» дер. Игі істер тудырмайтын сеніміңнің шынайылығына көзімді жеткізші, ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін.

19. Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді.

20. Қандай ақымақтық! Ей, пенде, игі іс-әрекетсіз сенімнің пайдасыз екенін ұқпайсың ба?

21. Түп атамыз Ыбырайым баласы Ысқақты құрбандыққа ұсынғанда сол ісі арқылы Құдай алдында ақталды емес пе?

22. Байқайсың ба: Ыбырайым Құдайға сенді, сондай-ақ Оның айтқаны бойынша әрекет етті де. Осылайша сол істегендері арқылы Ыбырайымның сенімі кемеліне жетті.

23. Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды». Содан Ыбырайым тіпті «Құдайдың досы» деген атаққа да ие болды.

24. Өздерің көріп отырғандай, Тәңір Иенің алдында адамды тек оның сенімі ғана емес, істегендері де ақтайды.

25. Сол секілді, бұрын жеңіл жүрісті әйел болған Рахаб та (Құдайға сеніп) барлаушыларды үйіне түсіріп, басқа жолмен қашып құтылуларына жағдай жасады. Рахаб осы ісі арқылы ақталды емес пе?

26. Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз сенім де өлі.

About Жақыптың Chapter 2

Read Жақыптың Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жақыптың in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жақыптың
Chapter: 2
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жақыптың. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жақыптың Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жақыптың Chapter 2?

Жақыптың Chapter 2 is part of the Book of Жақыптың in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жақыптың Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from жақыптың

  1. Жақыптың Chapter 3
  2. Жақыптың Chapter 1
  3. Жақыптың Chapter 5
  4. Жақыптың Chapter 4

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Жақыптың Chapter 1
  2. Елшілердің істері Chapter 15
  3. Елшілердің істері Chapter 28
  4. 2 Тімотеге Chapter 2
  5. Лұқа Chapter 6
  6. 1 Салониқалықтарга Chapter 5
  7. Елшілердің істері Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 7
  2. Ишая Chapter 46
  3. Еремия Chapter 41
  4. Ишая Chapter 63
  5. Забур жырлары Chapter 61
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 28
  7. Мысырдан шығу Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *