Патшалықтар 1-ж Chapter 7

For English

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 7 Online

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Патшалықтар 1-ж 7

Тарау 7

1. Сонда Кирият-Иғарымның адамдары келіп, Жаратқан Иенің Келісім сандығын өздеріне алып кетті. Оны Абинадап есімді кісінің төбе басындағы үйіне апарып қойды. Оның ұлы Елазарды Жаратқан Иенің қызметіне бағыштап, Келісім сандығының күзетшісі етіп тағайындады.

2. Келісім сандығы Кирият-Иғарымда ұзақ уақытқа, тіпті жиырма жылға қалды. Бүкіл Исраил халқы қайғырып, Жаратқан Иеге бет бұра бастады.

3. Самуил бәріне: «Егер сендер Құдайға шын жүректен қайтамыз десеңдер, онда қолдарыңдағы Астарта бейнелерін және өзге де бөтен тәңірлердің бейнелерін лақтырып тастаңдар! Жаратқан Иеге шын жүректен мойынсұнып, тек Оған ғана қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерді філістірлердің қолынан құтқарып алады», — деп ескертіп отыратын.

4. Соңында исраилдіктер Бағал мен Астарта есімді жалған тәңірлерден бас тартып, тек Жаратқан Иеге ғана ғибадат ете бастады.

5. Содан Самуил рубасыларға: «Бүкіл Исраил халқын Миспаға жинаңдар! Сол жерде мен сендер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіп сиынбақпын», — деп тапсырды.

6. Осылайша халық Миспа қаласына жиналды. Олар (күнәларына өкінгендерінің белгісі ретінде) құдықтан су тартып алып, оны Жаратқан Иенің алдында жерге төкті. Сол күні халық ораза ұстап: «Біз Жаратқан Иеге қарсы күнә жасап келдік», — деп мойындады. Мұнан кейін Самуил Исраил халқына Миспада Құдайдың еркін білдіріп, билік айтты.

7. Алайда філістірлер Исраил халқының Миспаға жиналғаны туралы естігенде, олардың әміршілері шабуыл жасамақ болып аттанды. Бұл туралы естіген исраилдіктер олардан қорқып кетті.

8. Олар Самуилден: «Бізді філістірлерден құтқарып, аман алып қалсын деп Құдайымыз Жаратқан Иеге үздіксіз жалбарына көріңіз!» — деп өтінді.

9. Сонда Самуил еміп жүрген бір қозыны алып, Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалды. Оны түгел өртеп жіберіп, Исраил халқы үшін дауыстап Жаратқан Иеге жалбарынды. Жаратқан Ие оған құлақ асты.

10. Самуил құрбандық шалып жатқан кезде жау шабуыл жасап жақындап келді. Бірақ Жаратқан Ие сол заматта өте қатты күн күркіретіп, філістірлердің зәресін ұшырып, олар бастары ауған жаққа қарай қаша жөнелді.

11. Сонда исраилдік ер адамдар Миспадан шығып, оларды өкшелей қуып, Бет-Қордан да төменгі жерге дейін қырып жойды.

12. Бұдан кейін Самуил Миспа мен Шен арасына үлкен тасты ескерткіш ретінде орнатып, оны Әбен-Езер («Көмек тасы») деп атады. Себебі ол: «Осыған дейін Жаратқан Ие бізге көмектесіп келеді!» — деп ризашылығын білдірді.

13. Філістірлер осылайша беті қайтарылып, енді Исраил еліне баса-көктеп кірмейтін болды. Самуилдің көзі тірісінде олардың үстіне Жаратқан Иенің құдіретті қолы әрдайым төніп тұрды.

14. Філістірлер бұрынырақ Исраилден Ғат пен Әкронның арасындағы қалаларды тартып алған болатын. Енді исраилдіктер соларды маңайындағы жерлерімен қоса жау қолынан азат етіп, қайтадан иемденді. Сонымен қатар аморлықтармен де арада тыныштық орнады.

15. Самуил бүкіл өмір бойы исраилдіктердің биі болып өтті.

16. Ол жыл сайын Бетел, Ғылғал және Миспаны аралап, олардағы ғибадат орындарында халыққа билік айтып жүрді.

17. Содан кейін өзінің ата мекені Рамаққа қайтып келіп, Исраилге сол қалада да би ретінде қызмет көрсететін. Бұл жерде Самуил Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін орнатты.

About Патшалықтар 1-ж Chapter 7

Read Патшалықтар 1-ж Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 1-ж
Chapter: 7
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 1-ж Chapter 7 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 1-ж Chapter 7?

Патшалықтар 1-ж Chapter 7 is part of the Book of Патшалықтар 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 1-ж Chapter 7 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from патшалықтар-1-ж

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 11
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 12
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 16
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 9
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 21
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 13
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 31

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 92
  2. Забур жырлары Chapter 146
  3. Патшалықтар 4-ж Chapter 2
  4. Езекиел Chapter 1
  5. Езекиел Chapter 13
  6. Аян Chapter 11
  7. Руларды санау Chapter 14
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *