Read Аян Chapter 8 Online
Read Аян Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Аян 8
Тарау 8
1. Тоқты жетінші мөрді бұзып ашқанда, көкте жарты сағат шамасында тыныштық орнады.
2. Бұдан кейін мен Құдай алдында тұрған жеті періштені көрдім, оларға жеті керней берілді.
3. Қолында хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын табасы бар өзге бір періште келіп, түтету үстелінің жанына тұрды. Оған молынан хош иісті заттар берілді. Ол соларды Құдайдың бүкіл халқының айтқан мінажаттарымен бірге тақтың алдындағы алтын жалатқан түтету үстеліне Тәңір Иеге бағыштап қоюға тиіс еді.
4. Сонда хош иісті заттардың түтіні Құдай халқының мінажаттарымен бірге періштенің қолынан көтеріліп, Құдайдың алдына жетті.
5. Бұдан кейін періште хош иісті заттар салынған табаны алып, түтету үстелінен алынған шоққа толтырып, жерге лақтырып жіберді. Сонда күн күркіреп, жаңғырықты; найзағай жарқылдап, жер сілкінді.
6. Сол кезде қолдарында кернейлері бар жаңағы жеті періште соларын тартуға дайындалды.
7. Алғашқысы кернейлеткенде, қан аралас бұршақ пен от пайда болып, жерге жауды. Жер бетінің және ағаштардың үштен бір бөлігі мен көк шөптің бәрі де өртеніп, жанып кетті.
8. Екінші періште кернейлеткенде, жалындап жатқан зәулім таудай бір нәрсе теңізге лақтырылды. Теңіздің үштен бірі қанға айналып,
9. ондағы тіршілік иелерінің үштен бірі өліп, кемелердің де үштен бірі қирады.
10. Үшінші періште де кернейін тартты. Сонда аспаннан шырақ сияқты лаулаған зәулім жұлдыз өзендердің үштен бір бөлігіне және су көздеріне құлап түсті.
11. Сол жұлдыздың аты — жусан. Судың үштен бір бөлігі жусандай ащы болып, одан ішкен көптеген адамдар өліп қалды.
12. Төртінші періште кернейін тартқанда, күннің, айдың, жұлдыздардың үштен бір бөлігі зақымдалып, олардың үштен бірін қараңғылық басып, күннің үштен бір бөлігі түн іспетті қара түнекке айналды.
13. Мұнан кейін қарасам, аспанда ұшып жүрген бір бүркітті көріп, оның қатты дауыспен: «Қасірет, қасірет! Қалған үш періште кернейлерін тартқанда, күнәкар дүниеде өмір сүргендердің қасіреті қандай болмақ!» — деп ескерткенін естідім.
About Аян Chapter 8
Read Аян Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Аян
Chapter: 8
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Аян Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Аян Chapter 8?
Аян Chapter 8 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Аян Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from аян
Explore More from Жаңа өсиет
- Ефестіктерге Chapter 1
- Філимонға Chapter 1
- 3 Жоханның Chapter 1
- 1 Қорынттықтарга Chapter 16
- Ғалаттықтарга Chapter 4
- Марқа Chapter 11
- 1 Салониқалықтарга Chapter 4