Read Ишая Chapter 59 Online
Read Ишая Chapter 59 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 59
Тарау 59
1. Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес.
2. Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды.
3. Қолдарың зұлымдық жасап, қан төгіп арамданды. Ауыздарыңнан өтірік пен жамандық толассыз шыға береді.
4. Ешкім адалдық пен әділдікті жақтап дауыс көтермейді. Бәрі бос жайттарға сүйеніп, сотта да өтірік айта береді. Олар зұлым жоспарлар ойлап шығарып, соларын жамандықпен жүзеге асырады.
5. Осылай сұр жыланның жұмыртқаларын басып шығарғандай болады. Сол жұмыртқаларды жеген құриды, ал жарса, ішінен улы жылан шығады.
6. Олардың құрған жоспарлары сондай-ақ өрмекке де ұқсас. Өрмек киім болмайды ғой. Олар өз тоқығандарын жамылып, ешқандай пайда көре алмайды. Жасағандары әділетсіздік пен зорлық-зомбылық.
7. Аяқтары жамандыққа алып ұшып, жазықсыз қан төгуге асығады. Олардың ой-ниеттері қара, жүрген жерлерін қиратып, күл-талқандарын шығарады.
8. Олар татулық дегенді білмейді, жүрген жолдарында әділдік жоқ. Қайта, олар жолдарын өз мүдделері үшін қисайтып, бұралаң етеді. Солармен жүрген бірде-бір жан тыныштықты білмейді.
9. Сол себептен әділдік бізден тым алшақ, адалдық қасымызға жоламайды. Нұрды күтсек те, айналамыз қара түнек, үміттенген жарықтың орнына қараңғылықта жүреміз.
10. Соқыр адамдай қабырға бойын қармалап, көзсіз зағиптей жолымызды іздеп сипалаймыз. Тал түсте кеш түскен кездегідей сүрінеміз, күшіміз болғанмен өлілерге ұқсаймыз.
11. Аюдың гүжілдеп, көгершіннің мұңая гулегеніндей, бәріміз де қайғыра ыңқылдаймыз. Әділдікті қанша күтсек те, ол жоқ. Құтқарылудан үміттенсек те, ол бізден тым алшақ!
12. Уа, Жаратқан Ие, Сенің алдыңда қылмыстарымыз сансыз көп, күнәларымыз бізге қарсы айғақ болып тұр. Әділетсіз істеріміз өз бастарымызда, күнәларымызды мойындаймыз:
13. біз бас көтеріп, Саған, Жаратқан Иеге, опасыздық жасадық, өз Құдайымыздан безіп кеттік. Зорлық-зомбылық пен бүлінушілікті жақтап келеміз. Іштей өтіріктер ойлап тауып, оларды сыртқа шығарамыз.
14. Осылай әділдік кері қуылып, адалдық тым алыс қалады. Шындық сот алаңында сүрініп құлап, ақиқат арамызға кіре алмайды.
15. Шындық құрып кетті. Зұлымдықтан аулақ жүргендер соның құрбаны болады. Жаратқан Ие бұған назар аударып, әділдіктің жоқтығына наразы болды.
16. Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.
17. Ол әділдікті сауыттай, құтқаруды басына дулығадай киіп, зұлымға жазасын тартқызуды жамылғыдай оранып, қайратын шапандай жамылған жауынгер секілді даяр тұр.
18. Құдай әркімге істеріне қарай қайтарып, зұлым қарсыластарына қаһарын төгеді. Сонда Ол тіпті алыстағы елдердегі жауларына да жазаларын тартқызады.
19. Осылай батыстағылар мен шығыстағылар да Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.
20. «Сион қаласына және Жақыптың үрім-бұтағының теріс жолдан қайтқандарына оларды құтқаратын Қамқоршы келеді! — деп жариялайды Жаратқан Ие. —
21. Сонда олармен мынадай Келісім жасайтын боламын: Мен өздеріңе қондырған Рухым сендерден алшақ кетпейді, ауыздарыңа салған сөздерім де сендерде сақталады. Олар өз ауыздарыңнан және балаларың мен кейінгі ұрпақтарыңның ауыздарынан бұдан былай мәңгі түспейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
About Ишая Chapter 59
Read Ишая Chapter 59 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 59
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 59 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 59?
Ишая Chapter 59 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 59 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 6
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 19
- Ишая Chapter 38
- Ишая Chapter 7
- Ишая Chapter 56
- Ишая Chapter 47
- Ишая Chapter 11
- Ишая Chapter 14