2 Қорынттықтарга Chapter 4

For English

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 4 Online

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

2 Қорынттықтарга 4

Тарау 4

1. Сонымен, Құдайдың рақымымен осы қызметке ие болған біз ешбір мойымаймыз.

2. Қайта, құпия да ұят қылықтардан аулақ жүріп, ешқандай қулық-сұмдықты қолданбаймыз. Құдайдың хабарын бұрмаламаймыз да: Оның көз алдында шындықты ашық уағыздап, өзімізді барлық адамдардың ар-ұждандарына таныстырамыз.

3. Біз жариялап жүрген Ізгі хабар жабық болса, ол тозақ жолындағылар үшін ғана жабық.

4. Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.

5. Біз өзімізді емес, Мәсіх Исаны уағыздаймыз, Ол — Жаратқан Ие, ал біз Исаға бағышталып, сендерге қызмет етеміз.

6. Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.

7. Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.

8. Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз.

9. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.

10. Иеміз Иса іспетті тәнімізде әрдайым азап шегіп, өлім қаупіне душар боламыз. Сол арқылы Оның өмірі де тәнімізден көрініс табуда.

11. Себебі тірі жүрген біздер ұдайы Исаға бола өліммен бетпе-бет келеміз, осылай ажалды тәнімізден Оның өмірі көрініс табады.

12. Мұның нәтижесінде бізде өлім, ал сендерде өмір әрекет етуде.

13. Ал Забурда: «Мен Саған сенімімді жүктедім, содан мынаны айттым» деп жазылған. Осындай сенімді Құдайға біз де жүктейміз, сондықтан Ол туралы айтамыз.

14. Иеміз Исаны қайта тірілткен Құдайдың бізді де Иса арқылы қайта тірілтіп, сендермен бірге өз алдына әкелетінін білеміз ғой.

15. Басымыздан өткен осылардың бәрі де сендердің игіліктерің үшін. Бұның нәтижесінде барған сайын көптеген адамдар Құдайдың рақымын қабылдап, Оған шексіз ризашылық білдіріп, даңқын асырмақ.

16. Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.

17. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!

18. Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.

About 2 Қорынттықтарга Chapter 4

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 2 Қорынттықтарга
Chapter: 4
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 2 Қорынттықтарга Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 2 Қорынттықтарга Chapter 4?

2 Қорынттықтарга Chapter 4 is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 2 Қорынттықтарга Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 2-қорынттықтарга

  1. 2 Қорынттықтарга Chapter 1
  2. 2 Қорынттықтарга Chapter 8
  3. 2 Қорынттықтарга Chapter 2
  4. 2 Қорынттықтарга Chapter 12
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 10
  6. 2 Қорынттықтарга Chapter 6
  7. 2 Қорынттықтарга Chapter 3

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 17
  2. Марқа Chapter 7
  3. 2 Тімотеге Chapter 2
  4. Марқа Chapter 3
  5. Римдіктерге Chapter 16
  6. Елшілердің істері Chapter 25
  7. Лұқа Chapter 10

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 27
  2. Мысырдан шығу Chapter 10
  3. Забур жырлары Chapter 17
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 31
  5. Забур жырлары Chapter 15
  6. Ишая Chapter 61
  7. Езекиел Chapter 30
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *