Шежірелер 1-ж Chapter 13

For English

Read Шежірелер 1-ж Chapter 13 Online

Read Шежірелер 1-ж Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 1-ж 13

Тарау 13

1. Дәуіт өзінің барлық басшыларымен, мыңбасылары және жүзбасыларымен ақылдасып кеңесті.

2. Содан ол Исраилдің бүкіл қауымына былай деп жариялады: — Егер бұл сендерге ұнамды және Құдайымыз Жаратқан Иенің еркіне сай болса, онда біз бүкіл Исраил елінің барлық жерлеріндегі өзге ағайындарымызға әрі қалалары мен елді мекендерінде тұрып жатқан діни қызметкерлер мен леуіліктерге хабар жіберейік. Олар да келіп, бізге қосылсын.

3. Құдайымыздың Келісім сандығын өзімізге қайтарып алып келейік! Себебі Саулдың заманында біз оған тиісті көңіл бөлген жоқпыз. —

4. Бүкіл жиылған жамағат: — Солай болсын! — деп келісті. Өйткені халықтың бәрі мұны құп көрді.

5. Осылайша Дәуіт Мысырдағы Шихор өзенінен солтүстіктегі Лебо-Хаматқа дейін мекендеп жатқан бүкіл Исраил халқын Келісім сандығын Кирият-Иғарымнан алып келуге жинады.

6. Содан Дәуіт пен барлық исраилдіктер Бағалаға, яғни Яһуданың жеріндегі Кирият-Иғарымға, барды. Олар сол қаладан Құдай Иенің Келісім сандығын Иерусалимге алып келмек болды. Сандық Жаратқан Иеге бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан.

7. Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға қойып, Абинадаптың үйінен алып шықты. Ұза мен Ахио арбаға жегілген өгіздерді айдап жүрді.

8. Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Құдайдың алдында жан сала би билеп, жетіген, шертер, даңғыра, дабыл және кернейлерде ойнап, қуана әндетіп келе жатты.

9. Салтанатты шеру Хидонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде өгіздер арбаны сілкіп қалып, сандықты қисайтып жіберді. Құлап қалмауы үшін Ұза қолын созып, Келісім сандығын ұстай қалды.

10. Сонда Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға қарсы лап етті. Еркінсіп сандыққа қолын тигізгені үшін Құдай оны жазалап, Ұза сол бойда Құдайдың алдында жан тапсырды.

11. Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға «бұзып-жара» төгілгендіктен, Дәуіт қатты абыржып қайғырды. Сол себепті ол осы жерге Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деген ат қойды. Бұл жер қазірге дейін солай аталып келеді.

12. Дәуіт сол күні: «Құдайдың Келісім сандығын қасыма қалайша әкеле аламын?» деп уайымдап, Құдайдан қорықты.

13. Сондықтан ол Келісім сандығын өзінің шаһарына әкелмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарып қойды.

14. Құдайдың Келісім сандығы үш ай бойы сол үйде қалды. Сонда Жаратқан Ие Ғабит-Едомның үй іші мен қолындағы дүние-мүлкінің бәрін жарылқады.

About Шежірелер 1-ж Chapter 13

Read Шежірелер 1-ж Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 13
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 1-ж Chapter 13?

Шежірелер 1-ж Chapter 13 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from шежірелер-1-ж

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 23
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 17
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 27
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 6
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 7
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 16
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 11

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 21
  2. Нақыл сөздер Chapter 21
  3. Забур жырлары Chapter 83
  4. Таңдауы ән Chapter 4
  5. Езекиел Chapter 26
  6. Забур жырлары Chapter 133
  7. Марқа Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *