Патшалықтар 1-ж Chapter 8

For English

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 8 Online

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 1-ж 8

Тарау 8

1. Самуил жасы ұлғайып, қартайған шағында өзінің ұлдарын исраилдіктердің билері етіп қойды.

2. Тұңғышының аты Жоел, кенжесінің аты Абиях еді. Олар Бер-Шебада билік айтатын.

3. Алайда ұлдары Самуил сияқты тура жолмен жүрмеді. Олар пайдакүнемдікке салынып, пара алып, шындықты бұрмалап үкім шығаратын болды.

4. Сонда исраилдіктердің рубасылары жиналып, Рамақ қаласына Самуилге барып,

5. одан: «Өзіңіз білесіз, жасыңыз ұлғайды. Ал ұлдарыңыз сіздің жолыңызбен жүрмей келеді. Сондықтан басқа халықтардағыдай бізге де билік айтатын патшамызды тағайындап беріңіз», — деп өтінді.

6. «Бізге билік айтатын патшамызды тағайындап беріңіз» деген сөздер Самуилге мүлдем ұнамады. Ол Жаратқан Иеге сиынып Оның еркін сұрады.

7. Сонда Жаратқан Ие оған мынадай жауап берді: «Халықтың айтқандарының бәріне көн. Олар сенен емес, Менен бас тартып, өздеріне патшалық етуіме қарсы шығып тұр.

8. Мен оларды Мысырдан алып шыққаннан бері Маған адал болмай, бөтен тәңірлерге құлшылық етіп келгендері сияқты, енді саған да солай істеп отыр.

9. Сонымен, айтқандарына құлақ ас. Бірақ үстерінен билік құратын патшаның еркін оларға мықтап білдірт!»

10. Самуил Жаратқан Иенің барлық сөздерін өзінен патша тағайындауды сұрап отырған халыққа жеткізіп,

11. былай деді: — Сендерді басқаратын патшаның мынадай құқықтары болады: патша сендердің ұлдарыңды алып, өзінің соғыс күймелері мен аттарын қаратып қояды. Олар күймелердің алдында жүгіріп отыратын да болады.

12. Патша ұлдарыңның кейбіреулерін өз жасағына мыңбасылар мен елубасылар етіп тағайындайды, ал басқаларына өзінің жерлерін өңдетіп, егінін орғызып, қару-жарақтар мен соғыс күймелерінің жабдығын жасатып қояды.

13. Патша қыздарыңды сарайына иісмай жасаушы, аспазшы не наубайшы етіп алып кетеді.

14. Патша сендердің ең жақсы егіндіктеріңді, жүзімдіктеріңді, зәйтүн бақтарыңды тартып алып, өз нөкерлеріне үлестіріп береді.

15. Ол, сондай-ақ, өздеріңнің егіндіктерің мен жүзім бақтарыңнан жинаған өнімдеріңнің он бөлігінің бірін алып, уәзірлері мен басқа да қызметкерлеріне табыстайды.

16. Ол ең жақсы құл-күңдеріңді, мүйізді ірі қараларың мен есектеріңді алып, өз жұмысына салады.

17. Соның үстіне ұсақ малдарыңның он бөлігінің бірін де патшаға алым-салыққа беріп, ақырында өздерің оның құлы болып шыға келесіңдер.

18. Осы сөздерім жүзеге асқанда, өздерің тілеп алған патшаларыңнан құтқаруды сұрап жалбарынасыңдар. Бірақ Жаратқан Ие сол кезде өтініштеріңе құлақ салмайтын болады!

19. Алайда халық Самуилдің айтқандарын тыңдағысы келмей: — Жоқ, өз патшамыз болсын!

20. Сонда біз де басқа халықтар сияқты боламыз. Патшамыз бізге билік жүргізіп, алдымызда бізді бастап жүріп, соғыстарымызды жүргізетін болады, — деп тұрып алды.

21. Самуил халықтың күллі сөздерін тыңдағаннан кейін, Жаратқан Иеге сиынып бәрін айтып берді.

22. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды: «Халықтың айтқанына көніп, патшасын тағайындап бер!» — Сонда Самуил оларды: — Әзірше өз қалаларыңа бара беріңдер, — деп қайтарып жіберді.

About Патшалықтар 1-ж Chapter 8

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 1-ж Chapter 8?

Патшалықтар 1-ж Chapter 8 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from патшалықтар-1-ж

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 12
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 1
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 22
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 9
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 20
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 31

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 13
  2. Әйүп Chapter 29
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 45
  4. Забур жырлары Chapter 36
  5. Забур жырлары Chapter 135
  6. Даниял Chapter 9
  7. Ишая Chapter 41
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *