Аян Chapter 1

For English

Read Аян Chapter 1 Online

Read Аян Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Аян 1

Тарау 1

1. Бұл — Иса Мәсіхтің көрініп, Құдайдың құпия жоспарын ашып, аян бергені туралы жазба. Құдай жақын арада болуға тиісті оқиғаларды өз қызметшілеріне көрсету үшін осы аянды Иса Мәсіхке тапсырды. Ол соларды қызметшісі Жоханға періштесін жіберіп білдірді.

2. Ал Жохан көргендерінің бәрін: Құдайдың хабарын және Иса Мәсіхтің аян еткендерін баяндап берді.

3. Осы пайғамбарлық хабардың сөздерін оқып беретіндер де, оларды тыңдап, жазылғандарды ұстанатындар да бақытты! Себебі бұлардың іске асатын уақыты таяп қалды.

4. Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы

5. және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі. Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты,

6. һәм бізді өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды. Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек! Аумин.

7. Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді! Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді, Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді, Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді. Иә, ол солай болады да! Аумин.

8. Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.

9. Мен, Жохан, сендердің бауырластарыңмын және Иса Мәсіхке бола азап шегіп, Оның Патшалығына қызмет етіп, қайта оралуын төзімділікпен күтудегі серіктестеріңмін. Құдайдың сөзін және Иса Мәсіхтің шынайы хабарын уағыздағаным үшін Патмос аралында тұрдым.

10. Иемізге бағышталған жексенбі күні мен Киелі Рухқа ерекше бөленіп, арт жағымнан керней үні сияқты қатты дауыс естідім.

11. Сол дауыс былай деді: «Көргендеріңді шиыршық кітапқа жазып, мына жеті қаладағы сенушілер қауымдарына салып жібер: Ефес, Ізмір, Перғам, Тиятир, Сард, Філаделфи және Лаудіки».

12. Мен кімнің сөйлеп тұрғанын көру үшін жалт бұрылдым. Бұрылып қарағанда жеті алтын шам қойғышты көрдім.

13. Олардың арасында адам баласына ұқсас Біреу тұр екен. Ол етегі аяғына дейін жететін ұзын шапан киіп, кеудесіне алтын аспа бау таққан еді.

14. Оның басындағы шашы ақ мамықтай әрі қардай аппақ, ал көздері оттай жалындап жатты.

15. Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтырап, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді.

16. Оның оң қолында ұстаған жеті жұлдызы бар екен. Аузынан екі жүзі де өткір семсер шығып, беті тал түстегі күндей нұрын төгіп тұрды.

17. Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын

18. әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.

19. Көргендеріңді, қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!

20. Сен Менің оң қолымнан көріп тұрған жеті жұлдыздың және жеті алтын шам қойғыштың құпия мағынасы мынау: жеті жұлдыз — жеті қауымның періштелерін, ал жеті шам қойғыш — жеті қауымды білдіреді.

About Аян Chapter 1

Read Аян Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Аян
Chapter: 1
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Аян Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Аян Chapter 1?

Аян Chapter 1 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Аян Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from аян

  1. Аян Chapter 4
  2. Аян Chapter 11
  3. Аян Chapter 6
  4. Аян Chapter 2
  5. Аян Chapter 12
  6. Аян Chapter 9
  7. Аян Chapter 7

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 15
  2. Лұқа Chapter 1
  3. Матай Chapter 9
  4. Елшілердің істері Chapter 18
  5. Елшілердің істері Chapter 27
  6. Аян Chapter 7
  7. Марқа Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 4
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 13
  3. Заңды қайталау Chapter 8
  4. Билер Chapter 8
  5. Естер Chapter 3
  6. Амос Chapter 2
  7. Билер Chapter 6
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *