Read Шежірелер 1-ж Chapter 24 Online
Read Шежірелер 1-ж Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Шежірелер 1-ж 24
Тарау 24
1. Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар.
2. Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды.
3. Дәуіт патша Елазардың ұрпағы Садықтың және Ітамардың ұрпағы Ахимәліктің көмегімен діни қызметкерлерді міндеттерін атқаратын кезектері бойынша топтарға бөлді.
4. Ітамардың ұрпақтарына қарағанда Елазардың ұрпақтарында әулет басшылары көбірек болды. Сондықтан Елазардың ұрпақтары он алты топқа, ал Ітамардың ұрпақтары сегіз топқа бөлінді.
5. Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды.
6. Леуілік хатшы Нетанел ұлы Шемаях жеребенің кімге түскенін патшаның, діни қызметкер Садықтың, Абиятар ұлы Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының көздерінше ресми тізімге жазып алып отырды. Жеребе бір болып түссе Елазардың, екі болып түссе Ітамардың әулеті алынып отырды.
7. Жеребелер мына ретпен түсті: біріншісі Ехоярипке, екіншісі Едаяхқа,
8. үшіншісі Харымға, төртіншісі Сеоримге,
9. бесіншісі Малқияхқа, алтыншысы Мияминге,
10. жетіншісі Хақосқа, сегізіншісі Абияхқа,
11. тоғызыншысы Ешуаға, оныншысы Шеханияхқа,
12. он біріншісі Елияшипке, он екіншісі Жәкімге,
13. он үшіншісі Хупаға, он төртіншісі Ешебапқа,
14. он бесіншісі Билғаға, он алтыншысы Имерге,
15. он жетіншісі Хезирге, он сегізіншісі Гаписеске,
16. он тоғызыншысы Петахияхқа, жиырмасыншысы Ехезкелге,
17. жиырма біріншісі Яхинге, жиырма екіншісі Ғамулға,
18. жиырма үшіншісі Делаяхқа, ал жиырма төртіншісі Мағазияхқа түсті.
19. Исраилдің Құдай Иесі ежелде олардың түп аталары Һаронға Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет ету тәртібін бұйырған болатын. Енді діни қызметкерлер сол тәртіп бойынша кезекпен киелі үйге кіріп, міндеттерін атқаратын болды.
20. Леуіліктердің өзге әулет басшылары мыналар болды: Ымрамның ұрпақтарынан Шебуил, ал оның ұлдарынан Едиях шыққан еді.
21. Рехабияхтың ұлдарының тұңғышы Ишиях болды.
22. Ысқардың ұрпақтарынан Шеломит, ал Шеломиттің ұрпақтарынан Яхат шықты.
23. Хебронның ұрпақтарынан тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам әулет басшылары болды.
24. Ұзиелдің ұрпақтарынан Миха, ал Миханың ұрпақтарынан Шамир есімді әулет басшылары болды.
25. Миханың інісі Ишиях, ал Ишияхтың ұрпақтарынан Зәкәрия әулет басшысы еді.
26. Мераридің ұрпақтарынан Мәхли мен Мұши, әрі Язияхтың ұрпақтарынан Бено әулет басшылары болды.
27. Мерариден Язиях арқылы тараған ұрпақтарынан Бено, Шоһам, Зақур, Ибри әулет басшылары болатын.
28. Мәхлиден Елазар тарады, ал оның ұлдары болмады.
29. (Мәхли ұлы) Қиштан өз ұлдары арқылы Ерахмел тарады.
30. Мұшидың ұлдары: Мәхли, Едер, Еремот. Есімдері әулеттеріне сәйкес келтірілген леуіліктер осылар.
31. Өздерімен рулас діни қызметкерлер сияқты, олар да жеребе тастап, қызметтеріне тағайындалып отырды. Сонда осы әулеттердің шыққан түп аталарының жасы үлкен-кішілігіне көңіл бөлінген жоқ. Жеребе Дәуіт патшаның, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының алдында тасталды.
About Шежірелер 1-ж Chapter 24
Read Шежірелер 1-ж Chapter 24 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 24
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 24 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Шежірелер 1-ж Chapter 24?
Шежірелер 1-ж Chapter 24 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 24 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from шежірелер-1-ж
- Шежірелер 1-ж Chapter 23
- Шежірелер 1-ж Chapter 10
- Шежірелер 1-ж Chapter 20
- Шежірелер 1-ж Chapter 11
- Шежірелер 1-ж Chapter 1
- Шежірелер 1-ж Chapter 28
- Шежірелер 1-ж Chapter 18