Read Еремия Chapter 19 Online
Read Еремия Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Еремия 19
Тарау 19
1. Жаратқан Ие маған тағы былай деп тапсырды: «Құмырашыға барып, бір қыш құмыра сатып ал. Содан соң қасыңа халықтың және діни қызметкерлердің ақсақалдарының бірнешеуін ертіп алып,
2. Бен-Хенном аңғарына, Сынықтар қақпасының маңына бар! Сол жерде Мен саған беретін хабарды оларға жариялап былай де:
3. «Уа, Яһуда патшалары мен Иерусалимнің тұрғындары, Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ салыңдар! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен осы жерге зор апат жіберемін. Сол туралы естіген адам қатты абыржып құлағы шыңылдайтын болады.
4. Өйткені халық Менен бас тартып, осы жерді Өзіме жат қылып арамдады: олар өздері де, ата-бабалары да, Яһуда патшалары да ешқашан танып білмеген бөгде тәңірлерге арнап бұл аңғарда хош иісті шайыр түтетіп, құрбандық өртеп ұсынып келеді. Оның үстіне олар осы жерді жазықсыз адамдардың төгілген қанына толтырды.
5. Сол үшін олар Бағалға табыну орындарын салып, өз балаларын оған арнап түгелдей өртелетін құрбандық етіп ұсынды! Мұндайды Мен оларға бұйырған да, айтқан да емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ.
6. Сондықтан сақ болыңдар! Осы жер енді қайтып Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
7. Осы жерде Мен Яһуда мен Иерусалимнің жауға тойтарыс беру туралы жасаған жоспарларын түкке тұрғысыз етемін. Оларды жандарын алмақ болғандардың семсерімен құртып, сол қас жауларының алдында құлатып, денелерін аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем қылып беремін.
8. Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады.
9. Мен олардың жандарын алмақшы жаудың елге басып кіріп, қаланы қоршап алуына жол беремін. Сонда Мен аштықтан қатты қиналып не істерін білмей қысылып отырған оларға өз ұл-қыздары мен достарының етін жегіземін!»
10. Еремия, осыны айтып болған соң сен өзіңе еріп келген адамдардың көзінше қолыңдағы құмыраны сындыр да,
11. оларға былай де: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Қыш құмыра сынған соң еш жөндеуге келмейтініндей, Мен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын «сындырып» тастаймын. Олар өлгендердің мәйіттерін орын қалмағанша Топетте жерлейтін болады.
12. Осы жерге және осында тұрғандарға мынаны істеймін, дейді Жаратқан Ие: Мен бұл қаланы Топет сияқты арамдалған орынға айналдырамын!
13. Үйлеріңнің жалпақ төбелерінде аспан денелеріне бағыштап хош иісті заттар түтетіп, әрі бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып ұсындыңдар. Сол үшін Иерусалимдегі үйлердің бәрі, тіпті Яһуда патшасының сарайы да, Топет сияқты арамдалады!»
14. Мұнан кейін Еремия Жаратқан Ие өзін пайғамбарлық хабар айтуға жіберген Топеттен қалаға қайта оралды. Содан ол Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тұрып халыққа дауыстап былай деді:
15. «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар! Сендер тоңмойын болып, сөздеріме құлақ асудан қыңырлықпен бас тартып келе жатырсыңдар. Сондықтан Мен Иерусалим мен оның айналасындағы елді мекендерге қарсы паш еткен апатты енді міндетті түрде бастарыңа түсіремін!»
About Еремия Chapter 19
Read Еремия Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Еремия
Chapter: 19
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Еремия Chapter 19 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Еремия Chapter 19?
Еремия Chapter 19 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Еремия Chapter 19 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from еремия
- Еремия Chapter 16
- Еремия Chapter 15
- Еремия Chapter 35
- Еремия Chapter 48
- Еремия Chapter 32
- Еремия Chapter 30
- Еремия Chapter 29
Explore More from Ескі өсиет
- Забур жырлары Chapter 104
- Жаратылыстың бастауы Chapter 43
- Шежірелер 2-ж Chapter 20
- Зәкәрия Chapter 4
- Миха Chapter 3
- Еремия Chapter 41
- Еремия Chapter 47