Жоқтау Chapter 5

For English

Read Жоқтау Chapter 5 Online

Read Жоқтау Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жоқтау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жоқтау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жоқтау 5

Тарау 5

1. Уа, Иеміз, бізге не болғанын ескере гөр, Көрген масқарамызға қарап көңіл бөле гөр!

2. Жат жерліктерге өтті мұралық жеріміз, Сырттан келген жауға тиді біздің үйлеріміз.

3. Әкесі жоқ жетім болдық өздеріміз, Жесірге айналды біздің шешелеріміз.

4. Ішетін суымызды ақшаға сатып аламыз, Отынымызды да құнын төлеп алып тұрамыз.

5. Дұшпандар бізді артымыздан қалмай қууда, Қажысақ та, мұршамыз жоқ демалуға.

6. Біздер жеп тойынуымыз үшін нанға Бодан болдық Мысыр, Ассур халықтарына.

7. Күнә жасап, қайтыс болды ата-бабамыз, Ал олардың жазасын енді біз тартудамыз.

8. Біздің үстімізден құлдар билік құруда, Қолдарынан құтқарар жоқ бір адам да.

9. Жейтін нанымызды табамыз бас қаупімен, Өйткені далада қатер төнуде семсерден.

10. Аштықтан қатты зардап шегіп келеміз, Отқа күйгендей қарайып кетті теріміз.

11. Сиондағы әйелдерді жаулар зорлады, Яһуданың пәк қыздарын да олар қорлады.

12. Дұшпандар асып қойды әміршілерді, Қарияларға олар еш құрмет білдірмеді.

13. Жас жігіттерге диірмен тасын айналдыртады, Балаларға сүріндіргенше отын тасытады.

14. Ақсақалдар енді қақпада бас қоспайды, Жастар көңілді ән-күй салуларын қойды.

15. Жүректерімізден қуаныш ғайып болды, Би билеуіміз қайғы-қасіретке айналды.

16. Тәжіміз лақтырылып түсті басымыздан, Қасіретке қалдық күнә жасағандықтан.

17. Содан жүректеріміз әлсірей қайғыланып, Көздеріміз талып қалды жасы мол ағып.

18. Себебі Сион тауы бос жатыр қаңырап, Оны түлкі мен шибөрі кезіп жүр шарлап.

19. «Ал Сен, Жаратқан Ие, мәңгі билік жүргізесің, Ұрпақтан ұрпаққа ұласады Сенің билігің!

20. Неліктен біздерді мүлдем ұмытып кеттің? Сонша ұзақ уақытқа неге тастап кеттің?

21. Уа, Иеміз бізді Өзіңе қабылдай гөр қайта, Сонда біз бет бұрамыз Саған тағы да, Бұрынғыдай етші күндерімізді жаңарта!

22. Әлде Сен бізге әбден қаһарландың ба, Әлде бізден біржола бас тартқансың ба?»

About Жоқтау Chapter 5

Read Жоқтау Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жоқтау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жоқтау
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жоқтау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жоқтау Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жоқтау Chapter 5?

Жоқтау Chapter 5 is part of the Book of Жоқтау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жоқтау Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from жоқтау

  1. Жоқтау Chapter 2
  2. Жоқтау Chapter 3
  3. Жоқтау Chapter 4
  4. Жоқтау Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Мысырдан шығу Chapter 31
  2. Елшілердің істері Chapter 13
  3. Аян Chapter 9
  4. 1 Петірдің Chapter 5
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 27
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 7
  7. Марқа Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *