Зәкәрия Chapter 11

For English

Read Зәкәрия Chapter 11 Online

Read Зәкәрия Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Зәкәрия 11

Тарау 11

1. Уа, Ливан елі, қақпаларыңды айқара аш, самырсындарыңды от жалмап қойсын!

2. Уа, қарағай ағаштары, зар жылаңдар, себебі самырсындар құлап, айбынды ағаштар қирап қалды. Уа, Башан елінің емендері, зар жылаңдар, себебі Ливанның қалың орманы күйреді.

3. Шопандардың беу-беулеп жоқтаған дауыстарына құлақ түрші: Олардың мақтан тұтқан жайылымдары жойылды. Ақырып жүрген жас арыстандарға құлақ тікші! Себебі олардың Иордан өзенінің жағасындағы мекені — ну қамыс құртылды.

4. Құдайым Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сойылуға белгіленген отарымды бақ!

5. Оларды сатып алып кеткендер қырып салып, жазасыз қала береді. Ал оларды сатып жібергендер: Жаратқан Иеге шүкірлік, байып алдық! — дейді. Тіпті бақташылардың өздері баққан малын аямайды.

6. Мен енді елдің тұрғындарына аяушылық көрсетпеймін! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Оларды бір-бірінің әрі патшаларының қолдарына түсіремін. Солар елді ойрандаса да, Мен ешкімді олардың шеңгелінен құтқарып алмаймын!»

7. Осылай мен сойылуға белгіленген бір отар қойды бақтым. Олар езіліп, тапталғандар еді. Екі таяқ алып, бірін «Рақым», екіншісін «Бірлік» деп атап, отарды жайдым.

8. Бір айдың ішінде-ақ үш зұлым бақташыны жоқ қылдым. Ал отар мені жек көріп, мен де олардан әбден мезі болдым.

9. Сонда: «Бұдан былай мен сендердің бақташыларың болмаймын. Өлетіндерің өліп, құритындарың құрыңдар! Ал қалғандарың бір-біріңді жалмай беріңдер», — дедім.

10. Өзімнің «Рақым» атты таяғымды алып, оны сындырдым. Осылай мен барлық басқа халықтармен жасаған келісімімді жойғанымды көрсеттім.

11. Сөйтіп келісім сол күні жойылды. Ал отардың езіліп, тапталған қойлары мені бақылап тұрып, бұл сөздің Жаратқан Иеден келгенін ұқты.

12. Содан соң мен: «Егер құп көрсеңдер, менің ақымды беріңдер, құп көрмесеңдер, мейлі, төлемей-ақ қойыңдар!» — дедім. Олар маған отыз мысқал күмісті таразыға тартып өлшеп берді.

13. Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен үшін белгіленген «керемет жоғары» бағаны алып, құмырашыға қарай лақтырып таста!» — Сонда мен отыз мысқал күмісті Жаратқан Иенің киелі үйінде құмырашыға қарай лақтырып тастадым.

14. Осыдан кейін «Бірлік» дейтін екінші таяғымды сындырып, Яһуда мен Солтүстік Исраил елдерінің арасындағы ағайындық байланысты жойдым.

15. Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Бақташының құрал-саймандарын өзіңе ал да, жаман бақташыдай әрекет жаса.

16. Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады.

17. Отарын тастап кеткен жаман бақташы қасіретке қалады-ау! Семсер оның қолы мен оң көзіне қадалсын! Сонда оның қолы әбден солып, оң көзі мүлдем көрмей қалады!»

About Зәкәрия Chapter 11

Read Зәкәрия Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Зәкәрия
Chapter: 11
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Зәкәрия Chapter 11 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Зәкәрия Chapter 11?

Зәкәрия Chapter 11 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 11 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from зәкәрия

  1. Зәкәрия Chapter 4
  2. Зәкәрия Chapter 8
  3. Зәкәрия Chapter 10
  4. Зәкәрия Chapter 2
  5. Зәкәрия Chapter 9
  6. Зәкәрия Chapter 13
  7. Зәкәрия Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 18
  2. Руларды санау Chapter 35
  3. Естер Chapter 3
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 43
  5. Леуіліктер Chapter 18
  6. Леуіліктер Chapter 16
  7. Еремия Chapter 33
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *