Read Марқа Chapter 7 Online
Read Марқа Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Марқа in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Марқа and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Марқа 7
Тарау 7
1. Бірде парызшылдар және Иерусалимнен келген бірнеше дін мұғалімдері Исаның қасына жиналған еді.
2. Олар Оның кейбір шәкірттерінің діни қол жуу рәсімін орындамай нан жеп отырғандарын байқады.
3. Ал парызшылдар, тіпті яһудилердің бәрі дерлік, ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыпқа сай қол жуу рәсімін ұқыптылықпен орындамай тамақ ішпейтін.
4. Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын.
5. Сондықтан парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаға: — Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге сай істемейді? — деген сұрақ қойды. — Олар қол жуу рәсімін орындамай-ақ тамақтана береді екен!
6. Исаның жауабы мынау болды: — Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ.
7. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құр босқа құрметтегенсиді!»
8. Себебі сендер Құдайдың өсиеттерінен бас тартып, адам ойынан туған дәстүрлерді ұстанып жүрсіңдер, — деді.
9. Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты: — Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?!
10. Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.
11. Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер.
12. Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер.
13. Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар! Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер.
14. Иса жиналған халықты қайтадан қасына шақырып алды да, оларға былай деді: — Бәрің де сөзіме құлақ салып, мынаны жақсылап ұғып алыңдар:
15. адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!)
17. Иса халықтың қасынан кетіп, бір үйге кіргеннен кейін, шәкірттері жаңағы астарлап айтқандарының мәнісін сұрады.
18. — Сендер де айтқандарымды әлі түсінбей тұрсыңдар ма? — деп жауап берді Иса. — Бойына сырттан енген тағамдар адамды арамдай алмайды. Мұны шынымен ұқпайсыңдар ма?
19. Себебі олар жүрекке емес, тек асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді. — Осылай Иса барлық тағамдардың да адал екенін айтты.
20. Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары!
21. Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру,
22. ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық.
23. Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды.
24. Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей, бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады.
25. Себебі Оның келгені туралы естіген бір әйел дереу жақындап, аяғына жығылып тағзым етті.
26. Әйел Исраил халқынан емес, (Құдайға сенбейтін) Сириядағы Финикия өлкесінен болатын. Оның жын соққан жас қызы бар еді. Әйел Исадан қызындағы жынды қуып шығаруын сұрады.
27. Бірақ Иса оған: — Алдымен «балалар» жеп тойсын: «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді. Әйел:
28. — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де сәбилердің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой? — деп жауап берді.
29. Сонда Иса: — Мұны дәл айттың. Сол үшін үйіңе қайта бер, жын қызыңның бойынан шығып кетті, — деді.
30. Әйел үйіне қайта оралған соң, қызының жынынан арылып, төсекте тыныш жатқанын көрді.
31. Иса Тирден кетіп, Сидон арқылы Ғалилея көліне оралып, Онқала аймағына барды.
32. Сол жерде адамдар Исаға саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді. Олар Исадан оның үстіне қолын қойып бата беруін өтінді.
33. Иса сол кісіні көпшіліктен былайырақ алып шығып, екі саусағын оның құлақтарына тықты. Бұдан кейін түкіріп тастап, қолын кемтар адамның тіліне тигізді,
34. әрі көкке қарап күрсініп, оған: «Еффата!» яғни «Ашыл!» — деді.
35. Сол сәтте-ақ адамның құлақтары ашылды және тілінің байлауы шешіліп, айқын сөйлеп кетті!
36. Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады.
37. Олар әбден қайран қалып: «Ол істеген әр нәрсе де керемет жақсы! Тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қылады!» — деп таңғалысты.
About Марқа Chapter 7
Read Марқа Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Марқа in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Марқа
Chapter: 7
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Марқа. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Марқа Chapter 7 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Марқа Chapter 7?
Марқа Chapter 7 is part of the Book of Марқа in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Марқа Chapter 7 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 3
- Жохан Chapter 5
Explore More from марқа
- Марқа Chapter 2
- Марқа Chapter 9
- Марқа Chapter 5
- Марқа Chapter 11
- Марқа Chapter 8
- Марқа Chapter 15
- Марқа Chapter 1