Read Жаратылыстың бастауы Chapter 7 Online
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жаратылыстың бастауы 7
Тарау 7
1. Сонан кейін Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: «Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім.
2. Жер бетіндегі жануарлардың барлық түрлері өмірлерін жалғастыру үшін, адал жануарлардың әрқайсысынан жеті жұптан ал.
3. Арам жануарлардан екеуден ал, бір еркек, бір ұрғашы болсын және аспандағы құстардың әр түрінен де жеті жұптан ал.
4. Жеті күн өткен соң Мен жер бетіне қырық күн, қырық түн бойы жауын жауғызамын, жер бетіндегі Өзім жаратқан жаны барлардың бәрін жоқ қыламын».
5. Нұх барлығын да Жаратқан Иенің өзіне бұйырғанындай істеді.
6. Жер бетін топан су қаптаған кезде Нұх алты жүз жаста еді.
7. Ол өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен жерге топан су жайылмас бұрын кемеге кіріп алды.
8. Жұпталып алынған адал және арам жануарлар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылардың барлығы бір еркек, бір ұрғашыдан
9. Құдай Нұхқа бұйырғандай оның қасына кемеге кірді.
10. Содан жеті күн өткеннен кейін жер бетіне топан су жайыла бастады.
11. Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып»,
12. жерге қырық күн, қырық түн бойы жаңбыр құйып тұрды.
13. Ал Нұх, оның ұлдары Шам, Хам және Япші, Нұхтың әйелі мен келіндері сол күні кемеге кірген еді.
14. Солармен бірге аңдардың, малдардың, жер бетінде бауырымен жорғалаушылардың және құстардың, қос қанаттылардың барлық түрлерінен,
15. яғни жаны барлардың бәрінен де, жұптасып Нұхтың қасына кемеге енгендер болды.
16. Олар Құдай Нұхқа бұйрық еткендей, барлық аңдардан бір еркек, бір ұрғашы болып, ішке кірді. Содан кейін Жаратқан Ие есікті жауып тастады.
17. Сонымен жер бетін қырық күн бойы топан су қаптады, судың көтерілгені соншалықты, кеме қалқып жүрді.
18. Жер бетінде су тіптен көбейіп асып-тасып кетті, кеме судың үстінде жүзіп жүрді.
19. Су жер бетінде көбейіп, көтерілген үстіне көтеріле берді, тіпті аспан астындағы барлық биік таулар да судың астында қалды.
20. Осылай топан су таулардың шыңдарынан он бес шынтақ биіктікке көтерілді.
21. Сонда жер бетінде қыбырлап жүрген күллі тірі мақұлықтар: құстар, малдар, аңдар, жер бетінде қаптап жүрген жәндіктер түгелімен және барлық адамзат та суға батып кетті.
22. Осылайша құрғақ жердегі тіршілік атаулының иелері түгел опат болып,
23. жер бетіндегінің барлығы жойылды: адамнан бастап малға дейін, бауырымен жорғалаушылардан бастап аспандағы құстарға дейін бәрі де жер бетінен құрып кетті. Тек Нұхпен бірге кеменің ішінде болғандар ғана аман қалды.
24. Жүз елу күн бойы жер бетінде су үздіксіз көтерілумен болды.
About Жаратылыстың бастауы Chapter 7
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 7
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 7 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жаратылыстың бастауы Chapter 7?
Жаратылыстың бастауы Chapter 7 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 7 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from жаратылыстың бастауы
- Жаратылыстың бастауы Chapter 15
- Жаратылыстың бастауы Chapter 9
- Жаратылыстың бастауы Chapter 50
- Жаратылыстың бастауы Chapter 20
- Жаратылыстың бастауы Chapter 8
- Жаратылыстың бастауы Chapter 42
- Жаратылыстың бастауы Chapter 28