Аян Chapter 22

For English

Read Аян Chapter 22 Online

Read Аян Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Аян 22

Тарау 22

1. Періште маған Құдай мен Тоқтының тағынан бастау алған мөлдір тастай жылтылдаған өмір суының өзенін де көрсетті.

2. Ол қала көшесінің ортасымен төменге қарай ағады. Өзеннің әр жағасында өсіп тұрған мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш ай сайын, жылына он екі рет, жеміс береді. Ал жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған.

3. Қарғалған еш нәрсе де осы қаладан табылмайды. Құдай мен Тоқтының отырған тағы қаланың ішінде. Құдайдың қызметшілері Оған бас ұра қызмет етіп,

4. Оның бет-жүзін көретін болады. Маңдайларында Оның есімі жазылып тұрмақ.

5. Енді ешқашан түн болмайды. Оларға шам-шырақ пен күн сәулесінің қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры түсіп тұрады. Олар мәңгі патшалық құрмақ.

6. Мұнан кейін періште маған: «Бұл сөздер сенуге тұрарлық нағыз шындық. Пайғамбарларға өз Рухын дарытқан Құдай Ие қызметшілеріне жуырда болуға тиісті оқиғаларды алдын ала көрсету үшін періштесін жіберді», — деді.

7. (Мәсіх:) «Міне, Мен жуырда келемін! Құдайдың осы кітаптағы хабарларын ұстанатындар бақытты!» — деп ескертті.

8. Мен, Жохан, осыларды естіп, көрдім. Естіп, көріп жатқан кезде мен оларды көрсеткен періштенің аяғына бас ұрмақ болып жығылдым.

9. Алайда ол: «Бұлай істеме! Мен өзіңмен, саған бауырлас пайғамбарлармен және осы кітаптағы сөздерге мойынсұнатындармен бірге қызмет етушімін. Құдайға бас ұрып ғибадат ет!» — деді.

10. Ол маған тағы да: «Құдайдың бұл кітаптағы хабарларын мөрлеп бекітіп, құпия ұстама! Себебі жүзеге асатын уақыты таяп қалды.

11. Әділетсіздер әділетсіз істерін әлі де жасап, арамдар арамдықтарын істей берсін, ал әділдер әділ істерін жалғастырып, қасиеттілер әлі де қасиетті бола берсін», — деді.

12. Иеміз Иса маған тіл қатып: — Тыңда, Мен жуырда келемін! Әркімге ісіне қарай беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келемін.

13. Алғашқы да Соңғы, Бастапқы да Ақырғы, Басы да Аяғы Менмін.

14. Шапандарын таза жуып, осылайша мәңгілік өмір ағашының жемісін жеп, қақпалары арқылы қалаға ену құқығына ие болғандар бақытты!

15. Алайда «иттер» — сиқыршылар, азғындар және кісі өлтіргендер, жалған тәңірлерге құлшылық етіп, жалғандықты ұнатып, соларын жасай беретіндер қала сыртында (яғни тозақта) қалады.

16. Мен, Иса, осы хабарларды қауымдардағы сендерге жеткізу үшін періштемді жібердім. Мен Дәуіт патшаның әулетінен шыққан, «таңғы жарық Жұлдызбын», — деді.

17. Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!

18. Құдайдың осы кітаптағы хабарларын еститіндерге мұқият ескертемін: кімде-кім оған бір нәрсе қосса, соның жазасына Құдай осы кітапта суреттелген пәлелерді қосып береді.

19. Ал кімде-кім Құдайдың хабары жазылған осы кітаптың сөздерінен бір нәрсені алып тастаса, Құдай оның осы кітапта бейнеленген мәңгілік өмір сыйлайтын ағаштан және қасиетті қаладан иемденетін үлесін де алып тастайды.

20. Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!

21. Иеміз Исаның рақымы бәріңе де жауа берсін! Аумин.

About Аян Chapter 22

Read Аян Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Аян
Chapter: 22
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Аян Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Аян Chapter 22?

Аян Chapter 22 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Аян Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from аян

  1. Аян Chapter 2
  2. Аян Chapter 1
  3. Аян Chapter 9
  4. Аян Chapter 7
  5. Аян Chapter 6
  6. Аян Chapter 4
  7. Аян Chapter 11

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Римдіктерге Chapter 13
  2. Лұқа Chapter 22
  3. 2 Петірдің Chapter 1
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 16
  5. Римдіктерге Chapter 15
  6. Марқа Chapter 7
  7. Лұқа Chapter 24

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 17
  2. Забур жырлары Chapter 47
  3. Заңды қайталау Chapter 33
  4. Матай Chapter 26
  5. Даниял Chapter 8
  6. Забур жырлары Chapter 76
  7. Нақыл сөздер Chapter 4
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *