Read Жақыптың Chapter 4 Online
Read Жақыптың Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жақыптың in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жақыптың and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жақыптың 4
Тарау 4
1. Ендеше, араларыңдағы қастастық пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе?
2. Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп, қызғанасыңдар, алайда аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар.
3. Сұрасаңдар да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес, арам құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар.
4. Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
5. Киелі жазбадағы мынадай сөздер бекер айтылды деп санайсыңдар ма: Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы жалғыз Құдайды ғана сүйіп, Оған түгелдей бағышталуымызды аңсайды.
6. Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
7. Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар! Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.
8. Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
9. Өкініп, зар еңіреп жылаңдар, күлкілерің қайғыға, қуаныштарың қасіретке айналсын!
10. Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
11. Қымбатты бауырластар, бір-біріңді жамандап қорлауды доғарыңдар! Бауырластарыңды жамандағандарың не үкімдегендерің — (Иеміздің сүйіспеншілік туралы) өсиетін қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті үкімдегенде оны орындаушы емес, соттаушы болып шығасыңдар.
12. Өсиеттерді шығарушы да, соттаушы да — Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?
13. «Біз бүгін-ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, олжаға батамыз» дейтіндерің құлақ түріңдер:
14. сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
15. Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс.
16. Ал сендер паңданып мақтанасыңдар. Мұндай даңққұмарлық атаулы жаман.
17. Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.
About Жақыптың Chapter 4
Read Жақыптың Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жақыптың in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жақыптың
Chapter: 4
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жақыптың. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жақыптың Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жақыптың Chapter 4?
Жақыптың Chapter 4 is part of the Book of Жақыптың in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жақыптың Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from жақыптың
Explore More from Жаңа өсиет
- 2 Қорынттықтарга Chapter 4
- Матай Chapter 17
- Еврейлерге Chapter 10
- Аян Chapter 17
- Римдіктерге Chapter 4
- Елшілердің істері Chapter 24
- Лұқа Chapter 9