Жаратылыстың бастауы Chapter 25

For English

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 25 Online

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жаратылыстың бастауы 25

Тарау 25

1. Ыбырайым тағы да үйленіп, Кетура есімді әйел алған болатын.

2. Одан Ыбырайымның Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах деген ұлдары дүниеге келді.

3. Жоқшаннан Сәба мен Дедан туды. Деданнан кезінде ашурлықтар, летуштіктер және леумдіктер тарады.

4. Мадиянның ұлдарының аттары мыналар: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Кетурадан тараған ұрпақтар болатын.

5. Алайда Ыбырайым жинаған бар дүние-мүлкін Сарадан туған Ысқаққа мұра етіп қалдырды.

6. Өзінің көзі тірісінде ол кәнизактарынан туған ұлдарына енші беріп, оларды шығыс жаққа, өз ұлы Ысқақтың маңынан алшақтау жерге, жіберді.

7. Ыбырайым барлығы жүз жетпіс бес жыл жасады.

8. Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды.

9. Ысқақ пен Ысмағұл әкелерінің мәйітін Мамренің қасында, хеттік Сохар ұлы Ефронның егістігінде орналасқан Махпела үңгіріне апарып, марқұм әйелі Сараның қасына қойды.

10. Бұл жер танабы мен үңгірді Ыбырайым кезінде хеттіктерден сатып алған болатын.

11. Ыбырайым өлгеннен кейін Құдай оның ұлы Ысқақты да жарылқап жүрді. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдықтың маңайында өмір сүріп жатты.

12. Ыбырайымның Сараның мысырлық күңі Ажардан туған ұлы Ысмағұлдың үрім-бұтағының шежіресі мынау:

13. Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам,

14. Мишма, Дума, Масса,

15. Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды.

16. Бұлар Ысмағұлдың он екі ұлынан тарап, жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болып, мекендеген жеріне қарай бөлінген рулардың он екі көсемі болды.

17. Ысмағұл барлығы жүз отыз жеті жыл өмір сүріп, ата-бабаларының қасына аттанды.

18. Оның ұрпақтары Мысырдың шығысындағы Шурдан Ассур еліндегі Хауилаға қарай созылған аралықты мекендеп, барлық бауырлас тайпалармен жауласып өмір сүрді.

19. Ыбырайымның ұлы Ысқақтың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ыбырайымнан Ысқақ туды.

20. Ысқақ қырық жасында солтүстік Месопотамияда тұратын арамалық Бетуелдің қызы, Лабанның қарындасы Рабиғаға үйленді.

21. Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ ол үшін Жаратқан Иеге жалына сиынды. Оның тілегін Иеміз қабыл алып, күндердің күнінде Рабиға жүкті болды.

22. Оның құрсағындағы екі нәресте бір-бірімен тебісетін. Сонда ол: «Менде не үшін бұлай?» — деп ойлап, осыны білмекші болып Жаратқан Иеге жүгінді.

23. Иеміздің жауабы мынау болды: «Сенің ішіңде екі тайпа жатыр, Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ. Біреуі екіншісінен күштірек болып, Ағасы інісінің қызметшісі болмақ».

24. Босанатын уақыты келіп, Рабиға егіз ұл тапты.

25. Бірінші туған баланың денесін киім іспетті қалың қызыл түк басып кеткендіктен, оған Есау (яғни «Түкті») деп ат қойды.

26. Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді.

27. Балалар ер жетті. Есау дала кезіп жүретін білікті аңшы болса, Жақып шатыр маңайында тыныш жүретін жігіт еді.

28. Ысқақ баласы аулаған аңның етін ұнатқандықтан, Есауды жақсы көретін. Ал Жақып Рабиғаның сүйікті ұлы болды.

29. Бір күні Жақып тамақ пісіріп жатқанда, Есау шаршап, қарны ашып даладан келді.

30. Ол Жақыпқа: — Маған тезірек мына бір қызғылт түсті көжеңнен берші, мен ашпын, — деді. Сондықтан ол кейін Едом (яғни «Қызыл») деп аталды.

31. Жақып: — Онда қазір маған өзіңнің тұңғыштық жолыңды сат, — деп қолқа салды.

32. Есау: — Аштықтан өлейін деп тұрғанымда, маған тұңғыш боп туғандығымның керегі қанша? — деді.

33. Жақып: — Алдымен маған ант бер, — деп талап етті. Есау ант беріп, өзінің тұңғыштық жолын Жақыпқа сатып жіберді.

34. Сонда Жақып оған нан және қызыл жасымықтан пісірген көжені ұсынды. Есау ішіп-жеп болған соң жөніне кетті. Осылайша ол тұңғыштық жолына немқұрайды қарап, одан бас тартты.

About Жаратылыстың бастауы Chapter 25

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 25
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жаратылыстың бастауы Chapter 25?

Жаратылыстың бастауы Chapter 25 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from жаратылыстың бастауы

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 3
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 11
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 8
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 10
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 35
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 24
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 46

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 21
  2. Билер Chapter 19
  3. Аян Chapter 10
  4. Езекиел Chapter 43
  5. Забур жырлары Chapter 76
  6. Ошия Chapter 1
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 35
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *