Патшалықтар 1-ж Chapter 26

For English

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 26 Online

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 1-ж 26

Тарау 26

1. Зифтің халқы қайтадан Гибеяда тұрып жатқан Саулға барып, Дәуіттің Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырында жасырынып жүргені туралы айтып берді.

2. Саул қасына елдегі үш мың таңдаулы жауынгерді ертіп алып, Дәуітті іздеуге Зиф маңындағы елсіз аймаққа қарай аттанып,

3. Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырындағы жолдың бойына қосын тікті. Елсіз қыратта жүрген Дәуіт өзін Саулдың іздеп, соңына түскенін ұғынды.

4. Содан ол барлаушыларын жіберіп, Саулдың шынымен келгенін анықтап білді.

5. Мұнан кейін Дәуіт Саулдың қос тіккен жеріне жақындап, (қырат басынан) Саул мен қолбасшысы Нер ұлы Әбенирдің қай жерде жатқандарын мұқият қарап алды. Саул бекінген тұрақтың ортасында, ал жауынгерлері оны айналдыра қоршап жатыр екен.

6. Дәуіт хеттік Ахимәліктен және Сарұяның ұлы, Жоғабтың інісі Әбішайдан: «Менімен бірге Саулдың қосына қайсың барасың?» — деп сұрағанда, «Сізбен бірге мен барайын», — деп, Әбішай баратын болды.

7. Дәуіт пен Әбішай түн жамылып, әскер қосына қарай төмен түсті. Саул бекінген тұрақтың ортасында, сүңгісі бас жағында жерге қадаулы күйі ұйықтап, ал Әбенир мен жауынгерлер оны қоршап жатыр екен.

8. Әбішай Дәуіттен: — Бүгін Құдай жауыңызды қолыңызға түсіріп отыр. Оны сүңгімен жерге қадап тастауға рұқсат етіңіз. Мен бір ұрсам болды, екінші рет ұрып жатпаймын! — деп өтінген еді.

9. Бірақ Дәуіт оған тыйым салып: — Оны өлтіруші болма! Жаратқан Ие тағайындаған патшаға қол көтерген адам айыпсыз қалмайды.

10. Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Оның Өзі Саулды өлтіретін болады. Не уақыты жетіп қайтыс болады, не соғысқа шығып қаза табады.

11. Бірақ Өзінің тағайындаған патшасына қол тигізу дегеннен Жаратқан Ие сақтай көрсін! Одан да бас жағындағы сүңгісі мен құмырасын ал, сосын кетейік, — деген еді.

12. Осылай Дәуіт Саулдың бас жағындағы сүңгісі мен су құятын құмырасын алып, екеуі сол жерден кетіп қалды. Ешкім оларды көрген де, білген де жоқ, тіпті ешкім оянған да жоқ. Жаратқан Ие жауынгерлерді терең ұйқыға батырғандықтан бәрі қатты ұйықтап жатты.

13. Дәуіт сайдың арғы бетіне өтіп, әскер қосынан алысырақ жердегі қырат басына шықты. Олардың арасы бірталай қашық болды.

14. Сол жерден Дәуіт әскерге және Нер ұлы Әбенирге тіл қатып: — Мені естіп тұрсың ба, Әбенир! — деп дауыстады. Ол: — Айқайлап, патшаны мазалап тұрған сен кімсің, өзі? — деп жауап берді.

15. Дәуіт: — Әбенир, сен ер жігітсің ғой! Исраил елінде саған тең келер ешкім жоқ! Олай болса, неге патшаңды дұрыстап қорғамайсың? Себебі патшаны құрту үшін халық арасынан біреу келіп кетті!

16. Сенің бұның дұрыс емес. Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Сендер өлім жазасына лайықсыңдар! Өйткені өз иелеріңді, Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын дұрыстап күзетіп қорғамадыңдар! Іздеп көр: патшаның бас жағындағы сүңгісі мен құмырасы қайда? — деп айқайлады.

17. Дәуіттің даусын таныған Саул: — Бұл сенбісің, Дәуіт балам-ау? — деп сұрады. — Иә, патша ием! — деп жауап берген Дәуіт

18. сөзін жалғастырып былай деді: — Уа, патша, бұл пендеңіздің соңына неге түсіп жүрсіз? Мен не істеп қойдым, жазығым не?

19. Тақсыр ием, айтқаныма құлақ аса көріңіз! Егер сізді маған қарсы қойып отырған Жаратқан Ие болса, онда Ол күнәмнің құнын өтейтін құрбандығымды қабылдай көрсін. Ал егер осыны істеп отырған адамдар болса, оларды Жаратқан Иенің қарғысы атпақ. Олардың мені Жаратқан Иенің өз жерінен қуып жүргендері «Кет, жалған тәңірлерге табын!» деп азғырумен тең.

20. Жаратқан Иеден алыс жерде қанымның төгілуіне жол бермеңіз! Исраилдің патшасы бір бүргені қудалап, таудағы құр құсының ізіне түскендей, соңымнан қалмай қуып жүр! —

21. Сонда Саул былай деп дауыстады: — Мен күнә жасадым. Қайтып кел, Дәуіт балам! Өмірімді қымбат көріп, бүгін мені өлтірмегенің үшін бұдан былай саған жамандық істемеймін! Мен ақымақтық жасап, өте көп қате жібердім.

22. Ал Дәуіт оған былай деп жауап қатты: — Мынау — патшаның сүңгісі! Бір нөкер жігітіңіз келіп, оны алып кетсін.

23. Жаратқан Ие әрбір адамға оның әділдігі мен сенімділігіне қарай сыйын береді. Жаратқан Ие сізді бүгін қолыма берсе де, мен сізге қарсы қол көтеруден бас тарттым. Өйткені Жаратқан Иенің тағайындаған патшасысыз.

24. Сіздің өміріңізді бүгін қалай қымбат көрген болсам, Жаратқан Ие де менің өмірімді солай қымбат көріп, қиындық атаулыдан құтқара көрсін! —

25. Саул: — Жарылқана бер, Дәуіт балам! Небір істерді тындырып, жеңіске қол жеткізетін боласың, — деп оған батасын берді. Содан соң Дәуіт өз жөніне кетті, ал Саул сарайына оралды.

About Патшалықтар 1-ж Chapter 26

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 26 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 26
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 26 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 1-ж Chapter 26?

Патшалықтар 1-ж Chapter 26 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 26 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 10

Explore More from патшалықтар-1-ж

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 9
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 29
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 28
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 2
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 27
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 30
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 6

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 28
  2. Ошия Chapter 9
  3. Патшалықтар 2-ж Chapter 11
  4. Патшалықтар 2-ж Chapter 3
  5. Марқа Chapter 6
  6. Забур жырлары Chapter 45
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 22
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *