Read Жаратылыстың бастауы Chapter 17 Online
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жаратылыстың бастауы 17
Тарау 17
1. Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп: — Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр.
2. Мен екеуіміздің арамыздағы Келісімді бекітіп, сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін, — деді.
3. Сонда Ыбырам Оған жерге бас ұрып ғибадат етті. Құдай сөзін әрі қарай былайша жалғастырды:
4. — Айтқаным айтқан: Менің сенімен жасаған Келісімім бойынша сен көп ұлттың түп атасы боласың.
5. Бұдан былай сен Ыбырам («Ұлық ата») емес, Ыбырайым («Көптің атасы») деп аталасың. Өйткені Мен сені көптеген халықтардың түп атасы етіп тағайындадым.
6. Сенің тұқымыңды сансыз көбейтіп, көптеген халықты өрбітемін, сенен патшалар да шығатын болады.
7. Мен бұл Келісімді Менімен сенің араңдағы және кейінгі үрім-бұтағыңның арасындағы мәңгілік Келісім ретінде бекітемін. Ол ұрпақтан ұрпаққа созылатын болады. Мен сенің және үрім-бұтағыңның Құдайы боламын.
8. Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын.
9. Бірақ сен де Менің Келісіміме адал бол! Оны өзің де, үрім-бұтағыңның барлық ұрпақтары да сақтауға тиіссіңдер!
10. Менің сенімен және келешек ұрпағыңмен бекіткен осы Келісімімнің ережелерін жүзеге асырып, еркек кіндіктің бәрін де сүндеттеңдер!
11. Сүндет рәсімін орындауларың Менің сендермен жасаған Келісімімнің белгісі болады.
12. Болашақ ұрпақтарыңның әрбір жаңа туған ер баласы туғанына сегіз күн толысымен сүндеттелсін. Бұған әулеттеріңе жатпайтын ер адамдар да кіреді, үйлеріңде дүниеге келген құл-қызметшілерің болсын, не сатып алынғандары болсын, бәрі де сүндеттелуге тиіс.
13. Сонымен үйде туды ма, жоқ әлде құл ретінде сатып алынды ма, барлық еркек атаулы міндетті түрде сүндеттелсін. Менің Келісімімнің сырт белгісі сендердің тәндеріңде мәңгі қалуға тиіс.
14. Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды.
15. Сен әйеліңді енді Сарай емес, Сара деп ата.
16. Мен оны жарылқап, саған Сарадан да бір ұл сыйлаймын. Сараға ұлттардың түп анасы болсын деп ақ батамды беремін. Халықтардың патшалары да Сарадан тарайтын болады.
17. Сонда Ыбырайым Құдайдың алдына жерге бас ұра тағзым етіп: «Жүзге келген адам ұлды болып, тоқсанға келген Сара да бала таба алар ма екен?» — деп іштей күлді.
18. Бұдан кейін Құдайдан: — Ысмағұл Сенің көз алдыңда тірі жүргей, — деп өтінді.
19. Ал Құдай: — Әйелің Сара саған ұл туып береді, оның атын Ысқақ деп қоясың. Мен Ысқақпен Келісім жасап, оны үрім-бұтағы үшін мәңгілікке бекітемін.
20. Ал сенің Ысмағұл туралы айтқаныңды да орындаймын. Оны жарылқап, үрім-бұтағын молынан көбейтемін. Ысмағұлдан он екі рубасы шығатын болады. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын.
21. Бірақ Мен Келісімімді Сара келесі жылы осы уақытта дүниеге келтіретін Ысқақпен бекітемін, — деп жауап берді.
22. Құдай Ыбырайыммен сөйлесіп болғаннан кейін қасынан ғайып болды.
23. Ыбырайым сол күні-ақ баласы Ысмағұлды және үйінде туған немесе сатып алынған еркек атаулыны түгел жинап алып, барлығын Құдай өзіне бұйырғандай сүндеттеді.
24. Сол кезде Ыбырайым тоқсан тоғыз жаста,
25. ал Ысмағұл он үш жаста болатын.
26. Сол күні-ақ Ыбырайым мен оның ұлы Ысмағұл,
27. олармен бірге үйінде туып немесе сатып алынған құл-қызметшілер, демек, Ыбырайымның қол астындағы бүкіл еркек атаулы түгелдей сүндеттелді.
About Жаратылыстың бастауы Chapter 17
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 17
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жаратылыстың бастауы Chapter 17?
Жаратылыстың бастауы Chapter 17 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from жаратылыстың бастауы
- Жаратылыстың бастауы Chapter 46
- Жаратылыстың бастауы Chapter 13
- Жаратылыстың бастауы Chapter 10
- Жаратылыстың бастауы Chapter 42
- Жаратылыстың бастауы Chapter 38
- Жаратылыстың бастауы Chapter 26
- Жаратылыстың бастауы Chapter 40