Елшілердің істері Chapter 25

For English

Read Елшілердің істері Chapter 25 Online

Read Елшілердің істері Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Елшілердің істері 25

Тарау 25

1. Фест өзінің Яһудея аймағының әміршісі қызметіне кіріскеніне үш күн өткенде, Кесариядан Иерусалимге өрлеп барды.

2. Иерусалимде оның алдына басты діни қызметкерлер мен басқа да беделді яһудилер келіп, Пауылға тағатын айыптарын айтып берді.

3. Содан олар: «Пауылды Иерусалимге ауыстырып берсеңіз екен», — деп, әміршіден жақсылық жасауын сұрады. Өйткені олар жолда оған шабуыл жасап, өлтіртпек болды.

4. Ал Фест Пауылдың қазір Кесариядағы түрмеде отырғанын, өзінің жақын арада сол жаққа қайта баратынын айтты.

5. «Сондықтан орталарыңыздан өкілеттілер менімен бірге барып, егер жаңағы кісінің істеген қылмысы болса, оған сол жерде айып тағуларыңызға болады», — деп шешті.

6. Фест солармен бірге шамамен сегіз-он күн Иерусалимде болған соң, Кесарияға қайтып келді де, бір күннен кейін соттың орындығына отырып, Пауылды алдыртты.

7. Пауыл кірген соң, Иерусалимнен келген яһудилер оны қоршап алып, көптеген ауыр-ауыр айып тақты, бірақ оларын дәлелдей алмады.

8. Ал Пауыл өзін ақтап сөйлеп былай деді: — Мен не яһуди халқының заңына, не ғибадатханаға, не римдік патшаға қарсы ешқандай қылмыс жасаған жоқпын!

9. Яһудилерге жағынғысы келген Фест Пауылға жауап ретінде: — Сен Иерусалимге барып, тағылған айып бойынша сол жерде менің көз алдымда сотталуға келісесің бе? — деген сұрақ қойды.

10. Ал Пауыл: — Мен мұнда Рим патшасы сотының алдында тұрмын, сондықтан осы жерде сотталуым керек. Яһудилерге ешқандай әділетсіздік істеген жоқпын, оны өзіңіз жақсы білесіз.

11. Мен кінәлі болып, өлімге қиятындай қылмыс жасаған болсам, онда өлімнен бас тартпас едім. Ал егер мыналардың таққан кінәлары жазықсыз болса, онда ешкім мені бұлардың қолына ұстап бере алмайды. Римдік патша алдында сотталуымды талап етемін, — деп жауап қатты.

12. Сонда Фест ақылшыларымен кеңесіп: — Римдік патша алдында сотталуды талап еттің бе, ендеше патша алдына барасың! — деп шешті.

13. Бірнеше күннен кейін әмірші Фестке сәлем беріп құттықтау үшін Агриппа патша қарындасы Берникемен Кесарияға келді.

14. Олар сонда бірнеше күн болған кезде, Фест Агриппа патшаға Пауылдың ісі туралы былай деп мәлімет берді: — Осында Феликс түрмеде қалдырып кеткен бір кісі бар.

15. Мен Иерусалимде болған кезімде яһудилердің басты діни қызметкерлері мен рубасылары оған айып тағып, үкім шығаруымды сұрады.

16. Мен оларға: «Айыпталушы айыптаушылармен кездеспей және өзін қорғауға мүмкіндігі болмай тұрып, адамды жазаға бұйыру римдіктердің салтына қайшы келеді», — деп жауап қаттым.

17. Содан олар осы жерге келген соң, мен еш кешіктірмей келесі күні соттың орындығына отырып, әлгі кісіні алдырттым.

18. Айыптаушылар шығып сөйлеп, оған қарсы мен күткендей ешқандай айып тақпай,

19. олардың өз тәңіріне табынуларына қатысты мәселе бойынша, сондай-ақ өліп қалған, бірақ Пауыл «Ол тірі» деп нығарлап айтқан Иса есімді Біреу туралы айтысып қалды.

20. Мен бұл мәселе жөнінде не істерімді білмей, Пауылдан: «Иерусалимге барып, сонда сотталуға келісесің бе?» — деп сұрадым.

21. Бірақ ол өзінің ісін патша иеміз шешсін деп талап еткен соң, мен оны патшаға жібергенше түрмеде ұстауға бұйырдым.

22. Сонда Агриппа: — Ол кісіні тыңдағым келеді, — деді. Фест: — Оны ертең-ақ тыңдайсыз, — деп жауап берді.

23. Келесі күні Агриппа мен Бернике сән-салтанатпен сарайдағы қабылдау залына келді. Олармен бірге мыңбасылар және қаланың атақтылары болды. Әміршінің бұйрығымен Пауыл сол жерге әкелінді.

24. Содан Фест сөз алып, былай деді: — Агриппа патша және бізбен бірге отырған мырзалар! Алдарыңызда Иерусалимдегі және осы жердегі бүкіл яһуди халқы тірі қалдырмау керек деп маған қатты дауыстап өтініш жасаған адам тұр.

25. Ал мен оның өлім жазасына кесер қылмысы жоқ деп таптым. Бірақ өзі римдік патшаның сотын талап еткендіктен, оны соған жөнелтпек болып шештім.

26. Ал енді, тақсыр иеге ол туралы жазатын нақты мәліметім жоқ. Сондықтан оны сіздердің алдарыңызға, әсіресе, өзіңізге, Агриппа патша, алдырып отырмын. Тергеу соңында мен қандай мәлімет жазып беретінімді білсем деймін.

27. Тұтқынды айыбын көрсетпей Римге жіберу, менің ойымша, ақылға сыймайтын іс.

About Елшілердің істері Chapter 25

Read Елшілердің істері Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Елшілердің істері
Chapter: 25
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Елшілердің істері Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Елшілердің істері Chapter 25?

Елшілердің істері Chapter 25 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from елшілердің-істері

  1. Елшілердің істері Chapter 23
  2. Елшілердің істері Chapter 21
  3. Елшілердің істері Chapter 19
  4. Елшілердің істері Chapter 17
  5. Елшілердің істері Chapter 28
  6. Елшілердің істері Chapter 18
  7. Елшілердің істері Chapter 10

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Елшілердің істері Chapter 6
  2. Матай Chapter 26
  3. Матай Chapter 1
  4. Марқа Chapter 2
  5. Ефестіктерге Chapter 5
  6. Еврейлерге Chapter 1
  7. Римдіктерге Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Уағыздаушы Chapter 6
  2. Езекиел Chapter 37
  3. Зәкәрия Chapter 6
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 20
  5. Еремия Chapter 4
  6. Руларды санау Chapter 26
  7. Нехемия Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *