Елшілердің істері Chapter 17

For English

Read Елшілердің істері Chapter 17 Online

Read Елшілердің істері Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Елшілердің істері 17

Тарау 17

1. Амфипол мен Апполонияны аралап өткеннен кейін, елшілер Салониқаға жетті. Бұл қалада яһудилердің мәжілісханасы бар еді.

2. Пауыл әдетінше мәжілісханаға барып, үш демалыс күні жамағатпен Киелі жазбаларға сүйеніп сөйлесті.

3. Пауыл соларды түсіндіріп, Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп өліп, содан қайта тірілуге тиісті екенін дәлелдеді. Ол: «Мен сендерге уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі!» — деді.

4. Яһудилердің бірнешеуі Исаға сеніп, Пауыл мен Сыйласқа қосылды. Сондай-ақ, Құдайды қастерлейтін гректердің үлкен бір тобы және көптеген беделді әйелдер де осылай істеді.

5. Ал сенбейтін яһудилер қызғаныштан ызаланып, базарда жүрген бірнеше бұзықтарды жалдап, бір тобырды жинап, қаланы дүрліктірді. Олар Ясонның үйіне шабуыл жасап, Пауыл мен Сыйласты жиналған халықтың алдына шығару үшін іздеді.

6. Екеуін таппаған соң, Ясонды және басқа бірнеше бауырластарды қаланың әкімшілеріне сүйрелеп апарып, былай деп айқай салды: «Бүкіл әлемде төңкеріс жасаушылар мұнда да келіпті!

7. Ясон оларды үйіне қондырды. Бұлар римдік патшамыздың әмірлеріне қарсы шығып, Иса деген басқа Патшаны құрметтейді!» —

8. Мұны естіген халық және қаланың әкімшілері қатты абыржыды.

9. Олар Ясонды және басқа сенушілерді кепілдік беруге мәжбүрлеп, содан кейін ғана босатып жіберді.

10. Бауырластары Пауыл мен Сыйласты дереу сол түні-ақ Береяға жөнелтіп жіберді. Олар бұл қалаға жетісімен яһудилердің мәжілісханасына барды.

11. Салониқалықтарға қарағанда мұндағылардың пейілдері кеңірек екен. Олар елшілердің хабарын бар ынталарымен қабылдап, шындығына көз жеткізу үшін күн сайын Киелі жазбаларды зерттеді.

12. Осылай олардың көбі Мәсіх Исаға сенді, араларында халыққа қадірлі грек әйелдері мен ер азаматтары да аз болған жоқ.

13. Ал салониқалық яһудилер Пауылдың Береяда Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүргенін біліп алған соң, сол жерге де барып, халықты дүрліктіріп, әлек салды.

14. Бауырластары Пауылды дереу теңіз жағасына жөнелтіп жіберді, ал Сыйлас пен Тімоте Береяда қалып қойды.

15. Пауылды шығарып салушылар онымен бірге Афинаға дейін барды. Содан олар оның Сыйлас пен Тімотеге арналған: «Тезірек қасыма келіңдер!» — деген тапсырмасын алып, кері қайтып кетті.

16. Пауыл Афинада жолдастарын күтіп жүргенде, қаладағы қаптаған тәңір бейнелерін көріп, іштей қапаланып ашуланды.

17. Ол мәжілісханада яһудилермен және Құдайды қастерлейтін гректермен сөйлесіп, күн сайын базарда кездейсоқ жолыққандарымен де пікірлесіп жүрді.

18. Бір жолы эпикурей және стоик философияларын жақтайтындар да онымен айтыса бастады. Кейбіреулері: «Мына білгішсінген мылжың не дегісі келеді?» — десе, басқалары: «Ол бөтен тәңірлерді уағыздап жүрген сияқты», — деді. Өйткені Пауыл Иса және қайта тірілу туралы Ізгі хабарды жариялауда еді.

19. Олар Пауылды Ареопаг төбесіне алып барып, одан: — Сіз уағыздап жүрген жаңа ілім қандай, білуге бола ма?

