Аян Chapter 9

For English

Read Аян Chapter 9 Online

Read Аян Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Аян 9

Тарау 9

1. Бесінші періште кернейлеткенде, көктен жерге құлап түскен «жұлдызды» көрдім. Оған (жындар тұратын) терең тұңғиық көзінің кілті берілді.

2. Жұлдыз тұңғиықтың қақпасын ашқанда, одан үлкен пештен шыққандай қою түтін шығып, содан күн көзі де, ауа да қараңғыланып кетті.

3. Түтіннен «шегірткелер» шығып, жерге қонды. Оларға жердегі шаяндар іспетті (залал тигізу) күші беріліп,

4. тек маңдайларында Құдайдың таңбасы жоқ адамдарды ғана жәбірлеу бұйырылды. Ал оларға көк шөпке, басқа да ешқандай өсімдіктер мен ағаштарға зақым келтіруге рұқсат берілмеді.

5. Сол «шегірткелердің» бұл адамдарды өлтірмей, тек бес ай бойы азаптау еркі ғана болды. Олардың шаққаны адамды улы шаянның шаққанындай азаптап қинайды.

6. Осы бес ай ішінде адамдар өлгілері келсе де, өле алмайды. Олар өлуді қаншама аңсағанмен, ажал олардан қашып кететін болады.

7. Шегірткелер ұрысқа дайын аттардай көрінді. Бастарына алтын тәж секілді бір нәрсе киіп, бет пішіндері адамға ұқсас болды.

8. Олардың шаштары әйелдердің шаштарындай, тістері арыстанның тістеріндей,

9. ал кигендері темір сауытқа ұқсас екен. Қанаттарынан шыққан шуы ұрысқа шапқан ат жеккен сансыз күймелердің дөңгелектерінің дыбысындай еді.

10. Шегірткелердің шаяндікі сияқты құйрықтары мен улы тістері бар екен; оларға бес ай бойы адамдарды шағу еркі берілді.

11. Тұңғиықтың періштесі шегірткелердің үстерінен патшадай билік жүргізеді екен. Оның еврейше, грекше аттарының мағынасы — «Құртушы».

12. Бір қасірет өтті, енді, міне, тағы екеуі төніп келеді!

13. Алтыншы періште кернейлеткен кезде Құдай алдында тұрған, алтын жалатқан түтету үстелінің төрт бұрышындағы мүйіздерінен шыққан бір дауысты естідім.

14. Сол дауыс кернейі бар алтыншы періштеге: «Ұлы Евфрат өзенінің жағасында байлаулы жатқан төрт хабаршыны босат!» — деп бұйырды.

15. Сонда дәл осы сағат, осы күн, осы ай, осы жылда (күнәкар) адамдардың үштен бірін өлтіруге дайындалған төрт хабаршы босатылып жіберілді.

16. Олардың атты әскерінің санын естідім: екі жүз миллион шамасында еді.

17. Мен осы аянда көрген аттар мен салт аттылардың сырт көрінісі мынадай: үстерінде оттай қызыл, қара көк және күкірттей сары түсті қалқандары бар еді. Аттардың бастары арыстандікіне ұқсап, ал ауыздарынан от-жалын, түтін және күкірт шығып жатты.

18. Адамзаттың үштен бірі аттардың ауыздарынан шыққан осы үш пәледен: от-жалын, түтін және күкірттен қырылып қалды.

19. Аттардың күштері ауыздарында да, құйрықтарында да бар еді. Себебі құйрықтары адамды шағып зақымдайтын басы бар жыландарға ұқсайтын.

20. Алайда сол пәлелерден өлмей, аман қалған адамдар өз қылықтарына өкініп, бас тарта қоймады. Олар өздерінің жын-перілерге және алтын, күміс, мыс, тас немесе ағаштан жасалған мүсіндерге табынып келгендеріне опық жеп, тәубеге келмеді. Ал сол мүсіндер не көре, не ести, не жүре алмайды ғой.

21. Сонымен қатар адамдар өздерінің кісі өлтіріп, сиқыршылықпен айналысып, азғындыққа салынып, ұрлық жасап күнәға батқандарынан да қайтпады.

About Аян Chapter 9

Read Аян Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Аян
Chapter: 9
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Аян Chapter 9 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Аян Chapter 9?

Аян Chapter 9 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Аян Chapter 9 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from аян

  1. Аян Chapter 1
  2. Аян Chapter 2
  3. Аян Chapter 4
  4. Аян Chapter 11
  5. Аян Chapter 6
  6. Аян Chapter 12
  7. Аян Chapter 7

Explore More from Жаңа өсиет

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 7
  2. Лұқа Chapter 24
  3. Аян Chapter 14
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 13
  5. 1 Тімотеге Chapter 4
  6. Жохан Chapter 14
  7. Марқа Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 29
  2. Елшілердің істері Chapter 6
  3. Руларды санау Chapter 15
  4. Жоел Chapter 2
  5. Ишая Chapter 62
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 10
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 16
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *