Аян Chapter 6

For English

Read Аян Chapter 6 Online

Read Аян Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Аян 6

Тарау 6

1. Содан кейін мен «Тоқтының» жеті мөрдің біріншісін сындырып ашқанын көрдім. Сол кезде төрт нөкердің біреуінің күннің күркіріндей қатты дауыспен: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім.

2. Қарап қалсам, алдымда ақ боз ат тұр екен. Ат үстіндегі қолына садақ ұстап, басына жеңімпаздың тәжін киіп алыпты. Ол өзінің өктемдігін орнату үшін елдерді жаулап алуға аттанды.

3. Тоқты екінші мөрді сындырып ашқанда, екінші нөкердің де: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім.

4. Сонда оттай қызыл ат шықты. Оған мінгенге адамдар бірін-бірі қырулары үшін жер бетіндегі бейбітшілікті жою билігі беріліп, үлкен семсер табыс етілді.

5. Тоқты үшінші мөрді сындырып ашқанда, үшінші нөкердің де: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім. Қарасам, алдымда қара ат тұр екен. Үстіндегі салт атты қолына таразы ұстапты.

6. Сонда мен нөкерлер жағынан шыққан: «Бір күндік еңбекақыға тек бір қадақ бидай немесе үш қадақ арпа ғана берілмек, ал зәйтүн майы мен шарапты бүлдірме!» — деген дауысты естідім.

7. Тоқты төртінші мөрді сындырып ашқанда, мен төртінші нөкердің де: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім.

8. Қарасам, алдымда сұп-сұр қуқыл ат тұр екен. Оған мінгеннің есімі «Өлім», ал соңынан «О дүние» делінгені еріпті. Осы екеуіне жердің төрттен бір бөлігіне өктемдік құрып, семсер, ашаршылық, індет және жыртқыш аңдар арқылы құрту билігі берілді.

9. Тоқты бесінші мөрді сындырып ашқанда, мен құрбандық үстелінің астыңғы жағынан Құдайдың хабарын жариялап, сенімдеріне адал қалғандары үшін шейіт болғандардың жандарын көрдім.

10. Олар қатты дауыспен: — Уа, киелі де шынайы Билеуші! Қашанғы Сен жер бетіндегі адамдарды соттамай, төккен қанымыздың құнын талап етпей жүресің?» — деген сұрақ қойды.

11. Олардың әрбіреуіне (ақталу белгісі ретінде) ақ шапан жабылып: — Сендер сияқты шейіт болуға тиісті қызметтестерің мен бауырластарыңның саны толық болғанға дейін біраз уақыт тынышталып күте тұрыңдар, — деген жауап берілді.

12. Тоқты алтыншы мөрді сындырып ашқанда қарасам, жер қатты сілкініп, күн қалың қара жамылғымен жабылғандай түнекке, ал ай түгелдей қан қызыл түске айналыпты!

13. Жұлдыздар қатты жел шайқағанда ағаш басынан құлап түсетін, әлі де піспеген інжір жемістеріне ұқсап жерге құлап түсті.

14. Аспан шиыршық кітап іспетті оралып ғайып болды, әрбір тау мен арал да өз орындарынан қозғала жөнелді.

15. Жердегі патшалар, ақсүйектер және байлар, қолбасылар мен күштілер және күллі құл-еріктілер үңгірлерге және таудағы құздардың арасына тығылып қалды.

16. Олар таулар мен құздарға жалбарынып: Үстімізге құлап түсіп, бізді тақта Отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдер!

17. Олардың қаһарын шашатын күні жетті, енді кім соған төзе алады?!» — деді.

About Аян Chapter 6

Read Аян Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Аян
Chapter: 6
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Аян Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Аян Chapter 6?

Аян Chapter 6 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Аян Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from аян

  1. Аян Chapter 2
  2. Аян Chapter 1
  3. Аян Chapter 9
  4. Аян Chapter 7
  5. Аян Chapter 4
  6. Аян Chapter 10
  7. Аян Chapter 11

Explore More from Жаңа өсиет

  1. 1 Жоханның Chapter 4
  2. Елшілердің істері Chapter 21
  3. Матай Chapter 23
  4. Марқа Chapter 4
  5. 1 Петірдің Chapter 5
  6. 2 Тімотеге Chapter 2
  7. Матай Chapter 6

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 18
  2. Билер Chapter 4
  3. Ишая Chapter 48
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 18
  5. Елшілердің істері Chapter 17
  6. Езекиел Chapter 43
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 4
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *