Шежірелер 1-ж Chapter 19

For English

Read Шежірелер 1-ж Chapter 19 Online

Read Шежірелер 1-ж Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 1-ж 19

Тарау 19

1. Біраз уақыт өткеннен кейін Аммон халқының патшасы Нахаш қайтыс болып, оның ұлы Анон орнын басып патшалық құрды.

2. Дәуіт: «Әкесі Нахаш маған жақсылық жасағандықтан, мен де оның ұлы Анонға жақсылық жасаймын», — деп шешті. Содан ол әкесінің қазасына көңіл айту үшін Анонға елшілерін жіберді. Бірақ олар Аммон еліне жеткенде,

3. аммондық әміршілердің бірқатары Анон патшаға: «Дәуіт мына елшілерді шынымен көңіл айтып, әкеңізге құрмет көрсету үшін жіберіп отыр деп ойлайсыз ба? Керісінше, олар қаланы барлап, жақсылап біліп алу үшін келіп отыр емес пе? Ал кейінірек Дәуіттің өзі әскерімен келіп, астан-кестенін шығармақ!» — деп күдік білдірді.

4. Сонда Анон Дәуіттің қызметкерлерін тұтқындады. Олардың сақалдарын қырқып, шапандарын белдеріне дейін қысқартып қиып тастап, кері қайтарып жіберді.

5. Осы хабар Дәуіттің құлағына жеткенде, ол қатты масқараланған елшілерінің алдарынан хабаршыларын жіберіп, оларға: «Сақалдарың өскенше Иерихонда қала тұрыңдар! Содан кейін қайтып келерсіңдер!» — дегенді айтқызды.

6. Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан Анон патша және Аммон халқы солтүстік-батыс Месопотамиядан, Арамадағы Маха мен Соба қалаларынан соғыс күймелері мен атты әскерді жалдап алу үшін, соларға мың ат басындай күміс жіберді.

7. Осылай аммондықтар отыз екі мың соғыс күймесін, Маханың патшасы мен оның әскерін де жалдап алды. Солар Медеба қаласының маңына аттанып келіп, сонда аялдады. Аммондықтар да өз қалаларынан шығып, шайқасуға жиналды.

8. Дәуіт бұл туралы хабар алғанда, оларға қарсы Жоғабтың басшылығындағы батыл да мықты сарбаздардан құралған бүкіл жасағын аттандырды.

9. Аммондықтар астаналарынан шығып, қала қақпасының жанында шайқасқа дайындалып сап түзеді. Көмекке келген басқа патшалардың жасақтары далада бөлек тұрды.

10. Жоғаб өз жасағының екі жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келіп тұрғанын байқаған соң, бүкіл Исраилдің таңдаулы сарбаздарын іріктеп алып, арамалықтарға қарсы сапқа тұрғызды,

11. ал жасақтың қалған бөлігін аммондықтарға қарсы бастап шығуды өзінің туған інісі Әбішайдың қолына тапсырды.

12. Оған былай деп бұйырған болатын: «Егер арамалықтар маған тым қатты қысым көрсете бастаса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сені тықсырып бара жатса, мен саған көмекке барамын.

13. Батыл бол! Халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін мызғымай берік тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын істесін!»

14. Жоғаб пен оның сарбаздары арамалықтарға тап бергенде олар қаша жөнелді.

15. Олардың қашқанын көрген аммондықтар да Жоғабтың інісі Әбішай бастаған жасақтан шегіне қашып, қалаға кіріп кетті. Содан кейін Жоғаб Иерусалимге қайта оралды.

16. Арамалықтар өздерінің исраилдіктерден жеңілгенін көріп, Евфрат өзенінің ар жағына елшілерін жұмсап, онда тұратын арамалық жасақшыларды шақырды. Олар жетіп, (Соба патшасы) Ададәзердің әскербасы Шобақтың қол астына кірді.

17. Дәуіт бұл туралы біле сала, Исраилдің бүкіл жасағын жинап алып, Иордан өзенін кесіп өтті. Дәуіт оларға қарсы жасағын сапқа тұрғызғанда арамалықтар оның сарбаздарына лап қойды.

18. Бірақ олар қайтадан Исраилдің жасағынан шегініп, қаша жөнелді. Дәуіттің сарбаздары олардың жеті мың соғыс күймесінің айдаушыларын және қырық мың жаяу жасақшысын мерт қылып, арамалық қолбасшы Шобақтың өзін де өлтірді.

19. Ададәзерге бағынышты патшалар өздерінің Исраилден жеңілгендерін көргенде, Дәуітпен бітім жасасып, оған бағынатын болды. Арамалықтар енді қайтып аммондықтарға көмектесуден бас тартты.

About Шежірелер 1-ж Chapter 19

Read Шежірелер 1-ж Chapter 19 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 19
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 19 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 1-ж Chapter 19?

Шежірелер 1-ж Chapter 19 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 19 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from шежірелер-1-ж

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 10
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 24
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 27
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 5
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 13
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 1
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 20

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 9
  2. Әйүп Chapter 38
  3. Забур жырлары Chapter 121
  4. Еремия Chapter 51
  5. Лұқа Chapter 11
  6. Мысырдан шығу Chapter 14
  7. Забур жырлары Chapter 104
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *