Жаратылыстың бастауы Chapter 6

For English

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 6 Online

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жаратылыстың бастауы 6

Тарау 6

1. Адамдар жер бетінде көбейе бастап, қыздары да көптеп туылғанда,

2. өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарының сұлу, бойшаң екенін көріп, таңдап алғандарына үйлене беретін.

3. Сонда Жаратқан Ие: «Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін», — деді.

4. Сол кезде де, содан кейін де өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарымен жақындасып, олардан бұзақы алыптар туған болатын; бұлар өткен заманда ел танып білген батырлар еді.

5. Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды.

6. Сонда Жаратқан Ие жер бетінде жаратып шығарған адамдардың осындай күнәлі болып кеткеніне қайғырып, қасірет шекті.

7. Сондықтан Ол: «Мен Өзім жаратқан адамды да, онымен қоса малдарды, бауырымен жорғалаушыларды және аспандағы құстарды да жер бетінен құртып жібермекпін. Өзім жаратқандардың күнәкарға айналғандарына қайғырамын», — деді.

8. Жаратқан Иенің рақымына тек Нұх қана ие болды.

9. Мынау Нұхтың шежіресі: Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді.

10. Нұхтың Шам, Хам және Япші деген үш ұлы болды.

11. Құдайдың көз алдында жер беті бүлінген үстіне бүліне беріп, зұлымдыққа толды.

12. Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді.

13. Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін.

14. Сен мықты ағаштан сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла.

15. Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын.

16. Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.

17. Біліп ал: Мен аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құрту үшін жер бетіне топан су қаптатамын. Жер бетіндегінің барлығы құруға тиіс.

18. Алайда сенімен Келісімімді жасамақпын. Өзің де, ұлдарың, әйелің және келіндерің де кемеге кіресіңдер.

19. Тірі жануарлардың әрқайсысынан екі-екіден кемеге бірге ала баруың керек, біреуі еркек, біреуі ұрғашы болсын.

20. Тіршілікті жалғастыру үшін құстардың, малдардың және бауырымен жорғалаушылардың әр түрінен — барлығынан қос-қостан сенімен бірге ішке кірулері керек.

21. Ал сен өзіңді және оларды тамақтандыру үшін жеуге жарайтын тағамдардың бәрінен қор жасап ал».

22. Нұх бұларды мұқият орындады. Ол барлығын да Құдайдың өзіне бұйырғанындай істеді.

About Жаратылыстың бастауы Chapter 6

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жаратылыстың бастауы Chapter 6?

Жаратылыстың бастауы Chapter 6 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from жаратылыстың бастауы

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 38
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 23
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 16
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 48
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 15
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 22
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Руларды санау Chapter 18
  2. Еврейлерге Chapter 8
  3. Даниял Chapter 3
  4. Даниял Chapter 1
  5. Уағыздаушы Chapter 10
  6. Леуіліктер Chapter 3
  7. Леуіліктер Chapter 17
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *