Патшалықтар 1-ж Chapter 22

For English

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 22 Online

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 1-ж 22

Тарау 22

1. Осылай Дәуіт Ғаттан кетіп, Адуллам үңгіріне барып, бас сауғалады. Бұл туралы оның ағалары мен туған-туысқандары естіп, қасына келді.

2. Сонымен қатар, бастарына іс түскен, қарызға батқан немесе өмірге күйінген әр түрлі адамдар да маңайына жиналды. Дәуіт олардың басшысына айналып, қарамағында төрт жүздей кісісі болды.

3. Дәуіт сол жерден Моаб еліндегі Миспаға барып, Моаб патшасына: «Құдайдың маған деген еркін біліп алғаныма дейін әке-шешем қастарыңызда тұра тұрсын!» — деп рұқсат сұрап алды.

4. Дәуіт осылай ата-анасын Моаб патшасының қарамағында қалдырды. Өзі таудағы бой тасалап бекінуге ыңғайлы жерлерде жасырынып жүрген кезде олар Моабта тұра берді.

5. Ал Ғад пайғамбар Дәуітке: «Сен осы тауда бой тасалап жүре берме. Яһуда руының еліне бар», — деп тапсырды. Содан Дәуіт еліне қайтып, Хәрет орманына барды.

6. «Жұрт Дәуіт пен оның адамдарын көріпті» деген хабар Саул патшаға да жетті. Сол кезде патша Гибеядағы төбе басындағы жыңғыл ағашының түбінде отырған еді. Қолында сүңгісі болды, айналасында қоршап нөкерлері тұрды.

7. Саул оларға: — Сөзімді тыңдаңдар, Бунямин руының еркектері! Әлде Есейдің баласы бәріңе егіндік, жүзімдік жер беріп, әрқайсыңды мыңбасы не жүзбасы етіп тағайындамақ па?

8. Осыған дәмеленіп, барлығың маған қарсы сөз байласып жүрсіңдер ме? Өз ұлымның Есейдің баласымен достасып серттескені туралы да маған ешкім айтқан жоқ! Ешқайсың маған жандарың ашып, ұлымның өз нөкерімді өзіме қарсы қойып, соның мені аңдып жатуына түрткі болғаны жайлы да айтқан жоқсыңдар! Ал енді сол анық болды, — деп наразылық білдірді.

9. Осы кезде Саулдың нөкерлерінің жанында тұрған едомдық Доиқ: — Мен Есейдің баласының Нобқа, Ахитұб ұлы Ахимәлікке барғанын көрдім.

10. Ахимәлік Дәуіт үшін Жаратқан Иеден ақыл сұрап, оған азық-түлік, тіпті філістір Ғолияттың семсерін де берді, — деді.

11. Патша Нобта діни қызмет атқарып жүрген Ахимәлік пен оның әкесінің әулетіндегілердің барлығын алып келуге кісілерін жұмсады.

12. Саул Ахимәлікке: — Сөзіме құлақ сал, Ахитұб ұлы! — деді. — Иә, тақсыр, тыңдап тұрмын! — деп жауап қатты ол.

13. Саул: — Есейдің баласына нан мен семсер беріп, Құдайдан ол үшін ақыл сұрап, екеуің неге маған қарсы сөз байластыңдар? Енді ол, міне, бүлік шығарып, мені аңдып жүр! Бүгін сол анық болды! — деді.

14. Ахимәлік: — Нөкерлеріңіздің арасында сізге Дәуіттей адал біреу бар ма? Тақсыр, ол — әрі күйеу балаңыз, әрі жеке сақшыларыңыздың қолбасшысы. Сарайыңыздағылардың барлығы да оны құрметтейді.

15. Мен сол күні Құдайдан ол үшін бірінші рет ақыл сұрадым дейсіз бе? Жоқ, осыдан бұрын да солай істейтін едім ғой. Уа, патша ағзам, соған бола мені де, әкемнің әулетін де кінәлай көрмеңіз. Болған істің бәрінен мүлдем бейхабармын! — деп жауап берді.

16. Алайда патша: — Ахимәлік, өзің де, әкеңнің барлық әулеті де өлуге тиіссіңдер! — деп шешті.

17. Қасында тұрған сақшыларына бұйрық беріп: — Барыңдар, Жаратқан Иенің діни қызметкерлерін өлтіріңдер! Себебі олар да Дәуітті қолдайды. Оның қашып жүргенін білсе де, маған ол туралы айтпады! — деді. Бірақ патшаның сарбаздары Жаратқан Иенің діни қызметкерлеріне қарсы қол көтергілері келмеді.

18. Сонда патша Доиққа: — Бар, діни қызметкерлерді сен өлтір! — деп бұйырды. Едомдық Доиқ діни қызметкерлерге бас салып, қасиетті киім киген олардың сексен бесін сол күні-ақ өлтірді.

19. Сондай-ақ діни қызметкерлердің қаласы Нобтың барлық тұрғындарын да, еркек болсын, әйел болсын, бала болсын, нәресте болсын, ірі қара, есек немесе ұсақ мал болсын, бәрін де семсерімен шауып өлтірді.

20. Тек Ахитұб ұлы Ахимәліктің баласы Абиятар ғана қашып құтылды. Ол Дәуітке барып,

21. Саулдың Жаратқан Иенің діни қызметкерлерін өлтірткені туралы айтып берді.

22. Дәуіт Абиятарға: «Қап, сол күні едомдық Доиқты сонда көргенімде оның Саулға бәрін жеткізетінін білген едім! Әкеңнің бүкіл әулетінің өлімге ұшырағанына мен кінәлімін.

23. Қасымда қал, ештеңеден қорықпа. Сені өлтірмек болғандар менің де жанымды алмақ болып жүр. Қасымда жүрсең, аман боласың», — деді.

About Патшалықтар 1-ж Chapter 22

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 22
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 1-ж Chapter 22?

Патшалықтар 1-ж Chapter 22 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from патшалықтар-1-ж

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 8
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 29
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 11
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 7
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 9
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 79
  2. Забур жырлары Chapter 66
  3. Мысырдан шығу Chapter 25
  4. Мысырдан шығу Chapter 6
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 13
  6. Миха Chapter 1
  7. Забур жырлары Chapter 67
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *