Шежірелер 1-ж Chapter 18

For English

Read Шежірелер 1-ж Chapter 18 Online

Read Шежірелер 1-ж Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 1-ж 18

Тарау 18

1. Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол Ғат қаласы мен оған қарасты елді мекендерді філістірлердің қолынан тартып алды.

2. Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Енді олар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды.

3. Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін бекітуге аттанғанда, Соба елінің патшасы Ададәзерге Хаматқа дейін шабуыл жасап, оны жеңіп шықты.

4. Сонда Дәуіт оның мың соғыс күймесін, жеті мың аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқыларының тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.

5. Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік арамалықтар көмекке келген кезде, Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды.

6. Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.

7. Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді.

8. Ададәзердің қол астындағы Тебах пен Қун қалаларынан Дәуіт көп мөлшерде қола олжалап алды. Сол қоладан кейінірек Сүлеймен ғибадатханадағы «теңіз» деп аталған дәу қазанды, бағаналарды және түрлі қола бұйымдарды жасатты.

9. Хамат елінің патшасы Тоу Дәуіттің Соба патшасы Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естіді.

10. Сонда ол өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке алтын, күміс, қоладан жасалған әр түрлі бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты.

11. Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: Едом, Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктерден алынған күміс пен алтынды да осылай Жаратқан Иеге арнаған еді.

12. Сарұяның ұлы Әбішай Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты жеңіп шықты.

13. Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.

14. Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды.

15. Сарұяның ұлы Жоғаб — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Жосапат — уәзір әрі жылнамашы,

16. Ахитұб ұлы Садық пен Абиятар ұлы Ахимәлік — діни қызметкерлер, Серая — хатшы,

17. әрі Еходай ұлы Бенаях кереттік және пелеттік ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды.

About Шежірелер 1-ж Chapter 18

Read Шежірелер 1-ж Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 18
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 1-ж Chapter 18?

Шежірелер 1-ж Chapter 18 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from шежірелер-1-ж

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 19
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 22
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 23
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 2
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 11
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 26
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 5
  2. Марқа Chapter 11
  3. Лұқа Chapter 5
  4. Руларды санау Chapter 12
  5. Патшалықтар 4-ж Chapter 13
  6. Ишая Chapter 2
  7. Әйүп Chapter 40
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *