Read Жаратылыстың бастауы Chapter 21 Online
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жаратылыстың бастауы 21
Тарау 21
1. Содан кейін Жаратқан Ие Өзі айтқандай, Сараға рақымын түсіріп, берген уәдесін орындады.
2. Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды.
3. Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі») деп қойды.
4. Өзіне Құдай бұйырғандай, оны сегіз күн өткен соң сүндеттеді.
5. Ысқақ дүниеге келгенде Ыбырайым жүзге толған еді.
6. Сара қуанып былай деді: «Құдай маған күлкі сыйлады. Мұны естіген әркім менімен бірге қуанып күледі.
7. Сара нәресте емізетін болады деп Ыбырайымға алдын ала кім айта алар еді? Бірақ екеуіміздің егде тартқанымызға қарамастан, мен оған ұл туып бердім».
8. Ысқақ біраз өскен соң, Сара оны емшектен шығарды. Сол күні Ыбырайым үлкен той жасады.
9. Бірде Сара мысырлық Ажардан туған Ысмағұлдың Ысқақты келекелеп, күлкі етіп жүргенін байқады.
10. Сонда ол Ыбырайымға: «Мына күңді баласымен бірге қуып жібер! Күңнің ұлы менің ұлым Ысқақпен бірдей мұраға ие болмасын», — деді.
11. Бұл әңгіме өзінің ұлы туралы болғандықтан, Ыбырайымға еш ұнамады.
12. Бірақ Құдай Оған: «Бала мен күңге бола қамықпа. Сараның айтқанының бәріне көн, себебі сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады.
13. Алайда күңнің ұлынан да халық таратамын, ол да сенің ұлың ғой», — деді.
14. Келесі күні Ыбырайым таңертең ерте тұрды. Нанды және су құйылған месті алып, оларды Ажардың иығына артып берді де, баласын оның қолына тапсырып, шығарып салды. Ажар жолға шыққан соң, Бер-Шеба маңайындағы айдалада адасып кетті.
15. Местегі су таусылғанда, Ажар ұлын бір бұтаның көлеңкесіне жатқызды да,
16. өзі кетіп қалды. Баласынан оқ жетер жерге барып, қарама-қарсы отырды. Өйткені ол: «Баланың өлгенін көруге шыдай алмаймын», — деді. Осылай оған қарама-қарсы отырып алып, дауыс шығарып, өксіп жылап жіберді.
17. Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты.
18. Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын», — деп тіл қатты.
19. Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Ажар сонда барып, месті суға толтырып алып, баланың шөлін қандырды.
20. Құдай балаға жар болып, қамқорлығына алды. Ол өсіп, айдаланы мекендеп, мерген садақшы болды.
21. Сонымен Ысмағұл Синай түбегіндегі Паран атты елсіз далада тұрды. Анасы оған Мысыр елінен әйел алып берді.
22. Осы кезеңде (філістір патшасы) Әбумәлік қолбасшысы Пихолды ертіп келіп, Ыбырайымға: — Не істесеңіз де, барлық жағдайда Құдай сізге жар.
23. Сондықтан мені де, ұлдарым мен немерелерімді де алдамаймын деп Құдай алдында ант беріңіз. Мен сізге қалай жақсы қарасам, сіз маған да, өзіңіз жат жұрттық болып тұрып жатқан елге де жақсы қарайтын болыңыз, — деп ұсыныс жасады.
24. Ыбырайым: — Жарайды, ант беремін, — деп келісті.
25. Бұдан кейін ол Әбумәліктің құлдары күшпен тартып алған құдық туралы сөз қозғап, наразылығын білдірді.
26. Әбумәлік оған: — Мұны кім істегенін білмеймін. Бұл туралы сіз ешқашан айтпадыңыз. Бүгінге дейін мен ештеңе де естіген жоқпын, — деп жауап қайырды.
27. Ыбырайым бірқатар малдарын алып, оларды Әбумәлікке сыйға тартты. Содан олар бір-бірімен келісім жасасты.
28. Ыбырайым тағы да жеті ұрғашы қозыны бөлектеп қойды.
29. Сонда Әбумәлік Ыбырайымға: — Сіз бөлектеп қойған жеті қозы нені білдіреді? — деген сұрақ қойды.
30. Ол: — Жеті қозыны сіз менің қолымнан қабылдай ала көріңіз. Олар бұл құдықты өзімнің қазғандығымның айғағы болсын, — деп жауап берді.
31. Осылай бұл жер Бер-Шеба (яғни «Ант құдығы») деп аталды. Себебі осы екі адам сонда бір-біріне ант беріскен еді.
32. Бер-Шебада келісім жасалып біткен соң, Әбумәлік пен оның қолбасшысы Пихол філістір еліне қайтып кетті.
33. Ыбырайым Бер-Шебада жыңғыл ағашын екті. Сол жерде ол мәңгі тірі Құдай — Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті.
34. Бұдан кейін Ыбырайым філістірлердің мекендеген жерінде ұзақ уақыт бойы жат жұрттық ретінде көшіп-қонып жүрді.
About Жаратылыстың бастауы Chapter 21
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 21
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жаратылыстың бастауы Chapter 21?
Жаратылыстың бастауы Chapter 21 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from жаратылыстың бастауы
- Жаратылыстың бастауы Chapter 36
- Жаратылыстың бастауы Chapter 26
- Жаратылыстың бастауы Chapter 30
- Жаратылыстың бастауы Chapter 10
- Жаратылыстың бастауы Chapter 15
- Жаратылыстың бастауы Chapter 40
- Жаратылыстың бастауы Chapter 37