Патшалықтар 1-ж Chapter 6

For English

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 6 Online

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 1-ж 6

Тарау 6

1. Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы жеті ай бойы філістір жерінде болғаннан кейін

2. філістірлер абыз-көріпкелдерін шақырып, оларға: — Жаратқан Иенің сандығымен не істеуіміз керек? Оны өз орнына қалай қайтаруға болатынын айтыңдаршы? — деген сауал қойды.

3. Әлгілердің жауабы мынау болды: — Исраилдің Құдайының сандығын қайтарамыз десеңдер, оны құр жібермей, айыптарыңды өтейтін сый-тартумен қоса қайтаруларың керек. Сонда ауруларыңнан айығып, Жаратқан Иенің құдіретті қолының өздеріңді неліктен жазалап келгенін ұғарсыңдар. —

4. Халық: — Оған айыпты өтейтін қандай сый-тарту жіберу керек? — деп сұрады. Абыз-көріпкелдер былай деп жауап берді: — Өздерің мен әміршілерің бірдей індетке ұшырағандықтан, әміршілердің санына сәйкес етіп бес-бестен алтын шиқанды ісік пен алтын тышқан мүсіндерін жіберіңдер!

5. Ісіктердің және елдеріңді ойрандап жатқан тышқандардың алтын мүсіндерін жасатып, Исраилдің Құдайының даңқты ұлылығын мойындаңдар! Мүмкін, Ол сонда өздеріңді, тәңірлерің мен елдеріңді осылай ауыр жазалауын доғарар.

6. Бір кездегі мысырлықтар мен перғауын сияқты жүректеріңді қасарыстырмай-ақ қойыңдар! Жаратқан Ие өздеріне құдіретін көрсеткен соң олар исраилдіктерді босатып жіберуге мәжбүр болды емес пе?!

7. Ендеше бір жаңа арба жасатыңдар. Оған жақында бұзаулаған, әлі ешқашан жегілмеген екі қашарды жегіп, бұзауларын бөліп алып, қораға қамап қойыңдар.

8. Жаратқан Иенің сандығын сол арбаның үстіне орнатуларың керек. Оның жанында айыптарыңды өтейтін сый-тарту ретінде Жаратқан Иеге ұсынып отырған алтын бұйымдарың салынған сандықшаны орналастырыңдар. Содан кейін арбаны бет алған жағына қарай қоя беріп,

9. артынан бақылап отырыңдар! Егер арба өз жеріне, Бет-Шәміш қаласына қарай өрлесе, онда осы зор апатты бізге Жаратқан Иенің Өзінің жібергені. Ал егер арба басқа жаққа қарай бағытталса, онда бізді жазалаған Ол емес екеніне, бұл апаттың басымызға кездейсоқ түскеніне көз жеткіземіз.

10. Філістірлер айтылғанның бәрін істеді. Олар таяуда бұзаулаған екі қашарды арбаға жегіп, бұзауларын ажыратып алып, қамап тастады.

11. Арбаның үстіне Жаратқан Иенің сандығын орналастырып, жанына ісіктер мен тышқандардың алтын мүсіндері салынған сандықшаны қойды.

12. Сонда сиырлар тура Бет-Шәмішке апаратын жолға түсіп алды. Олар не оңға, не солға бұрылмастан, үздіксіз мөңіреумен даңғыл жолмен өрлеп жүріп отырды. Філістір әміршілері олардың соңынан Бет-Шәміштің шетіне дейін еріп барды.

13. Бұл қаланың халқы сол кезде егін алқабынан бидай жинап жатты. Олар бастарын көтергенде Келісім сандығын көріп, соған шат-шадыман қуанды.

14. Арба бет-шәміштік Ешуаның егістігіне жетіп, сол жердегі дәу тастың жанына тоқтады. Леуіліктер Құдайдың Келісім сандығын және алтын бұйымдар салынған сандықшаны арбадан түсіріп, дәу тастың үстіне қойды. Арбаның ағашын отынға жарып, қашарларды құрбандыққа шалды да, Жаратқан Иеге арнап өртеп жіберді. Содан кейін Бет-Шәміштің тұрғындары тағы бірқатар малды құрбандыққа шалып, бірнешеуін Жаратқан Иеге ұсынып өртеп жіберді.

16. Філістірлердің бес әміршісі осының барлығын бақылап тұрып, сол күні Әкронға қайта оралды.

17. Олар айыптарының құнын өтейтін тарту ретінде Азот, Газа, Ашқалон, Ғат және Әкрон қалаларының атынан Жаратқан Иеге бір-бірден алтын ісік мүсінін ұсынған еді.

18. Сонымен қатар філістірлердің бес әміршісі басқаратын барлық қалаларының санына сәйкес алтын тышқан мүсіндерін де жіберген болатын. Олар қамалмен қоршалған қалалардан басқа маңайындағы ауыл-қыстақтарды да есептеген еді. Үстіне Жаратқан Иенің сандығы қойылған сол дәу тас күні бүгінге дейін бет-шәміштік Ешуаның егістік жерінде осы оқиғаның айғағы болып әлі де тұр.

19. Оның киелі сандығының ішіне қарағандары үшін Жаратқан Ие Бет-Шәміштің тұрғындарын жазалап, жетпісін өлтірді. Солардың арасында елу басшы да болды. Жаратқан Иенің өздеріне тартқызған соншама ауыр жазасына халық қатты қайғырып жоқтап,

20. «Осы Киелі Құдай — Жаратқан Иенің алдында кім тұра алады? Оның сандығы бұл жерден енді кімдерге апарылуға тиіс?» — деп абыржыды.

21. Олар Кирият-Иғарым қаласының тұрғындарына хабаршыларын жұмсап: «Філістірлер Жаратқан Иенің сандығын қайтарып жіберді. Енді келіп, оны өздеріңе алып кетіңдер!» — деген сәлем жолдады.

About Патшалықтар 1-ж Chapter 6

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 1-ж Chapter 6?

Патшалықтар 1-ж Chapter 6 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from патшалықтар-1-ж

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 8
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 21
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 31
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 29
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 15
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 32
  2. Аян Chapter 19
  3. Билер Chapter 17
  4. Ишая Chapter 15
  5. Мысырдан шығу Chapter 5
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 13
  7. Римдіктерге Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *