1 Қорынттықтарга Chapter 10

For English

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 10 Online

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

1 Қорынттықтарга 10

Тарау 10

1. Бауырластарым, сендерді төмендегілер туралы хабарсыз қалдырғым келмейді: халқымыздың күллі ата-бабалары Мысырдан шыққан кезде нұрлы бұлттың жетелеуімен жүріп, бәрі де теңізден өтіп шығып, Тәңір Иенің құдіретін көрді.

2. Олардың барлығы да Мұсаның соңынан ергендер ретінде бұлтта және теңізде шомылдыру рәсімінен өткендей болды.

3. Барлығы да Құдай кереметпен берген бірдей тағам жеп,

4. бірдей сусын ішті. Себебі олар Құдай қамтамасыз етіп, өздерімен бірге жүріп отырған «жартастан» сусындайтын. Ал ол «жартас» Мәсіхтің Өзі болатын.

5. Алайда олардың басым көпшілігі Құдайға жақпай, айдалада құрып кетті.

6. Міне, осы оқиғалар бізді ата-бабаларымыздай жамандыққа құмар болудан сақтандырып, үлгі болып тұр:

7. солардың кейбіреулері іспетті жалған тәңірге құлшылық етпеңдер! Бұл туралы (Тауратта): «халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды» деп жазылған.

8. Ата-бабаларымыздың кейбіреулері секілді азғындыққа түспейік! Сол кінәлары үшін олардың жиырма үш мыңы бір күнде өлді.

9. Солардың тағы кейбіреулеріндей Иеміз Мәсіхтің төзімділігін еркінсіп сынамайық! Жыландар оларды сол үшін шағып өлтірді.

10. Кейбіреулері сияқты Құдайға қарсы күңкілдей бермеңдер! Соның жазасы ретінде қырып-жоюшы періште оларды өлтіріп кетті.

11. Ата-бабаларымыздың бастарынан кешкендері өзгелерге үлгі болып, бізге ескерту ретінде жазылып қалдырылды. Себебі осы заманның соңғы кезеңінде өмір сүрудеміз.

12. Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын!

13. Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.

14. Сондықтан, сүйікті бауырластарым, жалған тәңірлерге құлшылық етуден аулақ жүріңдер!

15. Енді айтатынымды парасаттылар ретінде пайымдап, ақылға салыңдар.

16. Біз Иеміздің құрбандығын еске алып «шүкірлік тостағанынан» ішкенде, Мәсіхтің төгілген қанының игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз, солай емес пе? Нанды үзіп жегенде, құрбан болған Мәсіхтің денесінің игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз емес пе?

17. Нан біреу болғандай, біз — көпшілік те біртұтас рухани денеміз. Себебі бәріміздің жейтініміз бір нан.

18. Исраил халқының ескі дәстүріне назар аударыңдар: құрбандықтан жегендер құрбандық үстелімен байланыста емес пе?

19. Осылай дегенде «расында тәңірлер бар, оларға арналған құрбандықтардың шынайы мәні де бар» деп айтпақпын ба?

20. Жоқ, олай емес. Алайда басқа ұлт адамдары сол құрбандықтарын Құдайға емес, жындарға бағыштайды. Ал сендердің жындармен байланыста болғандарыңды қаламаймын.

21. Иеміздің де, жындардың да тостағандарынан бірдей іше алмайсыңдар! Сол сияқты, Иеміздің және жындардың да дастарқандарына бірдей қатысуларыңа болмайды!

22. Әлде Иеміздің қызғанышын қоздырып, өзімізді Одан күштірекпіз деп ойлаймыз ба?

23. «Бәрін істеуге болады», — дейсіңдер. Бірақ бәрі бірдей тиімді емес. «Бәрін істеуге болады». — Бірақ бәрі бірдей сенімдеріңді жетілдірмейді.

24. Әркім жеке басының емес, басқаның мүддесін ойлауы керек.

25. Базарда сатылатын еттің бәрін құрбандыққа шалынғандығы жайлы еш сұрақ қоймай ар-ұждан алдында қысылмай-ақ, жеулеріңе болады.

26. Себебі «жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі».

27. Сол сияқты, егер Құдайға сенбейтін біреу дәмге шақырып, онысын құп алсаңдар, онда еш сұрақ қоймай ар-ұждан алдында қысылмай-ақ, жей беріңдер.

28. Дегенмен, егер қайсыбіреу сендерге: «Бұл — бір тәңірге арналған құрбандықтың еті», — десе, осыны айтқан адамға бола әрі ар-ұжданға бола сол етті жемеңдер.

29. Мұнда сендердің емес, сол кісінің ар-ұжданын айтып тұрмын. Ал басқа біреудің ар-ұжданы менің еркіндігіме төрелік ете ала ма?

30. Мен шүкірлік етіп, дәм татсам, қалайша басқа біреу мені шүкірлік еткен тағамыма бола даттамақшы?

31. Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!

32. Яһудилердің де, басқа ұлт адамдарының да, Құдайдың қауымының да сенімдеріне нұқсан келтірмеңдер!

33. Мен де бәріне қай жағынан да ұнамды болуға тырысып, жеке басымның емес, көпшіліктің мүдделерін ойлаймын. Мұны олардың құтқарылуы үшін істеймін.

About 1 Қорынттықтарга Chapter 10

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 1 Қорынттықтарга
Chapter: 10
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 1 Қорынттықтарга Chapter 10 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 1 Қорынттықтарга Chapter 10?

1 Қорынттықтарга Chapter 10 is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 1 Қорынттықтарга Chapter 10 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 1-қорынттықтарга

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 7
  2. 1 Қорынттықтарга Chapter 15
  3. 1 Қорынттықтарга Chapter 12
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 3
  5. 1 Қорынттықтарга Chapter 2
  6. 1 Қорынттықтарга Chapter 16
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 14

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Матай Chapter 27
  2. Римдіктерге Chapter 5
  3. Матай Chapter 23
  4. Жохан Chapter 20
  5. Елшілердің істері Chapter 25
  6. Елшілердің істері Chapter 5
  7. 1 Жоханның Chapter 4

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 11
  2. Леуіліктер Chapter 21
  3. Нақыл сөздер Chapter 5
  4. Ишая Chapter 15
  5. Забур жырлары Chapter 139
  6. Мысырдан шығу Chapter 21
  7. Елшілердің істері Chapter 27
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *