Ошия Chapter 13

For English

Read Ошия Chapter 13 Online

Read Ошия Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ошия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ошия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Ошия 13

Тарау 13

1. Өткен замандарда Ефрем тіл қатқанда адамдар қалтырап оның айбатынан сескенетін. Исраилде осы рудың мерейі үстем болатын. Бірақ кейін ол жалған тәңір Бағалға табынып кінәлі болды, мұның соңы өлімге апарып соқты.

2. Ал енді олар күнәға бұрынғыдан бетер батып, өздеріне жалған тәңір мүсінін жасатып алды. Бұл мүсіндерді қолөнершілер шеберлікпен күмістен құйды. Осы жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандық шалғандарға: «Оларды өбіп сүйіңдер!» — дейді.

3. Сондықтан олар тез сейілетін таңғы тұман не тез кебетін шық сияқты, әрі қырманнан жел айдап ұшыратын кебек не үйдің мұржасынан шығатын түтін сияқты лезде ғайып болады.

4. Бірақ Мен сендерді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Өзімнен басқа ештеңені Құдай деп танымаңдар! Менен өзге ешбір құтқарушы жоқ.

5. Мен сендерге иен далада, қуаңшылық жайлаған елде қамқорлық жасадым.

6. Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды.

7. Сондықтан Мен оларға арыстан сияқты тап беріп, қабылан сияқты жүрер жолын аңдып, шабуыл жасаймын.

8. Оларға қонжықтарынан айырылған ұрғашы аюдай бас саламын да, кеуделерін жарып тастаймын. Оларды арыстандай жалмап, жыртқыш аңдай жыртамын.

9. «Өзіңді-өзің құрттың, уа, Исраил! Сен өзіңе көмек беретін Маған қарсысың!

10. Сенің патшаң қайда екен? Ол сені күллі қалаларыңда құтқарып алсын! «Маған патша мен әміршілер бер!» деген едің. Енді сол билеушілерің қайда жүр?

11. Сол себепті Мен ашуланып тұрып, сендерге бір патшаны тағайындадым. Ал кейін қаһарланып, оны сендерден алып тастадым.

12. Ефрем халқының зұлым істері жинаулы тұр, олардың күнәларының бәрі де жазулы.

13. Халық анасы толғақ азабын тарта бастаса да, құрсақтан шыққысы келмейтін түйсіксіз сәбиге ұқсайды.

14. Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».

15. Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.

About Ошия Chapter 13

Read Ошия Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ошия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ошия
Chapter: 13
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ошия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ошия Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ошия Chapter 13?

Ошия Chapter 13 is part of the Book of Ошия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ошия Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from ошия

  1. Ошия Chapter 9
  2. Ошия Chapter 2
  3. Ошия Chapter 11
  4. Ошия Chapter 6
  5. Ошия Chapter 7
  6. Ошия Chapter 10
  7. Ошия Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. 2 Тімотеге Chapter 3
  2. Жоқтау Chapter 4
  3. Титке Chapter 1
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 4
  5. Елшілердің істері Chapter 19
  6. Забур жырлары Chapter 108
  7. Зәкәрия Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *