Read Жаратылыстың бастауы Chapter 13 Online
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жаратылыстың бастауы 13
Тарау 13
1. Сонымен Ыбырам әйелімен, барлық иелігімен және қасындағы немере інісі Лутпен бірге Мысырдан көшіп кетіп, Қанаханның оңтүстігіндегі Негев аймағына қарай өрлеп барды.
2. Ыбырам малға, күміс пен алтынға өте бай болатын.
3. Кейін Ыбырам оңтүстік аймақтан шығып, Бетелге бағыт алып, жер-жерді аралап көшіп-қонып жүрді. Осылайша ол Бетел мен Айдың ортасында орналасқан, өзі алғаш шатыр тігіп,
4. құрбандық беретін орын тұрғызған жерге жетті. Сол жерде Ыбырам Жаратқан Иеге қайтадан сиынып тағзым ететін болды.
5. Ыбыраммен бірге көшіп-қонып жүрген Луттың да ірілі-ұсақты малдары және шатырлары болды.
6. Екеуінің мал-мүліктері көбейіп кеткендіктен бір орынға қоныстануларына жер аздық жасап, олар енді бір жерде бірге тұра алмады.
7. Сол себепті Ыбырам мен Луттың малшыларының арасында дау-жанжал туа бастады. Бұның үстіне сол кезде қанахандық және перездік тайпалар да осы елді мекендейтін.
8. Сонда Ыбырам Лутқа: «Екеу ара, сондай-ақ малшыларымыздың арасында да дау-жанжал туғызбай-ақ қояйық, ағайынды адамдармыз ғой.
9. Бір-бірімізден бөлінейік. Қалаған жеріңді таңдап ал: сен сол жақты таңдасаң, мен оң жаққа, сен оң жақты қаласаң, мен сол жаққа кетейін», — деп ұсыныс жасады.
10. Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді.
11. Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті.
12. Ыбырам Қанахан жерінде қала берді. Ал Лут Иордан алқабындағы қалалар арасында Содомға жақын жерде шатыр тігіп, қоныстанды.
13. Бірақ Содомның тұрғындары Жаратқан Иенің көз алдында ауыр күнәға батқан зұлым адамдар еді.
14. Лут бөлініп кеткеннен кейін, Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып былай деді: «Айналаңа көз тастап, тұрған жеріңнен бастап солтүстік пен оңтүстікке, шығыс пен батысқа қара:
15. Мен көрініп тұрған мына жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа мәңгілікке беремін.
16. Мен үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. Кім жер бетіндегі құм түйіршіктерін санай алса, оның сенің үрім-бұтағыңды да санай алғаны.
17. Енді жолға жиналып, осы бүкіл елдің түкпір-түкпірін кезіп шық! Өйткені оны саған беремін».
18. Ыбырам шатырларын көліктеріне артып, Хеброн қаласының маңайына, Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайына барып, қоныстанды. Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.
About Жаратылыстың бастауы Chapter 13
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 13
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жаратылыстың бастауы Chapter 13?
Жаратылыстың бастауы Chapter 13 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from жаратылыстың бастауы
- Жаратылыстың бастауы Chapter 34
- Жаратылыстың бастауы Chapter 33
- Жаратылыстың бастауы Chapter 24
- Жаратылыстың бастауы Chapter 39
- Жаратылыстың бастауы Chapter 9
- Жаратылыстың бастауы Chapter 28
- Жаратылыстың бастауы Chapter 11