Read Забур жырлары Chapter 40 Online
Read Забур жырлары Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 40
Тарау 40
1. Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме, Бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме.
2. Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырдан Мені тартып шығарды әрі батпақтан; Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды, Нық, қауіпсіз қылды қадамдарымды.
3. Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды, Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды. Мұны көрген көпшілік Жаратқанды Қастерлеп, Оған сенімін артады.
4. Менмендердің қолдауын сұрамайтын, Жалғанға сүйенгендерге бет бұрмайтын, Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқан Әркім — өмір бақи қандай бақытты жан!
5. Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың, Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың. Игі істеріңді айтуға тырыссам, Көптігі сонша, санауға жетпейді сан: Саған тең келе алмас бірде-бір жан!
6. Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды талап қылмадың.
7. Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Шиыршық кітапта мен туралы жазылған:
8. Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың».
9. Үлкен жиында әділдікті уағыздадым, Ием, Сен білесің, мен үнсіз қалмадым,
10. Іште жасырмадым әділ хабарыңды: Сенімділігің мен құтқаруыңды, Рақымың мен ақиқатыңды Өзіңнің Үлкен жиналыста айтпай кетпедім.
11. Мені мейіріміңнен айырмашы, о, Ием, Рақым мен шындығың мені қорғасын лайым.
12. Сансыз пәлелер маған жан-жақтан лап берді, Жасаған күнәларым мені қуып жетті, Соларға бола жолымды көре алмаймын. Басымдағы шашымнан көп саны олардың, Содан үмітім үзіліп, жүрексіз болдым.
13. Уа, Ием, рақым етіп мені құтқара гөр, Маған көмекке тездетіп келе гөр.
14. Жанымды алмақ болған бар жауларым Таңдана абыржып, ұятқа қалсын, Маған пәле тілеген бар дұшпандарым Масқараланып кері қайтарылсын!
15. «Өзіңе де сол керек!» деп табалаған Олар қатты ұялып, таңғалсын соған.
16. Бірақ бет бұрып сиынғандар Саған Өзіңе қуана берсін шат-шадыман, Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім: «Иеміз даңқты!» деп Сені дәріптесін!
17. Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың. Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің.
About Забур жырлары Chapter 40
Read Забур жырлары Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 40
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 40 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 40?
Забур жырлары Chapter 40 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 40 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 135
- Забур жырлары Chapter 10
- Забур жырлары Chapter 113
- Забур жырлары Chapter 72
- Забур жырлары Chapter 82
- Забур жырлары Chapter 63
- Забур жырлары Chapter 125