20. Айтып жүргеніңіз құлағымызға оғаш естіледі, сондықтан оның не екенін білгіміз келеді, — деп сұрады.

21. Себебі барлық афиналықтар мен сол жерде тұратын шетелдіктер бір жаңалық естуге немесе айтып беруге құштар болатын.

22. Сонда Пауыл Ареопагтың ортасында тұрып, жиналғандарға былай деді: — Уа, афиналық адамдар! Сіздердің барлық жағынан да айрықша діншіл екендеріңізді байқадым.

23. Қасиетті орындарыңызды аралап, қарап жүргенде «Бейтаныс құдайға» деген жазуы бар құрбандық үстелін де көрдім. Өздеріңіз танымасаңыздар да, құрметтеп жүрген сол Құдай туралы сіздерге хабарлап жүрмін.

24. Ол — әлемді және ондағының бәрін жаратқан Құдай, көк пен жердің Иесі! Сондықтан Ол адамның қолынан шыққан киелі үйлерде тұрмайды.

25. Құдай пенделердің Өзіне қызмет етуіне де зәру емес. Қайта, Оның Өзі барлығына өмір, дем және қажеттінің бәрін сыйлайды.

26. Ол бір адамнан адамзаттың бар ұлттарын таратып, оларды бүкіл жер жүзіне мекендеткен және олардың мерзімдері мен тұратын жерлерінің шектерін белгілеп қойған.

27. Құдай бұны адамдар Өзін іздесін, мүмкін, қарманып жүргендей іздестіріп, тауып алсын деп істеді. Ол әрқайсымыздан алыс емес,

28. себебі «Оның арқасында біз өмір сүріп, әрекет жасап, тіршілік етіп жүрміз». Сол сияқты кейбір ақындарыңыз да: «Біз Оның ұрпағымыз» деген.

29. Ал енді біз Құдайдың рухани ұрпағы болсақ, Оның болмысы алтын, күміс не тас мүсінге ұқсайды деп ойламайық! Бұлар — адамның өнері мен тапқырлығынан туындаған бейнелер ғана.

30. Өткен дәуірлерде Құдай мұндай ұғымсыздыққа сабырлылық көрсетті, алайда қазір Ол барлық жердегі адамдардың бәріне де теріс жолдан қайтуды бұйырады.

31. Себебі Ол осы дүниені әділдікпен соттайтын күнін белгілеп, сотты жүргізетін Кісіні тағайындап қойды. Барлық адамзатқа мұның дәлелі болсын деп, Құдай сол Кісіні өлімнен қайта тірілтіп алды!

32. Өлімнен қайта тірілу туралы естігенде кейбіреулері оларды мазақтаса, өзгелері: — Бұл туралы сізді тағы да тыңдаймыз, — деді.

33. Сонымен Пауыл орталарынан кетіп қалды.

34. Ал кейбір адамдар оған қосылып, сенімді қабылдады. Бұлардың арасында Ареопаг қоғамының мүшесі Дионис, сондай-ақ, Дамар есімді әйел және бірнеше басқалар да болды.

About Елшілердің істері Chapter 17

Read Елшілердің істері Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Елшілердің істері
Chapter: 17
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Елшілердің істері Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Елшілердің істері Chapter 17?

Елшілердің істері Chapter 17 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from елшілердің-істері

  1. Елшілердің істері Chapter 23
  2. Елшілердің істері Chapter 21
  3. Елшілердің істері Chapter 19
  4. Елшілердің істері Chapter 28
  5. Елшілердің істері Chapter 18
  6. Елшілердің істері Chapter 10
  7. Елшілердің істері Chapter 8

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Філимонға Chapter 1
  2. Жохан Chapter 14
  3. Еврейлерге Chapter 7
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 11
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 2
  6. Лұқа Chapter 3
  7. Матай Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 123
  2. Забур жырлары Chapter 107
  3. Елшілердің істері Chapter 5
  4. 2 Тімотеге Chapter 3
  5. Әйүп Chapter 12
  6. Мысырдан шығу Chapter 4
  7. Мысырдан шығу Chapter 14
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *