Билер Chapter 2

For English

Read Билер Chapter 2 Online

Read Билер Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Билер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Билер 2

Тарау 2

1. Жаратқан Иенің періштесі Ғылғалдан Бохимге өрлеп барып, (сонда жиналып тұрған исраилдіктерге Жаратқан Иенің мына хабарын жеткізді:) «Мен сендерді Мысырдан алып шығып, ата-бабаларыңа ант еткен осы елге әкелдім. Мен сендермен жасаған Келісімімді ешқашан да бұзбаймын деген едім.

2. Ал сендер бұл елді мекендеген халықтармен ешқандай келісім жасаспауға әрі олардың құрбандық ұсынатын орындарын қиратуға тиіс едіңдер. Бірақ та Менің сөздеріме құлақ аспадыңдар. Бұлай істегендерің қалай?

3. Ал енді сендерге мынаны айтамын: Мен бұдан былай сол халықтарды алдарыңнан қуып шығармаймын. Олар бүйірлеріңе тиген қамшыдай болмақ, ал өздерінің табынатын жалған тәңірлері сендерді тұзақ іспетті құлатпақ».

4. Жаратқан Иенің періштесі осы сөздерді барлық исраилдіктерге айтқан кезде халық дауыс көтеріп зарлай бастады.

5. Сондықтан да олар сол жерді Бохим (демек, Зарлау) деп атап кетті. Халық осы жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып ұсынды.

6. Кезінде Ешуа халықты таратып жібергенде, исраилдіктер елді иемденуге әрқайсысы өзіне бөлінген мұралық жеріне кеткен болатын.

7. Ешуаның көзі тірісінде және Жаратқан Иенің Исраил халқы үшін істеген ұлы істерінің барлығын көздерімен көріп, Ешуадан кейін де ұзақ жасаған ақсақалдардың бүкіл кездерінде халық Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оған ғибадат ете берді.

8. Жаратқан Иенің қызметшісі Нұн ұлы Ешуа жүз он жыл жасап, қайтыс болды.

9. Оның мәйіті Ешуаның үлесіне тиген жерінде: Ефрем руының таулы аймағындағы Ғағаш төбесінің солтүстік жағындағы Тимнат-Серах қаласының маңында қабірге қойылды.

10. Сол буынның күллі адамдары дүние салып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Жаратқан Иені танымайтын және Оның Исраил үшін істеген ұлы істерін ескермейтін жаңа ұрпақ дүниеге келді.

11. Олар Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, Бағал атты жалған тәңірлердің мүсіндеріне табына бастады.

12. Сол жаңа ұрпақ ата-бабалары сиынған, оларды Мысыр елінен алып шыққан Құдайлары — Жаратқан Иеден бас тартты, әрі айналаларында тұрып жатқан ұлттардың табынатын бөгде тәңірлерінің жолдарына түсіп, соларға иіліп құлшылық етті. Халық бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды.

13. Осылайша исраилдіктер Жаратқан Иеден бас тартып, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне табынатын болды.

14. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды.

15. Халықтың жасақшылары қайда барып, шабуылдаса да, Жаратқан Ие Өзі ант етіп алдын ала айтқандай, оларға қарсы соғысып, жеңіліске ұшыратты. Содан халық қатты қиналды.

16. Ал Жаратқан Ие Исраилге билер тағайындап отырды, олар халықты тонаған жауларының қолынан құтқарды.

17. Бірақ халық осы билерге де құлақ аспай, бөгде тәңірлерге азғындықпен бас иіп табынып кетті. Олар ата-бабалары жүрген тура жолдан лезде-ақ тайып, солар сияқты Жаратқан Иенің өсиеттеріне мойынсұнған жоқ.

18. Исраилдіктер жаулардың өздеріне зорлық-зомбылық көрсетіп азаптағанынан күңіренгендіктен, Жаратқан Ие оларға жаны ашып, билер тағайындап отырды. Жаратқан Ие сол биге жар болып, оның көзі тірісінде исраилдіктерді жауларынан құтқарып отырды.

19. Алайда би қайтыс болған соң, халық ата-бабаларынан бетер азғындыққа салынып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, соларға бас иіп құлшылық ететін. Осылай халық өздерінің күнәкар қылықтарын және қасарысып Хақ Тағалаға бағынбауларын доғарған жоқ.

20. Сол себепті Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол былай деді: «Мына халық Менің өздерінің ата-бабаларымен жасаған Келісімімді бұзып, айтқандарыма құлақ түрмегендіктен,

21. Мен де енді Ешуа елден қуып шығармаған ұлттардың ешқайсысын исраилдіктердің алдарынан қуып шығармаймын.

22. Осылайша Мен арғы аталары істегендей, қазіргі ұрпақ та Жаратқан Иенің жолымен жүре ме деп тексеріп сынаймын».

23. Осы себептен Жаратқан Ие сол ұлттарды Ешуаның қолына тапсырған да жоқ, тездетіп қуып шығарған да жоқ; қайта, олардың елде қалуларына жол берді.

About Билер Chapter 2

Read Билер Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Билер
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Билер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Билер Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Билер Chapter 2?

Билер Chapter 2 is part of the Book of Билер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Билер Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from билер

  1. Билер Chapter 21
  2. Билер Chapter 13
  3. Билер Chapter 19
  4. Билер Chapter 15
  5. Билер Chapter 8
  6. Билер Chapter 5
  7. Билер Chapter 17

Explore More from Ескі өсиет

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 10
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 27
  3. Нақыл сөздер Chapter 9
  4. Уағыздаушы Chapter 6
  5. Забур жырлары Chapter 115
  6. Мысырдан шығу Chapter 3
  7. Леуіліктер Chapter 16

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 8
  2. Матай Chapter 6
  3. Лұқа Chapter 16
  4. Забур жырлары Chapter 78
  5. Забур жырлары Chapter 41
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 8
  7. Заңды қайталау Chapter 19
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *