Матай Chapter 16

For English

Read Матай Chapter 16 Online

Read Матай Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Матай and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Матай 16

Тарау 16

1. Сол жердегі парызшылдар мен саддукейлер Исаның қасына келді. Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір керемет көрсетуін сұрады.

2. Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендер кешке «Күн ашық болады, қызарып батты ғой» деп жорисыңдар,

3. ал таңертең «Бүгін дауыл тұрады, аспан қып-қызыл әрі бұлыңғыр екен» дейсіңдер. Осылай аспанның құбылыстарын түсіне білесіңдер, бірақ қазіргі заманда болып жатқан оқиғаларды ұға алмайсыңдар!

4. Жаман, опасыз ұрпақ (билігімді дәлелдейтін) керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ осы ұрпаққа Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді! — Мұнан кейін Иса оларды тастап, сол жерден кетіп қалды.

5. Иса шәкірттерімен көлдің ар жағына өтті. Шәкірттер нан ала келуді ұмытып кеткен еді.

6. Иса оларға: — Абайлаңдар, парызшылдар мен саддукейлердің «ашытқыларынан» сақтаныңдар! — деп ескертті.

7. Шәкірттері өзара пікірлесіп: — Бұны нанымыздың жоқтығынан айтқан шығар, — десті.

8. Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады: — Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар?

9. Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер?

10. Әрі жеті күлше төрт мың адамға жетіп, артылып қалғаны қанша үлкен себет болды?

11. Менің сендерге: «Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақтаныңдар!» дегенімде нан туралы айтпағанымды қалайша ұға алмайсыңдар? —

12. Сонда шәкірттері Исаның нандағы ашытқыдан емес, парызшылдар мен саддукейлердің жалған тәлімдерінен сақтандырғанын түсінді.

13. Бірде Иса Філіп-Кесариясы қаласының маңына барып, жеткеннен кейін, шәкірттеріне: — Жұрт көктен келген Билеушіні кім деп жүр? — деген сұрақ қойды.

14. Олар: — Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар, тағы басқалары Еремия немесе ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді.

15. Сонда Иса: — Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады.

16. Шимон Петір: — Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап берді.

17. Иса оған: — Сен бақыттысың, Жүніс ұлы Шимон: саған мұны адам баласы емес, көктегі Әкем білдірді!

18. Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады.

19. Саған Құдай Патшалығына жол ашатын кілттерді тапсырамын; жер бетінде тыйым салғаныңды да, рұқсат еткеніңді де көктегі Әкем бекітпек, — деді.

20. Содан кейін Иса Өзінің Мәсіх екені туралы ешкімге тіс жармауды шәкірттеріне қатты ескертті.

21. Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады: — Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! — деді.

22. Сонда Петір Исаны былайырақ алып шығып: — Құдай сақтасын, Мырза, ондай нәрсе басыңызға түсе көрмесін! — деп қарсылық білдіре бастады.

23. Бірақ Иса Петірге бұрылып: — Менен аулақ кет, әзәзіл! Маған тұзақ құрып жатырсың: сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, — деп тыйым салды.

24. Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты: — Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!

25. Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оған (мәңгі) иелік етеді.

26. Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? Яки адам өз өмірі үшін қандай құн төлей алады?

27. Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін.

28. Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Менің Құдай тағайындаған Билеуші ретінде Патшалығымның нұрлы салтанатымен келуімді өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер.

About Матай Chapter 16

Read Матай Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Матай
Chapter: 16
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Матай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Матай Chapter 16 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Матай Chapter 16?

Матай Chapter 16 is part of the Book of Матай in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Матай Chapter 16 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 4
  2. Жохан Chapter 1
  3. Жохан Chapter 9
  4. Жохан Chapter 8
  5. Жохан Chapter 7
  6. Жохан Chapter 3
  7. Жохан Chapter 5

Explore More from матай

  1. Матай Chapter 22
  2. Матай Chapter 23
  3. Матай Chapter 12
  4. Матай Chapter 9
  5. Матай Chapter 26
  6. Матай Chapter 8
  7. Матай Chapter 10

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 24
  2. Матай Chapter 20
  3. Езекиел Chapter 46
  4. Еремия Chapter 9
  5. Билер Chapter 5
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 10
  7. Елшілердің істері Chapter 9
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *