Жаратылыстың бастауы Chapter 16

For English

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 16 Online

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Жаратылыстың бастауы 16

Тарау 16

1. Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын.

2. Сонда Сарай күйеуіне: — Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды. Ыбырам бұған көніп,

3. Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.

4. Ыбырам Ажармен жақындасып, оның бойына бала бітті. Мұнысын білген күң қожайыны Сарайға менсінбей қарай бастады.

5. Сонда Сарай Ыбырамға: — Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді.

6. Ыбырам: — Күңің өз қолыңда, не істеуді дұрыс десең, соны істе, — деп жауап берді. Содан Сарай Ажарға қысымшылық көрсете бастады. Сол себептен Ажар оның қасынан қашып кетті.

7. Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға баратын жолдағы құдық басынан тауып алды.

8. Періште оған тіл қатып: — Сарайдың күңі Ажар, қайдан келе жатырсың, қайда бет алдың? — деп сұрады. Ол: — Мен қожайыным Сарайдан қашып келе жатырмын, — деген жауап берді.

9. Жаратқан Иенің періштесі оған: — Сен қожайын әйеліңе қайтып бар, оның айтқанына көн! — деді.

10. Періште Ажарға Жаратқан Иенің мына сөзін де жеткізді: — Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. —

11. Жаратқан Иенің періштесі сөзін әрі қарай жалғастырып оған былай деді: — Сен жүктісің, ұл туасың, оның атын Ысмағұл («Құдай құлақ асады») деп қоясың. Өйткені Жаратқан Ие сенің зарыңа құлақ асты.

12. Ысмағұл асау құландай еркін кезіп жүретін адам болады. Ол бәріне қарсы, бәрі де оған қарсы күреседі. Осылай ол барлық ағайындарымен жауласып өмір сүретін болады.

13. Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды осында көрдім», — деді.

14. Сондықтан бұл құдық «Қамқоршым — тірі Құдай» деп аталады. Ол Қадеш пен Бередтің арасында орналасқан.

15. Қайтып келгеннен кейін Ажар Ыбырамға ұл туып, Ыбырам оған Ысмағұл деп ат қойды.

16. Сол кезде Ыбырам сексен алтыда еді.

About Жаратылыстың бастауы Chapter 16

Read Жаратылыстың бастауы Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 16
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 16 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жаратылыстың бастауы Chapter 16?

Жаратылыстың бастауы Chapter 16 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 16 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from жаратылыстың бастауы

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 31
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 4
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 3
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 21
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 36
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 20
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 41

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 17
  2. Леуіліктер Chapter 9
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 14
  4. Ишая Chapter 64
  5. Патшалықтар 2-ж Chapter 14
  6. Билер Chapter 16
  7. Римдіктерге Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *