Ишая Chapter 26

For English

Read Ишая Chapter 26 Online

Read Ишая Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Ишая 26

Тарау 26

1. Сол кезде Яһуда еліндегі халық мына жырды әндететін болады: «Біздің қала мықты, Құдайдың Өзі Қабырғалар мен бекіністер іспетті Оны құтқарып, қауіпсіз етеді!

2. Айқара ашыңдар қала қақпаларын! Қалаға әділ халық ене алсын, Шынымен адал халық кіре алсын!

3. Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.

4. Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан, Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.

5. Ол өркөкіректерді төмендетеді, Солар тұрған зәулім қаланы күйретеді, Оны түгелдей жерге құлатады, Әрі оның күл-талқанын шығарады.

6. Бұрын езілгендер қаланы таптар, Иә, кедейлер үстінде аяқ басар.

7. Тегіс те түзу — жолы әділдердің, Уа, Хақ Тағала, жолды тегістейсің Ой-ниеті адал адамдар үшін.

8. Сенің шешімдеріңе бағынамыз, Сені күтіп Саған сенім артамыз. Уа, Тәңір, есіміңді қатты ұнатамыз, Есімізге Сені алып тұрамыз.

9. Жан дүнием аңсайды Сені түнде, Рухым да сағынады таң сәріде. Сен дүниеге сот жүргізген кезіңде Жердің халқы үйренеді әділдікке.

10. Зұлымға рақым көрсетілсе де, Бәрібір үйренбейді әділдікке, Тіпті турашыл халықтың елінде Ол әлі де әділетсіздік істеуде, Жаратқанның ұлылығын менсінбеуде.

11. О, Тәңір, қолың соғуға көтерілген, Бірақ зұлымдар соған қоймайды ден, Өз халқыңды қорғайтыныңды зор ынтамен Көрсетіп оларды ұялтасың Сен. Жауларыңа дайын тұрған от расында Оларды жалмайтын болады да.

12. Ал бізге, уа, Жаратқан, тыныштық бересің. Себебі өзіміздің қол жеткеніміздің Бәрі — нәтижесі Сенің істегендеріңнің.

13. О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз, Бізді билеп келді бөгде иелеріміз. Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз!

14. Сол иелеріміз енді дүниеден өткен, Әрі аруақтары тірілмес өлімнен, Өйткені ден қойып, оларды қырдың Сен, Содан олар шықты бәрінің естерінен.

15. Уа, Иеміз, халқымыздың санын көбейттің, Жерімізді де Сен жан-жаққа кеңейттің. Осылайша ұлтымызды үлкейттің, Содан зор құрмет пен даңққа бөлендің».

16. Уа, Жаратқан Ие, Сен бізді жазалағанда, Саған сыбырлап қана мінажат еттік.

17. Толғақ қысқан әйелдің аурудан бүрісіп айқайлағанындай, біз де көз алдыңда қиналдық, уа, Жаратқан Ие.

18. Содан толғақ қысқандай бүрісіп келеміз, алайда көрген азабымыздан еш нәтиже болмады: не осы жерге құтқарылу әкелмедік, не жаңа тұрғындар дүниеге келмеді.

19. Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ.

20. Уа, халқым, үйлеріңе барып, есіктеріңді бекітіп алыңдар. Жаратқан Иенің ашу-ызасы басылғанша біраз уақыт жасырына тұрыңдар.

21. Біліп алыңдар, Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, жер бетін мекендеген адамдарға олардың әділетсіз істеріне бола назарын аударады. Жер бетіндегі қантөгіс атаулы әшкереленіп, жер ондағы өлтірілгендерді бұдан былай жасырмайтын болады.

About Ишая Chapter 26

Read Ишая Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ишая
Chapter: 26
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ишая Chapter 26 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ишая Chapter 26?

Ишая Chapter 26 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ишая Chapter 26 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from ишая

  1. Ишая Chapter 54
  2. Ишая Chapter 30
  3. Ишая Chapter 61
  4. Ишая Chapter 23
  5. Ишая Chapter 56
  6. Ишая Chapter 2
  7. Ишая Chapter 59

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 4-ж Chapter 25
  2. Забур жырлары Chapter 129
  3. Забур жырлары Chapter 73
  4. Жақыптың Chapter 4
  5. Забур жырлары Chapter 36
  6. Елшілердің істері Chapter 17
  7. Зәкәрия Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *