Read Леуіліктер Chapter 17 Online
Read Леуіліктер Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Леуіліктер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Леуіліктер 17
Тарау 17
1. Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деп бұйырды:
2. — Һарон мен оның ұлдарына және барлық исраилдіктерге мынаны айт: Жаратқан Иенің бұйрығы мынау:
3. егер Исраил халқынан біреу не мүйізді ірі қарасын, не тоқтысын, не ешкісін ел қонысының ішінде немесе оның сыртында шалып,
4. ал оны кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, Жаратқан Иеге арнап Оның (жер бетіндегі) тұрағының алдында құрбандыққа ұсынбаса, малдың қаны сол адамның өз мойнына жүктеледі. Адам қан төккен болып есептелінеді, оны халықтан аластату қажет.
5. Бұның мақсаты — исраилдіктердің бұрын ашық далада шалып келген құрбандықтарын бұдан былай Жаратқан Иеге әкелулері. Олар құрбандықтарын кездесу шатырының кіреберісіндегі діни қызметкерге алып келіп, оларды Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіріп құрбандыққа шалып, Оған ұсынсын.
6. Діни қызметкер құрбандықтың қанын кездесу шатырының кіреберісінің алдында тұрған Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне шашып, майларын Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды тарту ретінде өртеп жіберсін.
7. Олар бұдан былай Жаратқан Иеге опасыздық жасап, теке кейпіндегі жалған тәңірлерге құлшылық етпесін, әрі соларға ешбір құрбандықтарын ұсынбасын! Бұл — олардың өздері үшін де, келер ұрпақтары үшін де тұрақты ереже.
8. Оларға былай де: егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу болсын, не араларында тұрып жатқан жат жұрттық адам болсын, шалынып, түгелдей өртелетін немесе басқа бір құрбандық ұсынса,
9. бірақ онысын Жаратқан Иеге ұсыну үшін кездесу шатырының кіреберісіне алып келмесе, сол адам халықтың арасынан аластатылсын!
10. Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын.
11. Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады.
12. Сондықтан Мен Исраил халқына былай дедім: «Сендердің ешқайсыларыңның да араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтардың да қанды ішіп-жеулеріңе болмайды!»
13. Не исраилдік, не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу жеуге болатын аңды не құсты ауласа, соның қанын толық ағызып, топырақпен көміп тастаңдар!
14. Әрбір мақұлықтың жаны оның қанында. Сол себепті Мен исраилдіктерге ешқандай тәннің қанын ішіп-жемеуді бұйырдым. Өйткені барлық мақұлықтардың жаны қанында. Сол себепті оны ішіп-жеген әркім аластатылуға тиіс.
15. Кімде-кім, не исраилдік болсын, не жат жұрттық болсын, арам өлген немесе жыртқыш аңдарға таланып өлген хайуанның етін жесе, ол киімдерін жуып, өзі де сумен жуынсын. Сол адам кешке дейін арамданған, ал содан соң таза болып саналады.
16. Ал егер киімдерін жумай, өзі де жуынбаса, оның айыбы өз мойнында болады.
About Леуіліктер Chapter 17
Read Леуіліктер Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Леуіліктер
Chapter: 17
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Леуіліктер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Леуіліктер Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Леуіліктер Chapter 17?
Леуіліктер Chapter 17 is part of the Book of Леуіліктер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Леуіліктер Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from леуіліктер
- Леуіліктер Chapter 11
- Леуіліктер Chapter 19
- Леуіліктер Chapter 23
- Леуіліктер Chapter 9
- Леуіліктер Chapter 3
- Леуіліктер Chapter 14
- Леуіліктер Chapter 8